Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі: Каримжанова Г.М.
Сабақтың тақырыбы: Отаншылдық – ұлы қасиет
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Сөйлем мүшелері туралы білімдерін кеңейту, сөздік қорларын молайту
Дамытушылық: Мәтінмен жұмыс істеуде әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануды дамыту
Тәрбиелік: Отанға, тарихқа сүйіспеншілік, патриоттық сезімдерін ояту.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сыни тұрғыдан ойлау, өзін-өзі тану
Пәнаралық байланыс: әдебиет, информатика, тарих
Сабақтың көрнекілігі: ақпараттық технологиямен қамту, видео-аудио материалдары
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Шаттық шеңбері:
— Балалар бүгінгі көктемнің тамаша күні мен мектепке келе жатып, өзімнің туған жерім, туған ауылымды есіме алдым. Онда тұратын ата-анам, туыс-бауырларым маған өте қымбат. Сендер өздеріңнің туған жерлерің, жанұяларың туралы не айта аласыңдар? (Оқушылар жауабы)
— Ендеше бәріміздің де Отанымыз, туған жеріміз – Қазақстан. Біз өз Отанымызды құрметтейміз. Барлығы да Отаннан патриоттық сезімге ұштасады.
— Бүгінгі біздің сабағымыз «Отаншылдық – ұлы қасиет» деп аталады.
ІІ. Мәтінді тыңдау (аудирование)
Мәтінді кезекпен дауыстап оқу.
Сұрақтарға жауап беру.
Мәтіннің мазмұнын орысша, қазақша әңгімелеу
ІІІ. Мәтіндегі әрбір абзацтан тірек сөздерді табу.
Отансүйгіштік
Отаншылдық, ата-ана
Құрмет
Намыс
1-тапсырма
Намыс сөзімен түбірлес сөздерді тауып жазыңдар.
Намысшыл, намысты, намысқор, намысқой, намыссыз, намыскер, намыстан
2-тапсырма
3 абзацтағы «Құрмет» тірек сөзімен “Дыбыстан сөз – сөйлем, мағына” тапсырмасы
3-тапсырма.
Екінші абзацтағы «Отаншылдық, ата-ана» тірек сөздерін пайдаланып, шартты белгілер бойынша сөйлем құра:
1
2.
Жауабы:
1. Отаншылдық өз үйіңнен басталады.
2. Ер жігіттің елі – ата-анасы.
4-тапсырма.
1 абзацтағы «Отансүйгіштік» тірек сөзін пайдаланып, «Тор көз» сызбасын толтырамыз.
5-тапсырма.
Осы тордағы сөздердің көмегімен деңгейлік тапсырма орындау.
ІІІ – деңгей. Сөйлем құра
ІІ – деңгей. 5 жолды өлең құра
І – деңгей. Эссе жазу «Отаныңды сүйетіндігіңді сөзбен емес, іспен дәлелде». (Экранда Қазақстан туралы видеофильм, музыка әуенімен)
Сабақты бекіту: «Жүректен-жүрекке»
Бағалау.
Үйге тапсырма. Отаншылдық туралы мақал-мәтелдер сайысына дайындалып келу, сөйлем мүшелерін қайталау