Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы
№ 8 «Балбөбек» ясли-бақшасының психологы
Турабаева Кенжеғайша Капасовна
Танымдық және эмоциональдық өрісті коррекциялау және дамыту сабағы
Мақсаттары: танымдық және эмоциялық өрістерді дамыту және коррекциялау
Құралдар: жайлы әуен, үлестірмелі жемістер суретттері салынған кәртешкелер топтамасы, доптар, әр түрлі ойыншықтар, үнтаспа.
Сабақтың барысы:
І. Сәлемдесу.
Жекелей сәлемдесу.
Сәлеметсің бе, Алинур! Мен сені көргеніме қуаныштымын!
Топтық сәлемдесу
«Жаңғырық» ойыны
Мақсаты: есту арқылы қабылдауларын дамыту, зейіннің қалыптасуы, қимылдық автоматизмді жеңуді дамыту.
Ұйымдастыру: балалар шеңберге тұрады. Балалар өз есімдерін жаңғырық сияқты, «Ералы — Ералы» ауыздарын алақандарымен жауып ашып, айтады. Басқа балалар осылай қайталайды. Осылайша барлық бала есімдерін «жаңғырық» сияқты атап шығады.
Рефлексия
II. Коррекциялы – дамыту кезеңі:
- 1. «Жемістер» ойыны
Мақсаты: психиканың танымдық өрістерін дамыту және коррекциялау, ойлауды, заттарды белгілі бір белгілеріне қарай жалпылай алу іскерліктерін дамыту.
Ұйымдастыру: балалар шеңбер жасап дөңгеленіп отырады.
Ортаға гүлдің жапырақтары сияқты жемістердің суреттері бар кәртешкелер қойылады. Психолог кез –келген жемістің атын, мысалы «алма» деп айтады, қай бала ең бірінші жылдам саусағын алма суреті салынған кәртешкеге қойса, сол бала жеңімпаз болып, текше алады. Кім көп текше жинаса, сол жеңімпаз атанады.
Рефлексия
- 2. «Ойыншықты тап» ойыны
Мақсаты: қабылдауларын, ойлауын, зейін, нақышты қимылдарын дамыту.
Ұйымдастыру: психологтың үстелінің үстінде ойыншықтар тұр. Балалар шеңбер жасап отырады. Өздерінің тілектері бойынша бір бала таңдалып алынады. Ол бала бөлмеден 2-3 минутқа шығады. Сол кезде кім қимылымен, ым және ишарамен бір ойыншықтың біреуін бейнелеуі керек. Жүргізуші ойыншықты табуы керек, оны қолына алып, атайды. Қалған балалар бірлесіп «Дұрыс» немесе «Дұрыс емес» деп айтады. Ойын жалғасады.
Рефлексия
«Бір сөзбен ата» ойыны
Мақсаты: психиканың танымдық өрістерін дамыту және коррекциялау, ойлауды, заттарды белгілі бір белгілеріне қарай топтастыра алу іскерліктерін дамыту.
Психолог балаларға төрт суреттен тұратын бір топқа жататын суреттері бар кәртешкелер таратып береді (ыдыстар, жемістер, көкөністер және т.б.) Осы заттарды жалпы белгілеріне қарай қалай бір сөзбен атауға болатынын сұрайды.
Рефлексия.
IV. Қимылдық бой сергіту:
«Қосаяқ» ойыны
Мақсаты: зейінді, есту арқылы қабылдауларын, қимылдық автоматизмді жеңуді дамыту.
Ұйымдастыру:
Балалар екі топқа бөлініп, бірінің артынан бірі сапқа тұрады. Психолог ойынның шартын түсіндіреді: «Бала екі тізелерінің арасына допты қысып алып, қосаяқтап секіріп, белгілі бір мәреге дейін барып, қайта орындарына қайтулары керек. Осы кезде екі тізесіне қысып ұстаған доп түсіп қалса, оны жерден көтеріп, қайта тізесімен қысып, ары қарай секіруін мәреге жеткенше жалғастыра береді » Ойын 2-3 рет қайталанады.
Рефлексия.
V. Релаксация.
«Күн қояны» ойыны
Мақсаты: релаксация және елестетулерін дамыту
Психолог: «Күн қояны сенің көзіңе тура қарады деп елестетіңдер. Көздеріңді жұмыңдар. Күн қояны ары қарай жүгіріп өтті, алақандарыңмен ақырындап: маңдайларыңды, мұрындарыңды, ауыздарыңды, беттеріңді, иектеріңді сипаңдар. Оны шошытып алмай ұқыптап басты, ішті, қол, аяқты сипалаймыз. Күн қояны ол тентек емес, ол сендерді өте жақсы көреді және еркелетеді, оны құшақтаңдар. Балалар екі қолдарымен өздерін құшақтайды»
Психолог: енді 1,2,3 деген кезде көздеріңді ашыңдар- дейді. Балалар көздерін ашады. Осы жақсы сезімдеріңді күні бойы сақтаңдар.
Рефлексия.
VI. Қоштасу
Балалар шеңбер жасап кілемге отырады. Психолог олардан қандай ойын ұнағанын сұрайды. Балалар допты бір – бірлеріне беріп отырып, өздерінің алған әсерлері туралы бөліседі.
[bws_related_posts]