Қарағанды облысы
Балқаш қаласы
№9 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі:
Шакирова Дина Караевна
Пәні, күні, сыныбы: | Математика 4 «А» | ||||
Тақырыбы: | Бөліндінің мәнінде екі, үш және көп таңбалы сан шығатын жағдайда үш таңбалы санға жазбаша бөлу. | ||||
Мақсаты: | Жазбаша бөлуде ережеге сүйене отырып, орындауға үйрету. | ||||
Міндеті: | Білімділік: Өрнекті жазбаша есептей білуге қалыптастыру;Тәрбиелілік: Топ мүшелерін тыңдай білуге, ұқыптылыққа, сыйластыққа, өзін өзі бағалай білуге тәрбиелеу;
Дамытушылық: Оқушының танымдық, логикалық және сыни тұрғыда ойлауын, есте сақтау, пікір бөлісу қабілеттерін дамыту; |
||||
Қолданылған модульдер: | Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер; сыни тұрғыда ойлауға үйрету; оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау; оқыту мен оқуда АКТ пайдалану; оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес оқыту және оқу; оқытуды басқару мен көшбасшылық; талантты ж\е дарынды оқушыны анықтау; | ||||
Қолданылған стратегиялар: | Сын тұрғысынан ойлаудың: миға шабуыл, «Әр сұраққа бір жауап»; «Қара, жап, жаз, айт»; | ||||
Сабақ типі: | Аралас сабақ. | ||||
Ресурстар: | Таратпа материал, флипчарт, интербелсенді тақта, стикер, бағалау парағы. | ||||
Сабақ барысы:
І. Кіріспе.
ІІ. Ой шақыру. 1- аялдама
ІІІ. Мағынаны тану. 2 — аялдама:
3-аялдама:
4- аялдама:
Межелі сызық:
Бағалау:
Рефлексия
|
Маршрут картасындағы бақылау нүктелері:1) Сабаққа дайындық.
2) Психологиялық ахуал: «Тыныштық сәті» Көктемнің алғашқы күні келіп жетті. Көңіліміз қандай көтеріңкі. (әуен ойнайды) КӨРКЕМ СӨЗ: Табиғат! Сен әлемдегі барша байлықтардың анасы, сұлулық атаулының данасысың. Сенің жұпар ауаң ,аппақ қарың, мөлдір суың, жасыл кілемге көмкерілген ну қайыңды орманың, өскен аң мен құсың – бәрі-бәрі керемет! Ол-сенің ғана сұлу бейнең. Осындай әсем де кең құшағыңда дүниеге келген адамзат баласы қандай бақытты! Біз де бақыттымыз. Себебі …………. егеменді елде өмір сүрудеміз. ……………………. бейбіт өмір сүрудеміз. Ендеше еліміз жайлы не білеміз? — Қазақстанның ең көрікті жерлерін атаңдаршы? — Қазақстан несімен мақтана алады? — Қазақстанның жер аумағы қанша? — Қазақстан жер көлемі бойынша нешінші орында? — Қазақстан неше мемлекетпен шекаралас? — Қазақстан қандай белеске үлкен дайындық жасауда? — ЭКСПО көрмесі қашан болады? — Елбасымыз жолдауында 2050 стратегиясында мегополюске айналатын қай қаланы атап айтты? Елбасымыз жыл сайынғы жолдауында білім алуды бірінші орынға қойып отыр. Білімді ұрпақ ел келешегін кемелдендіреді деп үлкен сенім артуда. Сол сенімге лайық болуымыз керек. Мегополюске айналатын қалалар қатарына Алматы, Астана, Ақтөбе, Шымкент қалаларын жатқызды. Себебі бұл қалалардың тұрғындары миллионға жетіп жығылады. Сол себепті осы ірі қалаларға саяхат жасаймыз. Сабақ мақсаты: өрнекті жазбаша ережеге сүйене отырып есептеу. Міндеті: — тапсырманы дәлелді түрде айтуға; — Топтық жұмыс жасауға, өзіңді өзгені бағалай білу керек; — Есте сақтап, пікірлесе білуге дағдылану; БАҒАЛАУ парағы: топ басшысы бағалайды. Қызығушылықты ояту: конвертті ашу сәті кімге бұйырады екен? Саяхатқа немен шығамыз? Балқаш Алматыға бару үшін біз ұшақпен ұшамыз. Ұшақтарды біз басқа мемлекеттерден алатынбыз. Ал енді 2016 ж «Эйр Астана» ұшағы өз елімізден шығарылатын болады . Сол ұшаққа бірінші болып отыратын жолаушылар біз боламыз.
1) Таратпа қағаздан ауызша есептеу:
2) Әр сұраққа бір жауап» стратегиясы бойынша көбейту және бөлу амалдарына қатысты ережелер бойынша әр топ бір-біріне сұрақ қояды.
3) Үй тапсырмасын ауызша оқытып тексеру. (дәптер жинаймын)
Алматыдан Шымкентке барамыз.
Күн ретін жаздыру. «Қара, жап, жаз, айт» стратегиясы. (флипчартта жасалған) интерактивтік тақтаға жазады. Каллиграфиялық жолды толтыруға байланысты: 2012; 2017; 152; 103; ü Санды құрамына талдау; ü Екінші санды разрядттық қосылғышқа есептеу; ü Санды топтау; Интербелсенді тақтамаен жұмыс: 14053 611 1222 2 3 1833 1833 0 №1 Бағандап есептеп, тексереді.. 169744:412= 4305:123= 49152:512= 64083:123=
Шымкенттен Ақтөбеге барамыз.
(топпен осы есептің сызбасын сызады) интерактивті тақтада жұмыс жасайды. №3 Қозғалысқа байланысты есепті шығарып, тақтаға шартын, шешуін, жауабын жазады. S= 1230 км Шешуі: 1)65+7=72 (км/саг) v2 V1=65 км/саг 2)65*6=390 (км) s1 V2=? одан 7 км/саг артық 3) 72*6=432 (км) s2 t= 6 саг 4)390+432=822 (км) 5) 1230-822=408 (км) Жауабы: s=408 км
№4 сөзді есепті шығару. Қызыл- 8 (м) Шешуі: 1)8+5=13 (м) сатып алғаны Ақ – 5 (м) 2)624:13= 48 (тг) Әр метріне — ? (тг) Жауабы: лента 48 (тг) №8 Қалдықпен бөлу дұрыс орындалған ба, тексер: (флипчартпен жасайды), жазбаша тексереді. 254:210=1 (қ 44 ) 210*1+44= 210+44=254 1546:103= 15 (қ 1) 103*15+1= 1545+1=1546
Ақтөбеден Астанаға барамыз.
№11 а= 25 см Шешуі: 1) 25*18=450 (см2) ауданы в=18 см 2) (25+18)*2=86 (см) периметр S=? см2 3) 6750:450=15 (см) биіктігі Р=? См Жауабы: S=450 (см2) P=86 (см) c=15 (см) V= 6750 см3 с=? см
Астанадан Балқашқа қайтамыз.
Конверт ашу: онда ЭКСПО көрмесінің эмблемасы. Экспо 2017 — 2017 жылдың 10 шілдесінен бастап 10 қыркүйегіне дейін Қазақстанның елордасы Астана қаласында Халықаралық көрмелер бюросымен (ХКБ) ұйымдастырылатын Халықаралық көрме. Экспо 2017 иесі 2012 жылдың 22 қарашасында Францияның астанасы Париж қаласында ХКБ-нің EXPO халықаралық бюросы Бас ассамблеясының 152-ші сессиясы барысында белгілі болды. Жасырын дауыс беру қорытындысы бойынша Астана үшін ХКБ-ның 103 мүше-мелмекеті дауыс берген, ал бельгиялық Льеж қаласы 44 дауыс жинады.
Үйге тапсырма: № 7, 9,10 есеп 242 бет.
Топ жетекшісі бағалау парағы бойынша бағасын айтып шығады. Соңғы бағалау мұғалімдікі болады.
Ал енді балалар өздеріңнің бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңді жазып ілулеріңе болады. |