Басы » Бастауыш сыныптар » Сын есім (Презентация)бет 250

Сын есім (Презентация)

Ақмола облысы
Ерейментау ауданы
Павловка орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі :
Анес Қуандық
Сабақтың тақырыбы:  Сын есім
Мақсаты:  Білімділік: өткен сабақта алған  зат есім, етістік туралы білімдерін нығайту.
Дамытушылық: Сын есімнің мағыналық түрлері жөнінде  жан – жақты                                            түсініктер беріп, білімдерін жетілдіріп, кеңейту. ой — өрістерін, сөздік қорларын дамыту. Сын есімнің      ағыналық түрлерін ажырата білуге баулу.
Тәрбиелік: Балаларды  сауаттылыққа баулып, шапшаңдыққа, уақытты ұтымды пайдалануға   тәрбиелеу.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Сәлем бердік сіздерге
Құрметпенен біз.
Үй жұмысын тексеру. Оқушылардың үй  жұмысын тексеру, бірнеше оқушыға қалай орындалғанын оқыту.
5-жаттығу. Төмендегі зат есімдерге сол зат есімдердің бірінші дыбысынан басталатын сын есім тауып жаз.
…… бала, …. көше, …су, …. ат, ….. қарындаш.
Өткенді қайталау.

  • Топтастыру стретегиясы бойынша жұмыс:

Жұптасу арқылы зат есім, етістік туралы алған білімдерін топтастыру арқылы бір-біріне түсіндіру.

   

Сын есім дегенде сен не білесің?  Оқушылардың  білетіндерін айта келе қорытынды жасау.

1-тапсырма. Сөздік диктант:       Сөз таптарына талда.

Адам, тоқыды, әнші, әдемі, көк, дала, жүз,үлкен, көріп тұр, он екі.

Зат есім

етістік

Сын есім

Сан есім

2-тапсырма: Сын есімнің тіркесін табу.

“Менің бағытым” ойыны

1. тәтті                                                       жар

2. тік                                                             адам

3. тегіс                                                         қант

4. суық                                                         қоян

5. сұр                                                             су

6. ақылды                                                     жер

3-тапсырма: Мына сөздердің  қарама-қарсы  сөздерін  табыңдар.

 Әлсіз —             , кең — ….,жомарт -…..,ұзын-….,қатты -…., мейірімді -…. .

Жаңа сабақ : Көркем жазу.

Бб

бб

Білімді бәрін біледі.

Мына өлең жолында сын есімдер қандай сөз табының қызметін атқарып тұрғанын табу.

Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Сәлем бердік сіздерге
Құрметпенен біз.

Үлкен, кіші деген сөз сын есім болғанымен зат есімнің рөлін атқарып тұр.

 Сын есім сөздің мағынасына қарай басқа  сөз табының қызметін атқарады.

  1. жаттығу. Мәтінді оқу.  Мазмұнын ашу. Мәтіннің ішінен зат есімнің қызметін атқарып тұрған сөзі бар сөйлемді тауып, жазу.

Терме диктант:

Көк жұлсаң-көктей орыласың,  қарғыс атады деп ырымдайды.

Көру  диктант:

2-жаттығу. (174б)  Жұмбақты шешу, жатқа жаздыру.

Мөлдір моншақ,

Өзі жұмсақ (шық)

Көшіру диктант.

Иір-иір денесі,

Сахараның кемесі,

Ащы шөптер тамағы,

Шөлге шыдап бағады.  (түйе)

3-жаттығу.  Суреттегі заттардың атын өзіне қатысты сые есіммен бірге жаз. Сөйлем құр.

Суреттер бойынша тізбектеп бір-бірімен байланысты  сөйлем құрып айтқызу. Бұл мәтін екенін естеріне түсіре келе мәтіннің түрлеріне тоқталу.

                      4-жаттығу. Жануарларды сипаттау.  Үлгі:   Тиін  — жирен, кішкентай, жылдам.

І қатар:  Қасқырдың қандай екенін сипаттау. Қасқыр-       

ІІ қатар:  Түлкі аңын сипаттайды. Түлкі-

ІІІ қатар: Піл жануарын сипаттау.   Піл-

Пысықтау:Шығармашылық диктант.  Ауызша жасау.

 

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

а

т

щ

і

ы

к

с

қ

ұ

р

“Сиқырлы сандар” ойыны.


Сиқырлы сандардан шыққан сөздерге графикалық диктант арқылы сөйлем құру.

Сабақты қорытындылау. А) сабақты қорыту         ә) оқушыларды қорыту.

Үйге тапсырма: 5-жаттығу, 175 бет.

(ЖҮКТЕУ)
[bws_related_posts]

1 пікір

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *