Басы » Бастауыш сыныптар » Отбасы берекесі

Отбасы берекесі

НабатОҚО,Созақ ауданы
Таукент ауылы
Сүгір Әліұлы атындағы жалпы орта мектебі
Молдабекова Набат Тоқтарбайқызы
Сабақтың тақырыбы:   Отбасы берекесі
Сабақтың мақсаты:
1.Оқушылардың отбасы туралы түсініктерін кеңейту.
2.Сын тұрғысынан ойлауын дамыту.
3.Топпен жұмыс жасай білу дағдыларын қалыптастыру.
4.Шығармашылық қабілеттерін арттыру.
Олардың сөздік қорын молайту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, таным белсенділігін арттыру.
5.Отбасын сүюге, отбасы мүшелері арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым-қатынаста тәрбиелеу.
Дерек көзі: оқулық, сабақ жоспары
Күтілетін нәтиже:
*Отбасы туралы кеңінен біледі.
*Отбасының негізгі міндеттерін айтады.
*Кішілердің үлкендерді құрметтеу керектігін түсінеді.
* ҚР  27 бабындағы отбасы туралы ережелерімен танысады.
* Қазақстандағы  «Отбасы күнін» еске сақтайды.
Негізгі идея: Отбасы туралы білім қалыптастыру.
Тапсырмалар:
1.Сурет арқылы топтарға бөліну.
2.Постер құру.
3.Семантикалық картамен жұмыс.
4. Мен үлкейгенде …
Әдіс-тәсілдері: топтық, ұжымдық,өзіндік жұмыс, СТО, Джиг-со, сұрақ-жауап, көшбасшылық және басқару, іздену, оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдер, критерий арқылы бағалау.

 Көрнекілігі: суреттер,пікір ағашы, семантикалық карта, парақшалар, стикерлер.

 

Сабақтың кезеңдері             Мұғалімнің әрекеті   Оқушының әрекеті
І Ұйымдастыру Ынтымақтастық атмосферасын құру 1.Сәлемдесу, зейіндерін сабаққа аудару.

Психологиялық дайындық.

Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де.

Қуанайық достарым,

Арайлап атқан күнге.

Бәріміз алақанымыздан жылу сезіндік,енді жылы лебіз тілейік.

1-топ-ақылды болайық.

2-топ-тәрбиелі болайық.

3-топ-білімді болайық.

4-топ-дарынды болайық.

 

 

 

 

 

Оқушылар бір-біріне сәттіліктер тілейді.

ІІ Сыныпты топтарға бөлу Жануарлар суреті арқылы сынып  4 топқа бөлінеді.

Топтың аты сақталады,бірақ оқушылар басқа орындарға жайғасады. Топ басшысы сайланып,оларға жауапты болғандары үшін бастарына тәж кигізіледі.

Оқушылар сурет бойынша көрсетілген партаға орналасады.
ІІІ Үй жұмысын тексеру. 1.Мазмұндау.

2.Мұғалім топтарға парақшалар арқылы сұрақ береді.

3.Топтар  бір-біріне сұрақ береді.

4.Семантикалық картамен өздік  жұмыс жасайды.

Оқушылар үй тапсырмасынан түсінгендерін айтады. Топ бойынша сұрақтарға жауап береді.
ІV Қызығушылығын ояту

 

Постер құру.

 

 


Әр топ өз жұмыстарын ортада қорғайды.
V Ой қозғау -Балалар, біз отбасы туралы өз білімімізді көрсеттік.

Олай болса, үйлеріңде отбасын кім басқарады?

Оқушылар өз ойларын айтады.
Мағынаны тану Оқулықтағы мәтінді топтарға бөліп оқытамын.

Мәтінге қосымша түсіндірмелер бере отырып, Қазақстанда  «Отбасы күні» болып  2013 жылдың 8 қыркүйегінде алғаш рет атап өтілгенін, жылда қыркүйек айының екінші жексенбісі қазақстандық отбасыларға мереке ретінде қаралып отырғандығын айтамын.

Әр топ өзіне берілген мәтіннің бөлігінен түсінгендерін ортаға салады.
VІІ Сергіту сәті     Күн жарығын алақанға саламын,

Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік,жарық,мейірімді,

Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

Оқушылар хормен,қимылмен айтады.
 

VІІІ

 

Ой толғаныс

  1. «Жалғасын тап» ойыны.
  2. Бес жолды өлең. «Ана туралы»

2.Мен үлкейгенде…

Егер мен …

 

Оқушылар армандайды.

ІХ Бағалау 1.Топ басшысы бағалайды.

2. Әженің сандығындағы сыйлықтарды үлестіру.

 

Х Рефлексия Саған сабақ ұнады ма, несімен?… … …

Неге қызықтың?

Білім ағашына пікір жазып гүлдендіру.

Оқушылар өз дерінің жазғандарын оқып білім ағашына іледі.
 

ХІ

Үйге тапсырма Үйде мазмұндау.

1-топ:Отбасына өлең шығару.

2-топ:Сурет салу.

3-топ:Отбасы туралы мақалдар.

4-топ:Эссе жазу.

 

Күнделікке тапсырмаларды жазады.

 

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *