Басы » Cыныптан тыс » Адамның жасына байланысты атаулар

Адамның жасына байланысты атаулар

ЖасӘр халықтың адамның жасына байланысты атаулар берген. Қазақ халқы адамның жасына қарай мынадай атаулар берген:

1 жасқа дейін – шақалақ, нәресте
1 жастан 10 жасқа дейін — сәби
1 жастан 2 жасқа дейін қыз бала – бөпе, ұл бала – бөбек
2 жастан 3 жасқа дейін – бүлдіршін
3 жастан 5 жасқа дейін – балдырған, балауса
6 жастан 7 жасқа дейін – бала, балақай
8 жастан 12 жасқа дейін – ойын баласы, жеткіншек
13 жастан 15 жасқа дейін – ересек бала, жасөспірім
16 жастан 19 жасқа дейін – бозбала, бойжеткен
20 мен 30 жас аралығы – жас жігіт, қыз
30 бен 40 жас аралығы – дүр жігіт, аға, еркек, кәрі қыз, келіншек
40 пен 50 жас аралығы – ер түлегі, отағасы, әке, көке, әйел, ана, тәте
50 мен 60 жас аралығы – жігіт ағасы, сары кідір әйел
60 пен 70 жас аралығы — қарасақал, ата, қара кемпір, апа, әже
70 пен 80 жас аралығы — ақсақал, ақбұрым
80 мен 90 жас аралығы – ақ үрпек шал, ақ үрпек ана, қарт, қария
90 мен 100 жас аралығы — селкілдек шал, селкілдек кемпір
100 жастан жоғары — кейуана, баба

 

Мүшел жас

  • мүшел -13 жас (ер жете бастау)
  • 2 — мүшел – 25 жас (жігіттік жас)
  • 3 — мүшел – 37 жас (ақыл тоқтау)
  • 4 — мүшел – 49 жас (орта жас)
  • 5 – мүшел – 61 жас (орта жас)
  • 6 —  мүшел – 73 жас (қарттық)
  • 7 – мүшел — 85 жас (кәрілік)
  • 8 — мүшел – 97 жас (қалжырау)
  • 9 — мүшел – 109 жас (шөпшек сүю)
  • 10 – мүшел -121 жас (немене сүю)

 

Дереккөз

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *