Басы » Tәрбие сағаттары » Наурызым-нақыл жыр

Наурызым-нақыл жыр

Маңғыстау облысы
Қарақия ауданы
№3орта мектебі
Бастауыш сынып мұғаліміБЕКТИЛЛАЕВА АЙША ИСАХАНОВНА
Тақырыбы «Наурызым-нақыл жыр»
Құрметті ұстаздар және ата-аналар, оқушылар!
Сіздерді 14-наурыз қазақтың көрісу мерекесімен және 22-наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын.
Бүгінгі 1»д» сыныбының « Наурызым-нақыл жыр атты» ашық тәрбие сағатымызға хош келдіңіздер!
Мақсаты: Қазақ халқының ежелден сақталып атадан балаға мұра етіп қалдырған наурыз мейрамының мәнін түсіндіру, әрі дамыту.
Қазақ халқының салт –дәстүрлерін қастерлеуге тәрбиелей отырып, ананың балаға, баланың анаға деген сүйіспеншілігін арттыру.

Көрнекілігі; слайд, ұлттық тағамдар , бесік, арқан т.б.
Түсіндіру.
Наурыз — ертеден келе жатқан шығыс елдерінің ұлттық мейрамы. Наурыз сөзі парсы тілінен аударғанда Ноу- жаңа , руз-күн дегенді білдіреді.Яғни бұл сөз жаңа күн, жаңа жыл деген мағынаны білдіреді.
1.Наурыз күні жаңарудың өсудің түлеудің басы
2.Наурыз имандылық мерекесі. Алдына келген атаның құны болса да кеш.
(ренжіскен адамдар достасады)
3.Наурыз мерекесі-көктем мерекесі, еңбек тойы, ырыс молшылықтың бастауы
4.Наурыз мерекесі мейірімділік пен қайырымдылық мерекесі.
Наурыз жайында қазақтың кемеңгер ұлдары Абай, Шәкәрім, Мұқтар Әуезов, Ахмет Байтұрсынов біршама деректер жинаған. Күн мен түннің теңелгеннін, мал төлдеп адамның аузы аққа тиген, жер бусанып, малдың аузы көкке тиген ырыстың басын қазақ елі «Ұлыстың ұлы күні» деп атайды.
Келді наурыз жар салып,
Би билейік ән салып,
Жылда келсін Ұлыс күн,
Тұрайық есен қарсы алып.
Наурыз туралы өлең, жырларға кезек берейік. Әрі қарай жүргізушілерге
тапсырайын. Олар Жалғас пен Дана.
1-жүргізуші
Тыңдаңыздар! тыңдаңыздар!
Той дабылын қағып тұрған мұнда біз бар
Наурыз тойы басталды!
Бір орында тұрмаңыздар!
2-жүргізуші
Келіңдер наурыз тойға бәрің бүгін
Аямас өнерпаздар ән мен жыррын
Тойлайын халық тойын, наурызымның
Шуағын жерге төккен бақыт күнін!

1-жүргізуші
Билейік жыр жырлайық ән салайық
Қаһарлы қыстан өтіп наурыз келді!
Арқаңды кеңге созшы уа халайық!
2-жүргізуші
Уа халайық, құтты болсын мерекең
Құтты болсын, құтты болсын берекең
Наурыз тойы тойланады мектепте
Қош келдіңдер мерекені көруге.
Нұртілек
Наурыз келді жыр келді
Тірілтуге гүлдерді
Сәнденеді аналар
Сәбилермен бірге енді
Наурыз келді нұр келді,
Түгел аймақ түрленді.
Жеңіс
Бақшадағы тәтейлер
Тойға әзір боп үлгерді
Бірдей кәрі жасқа да
Наурыз күні жақсы –ақ
Жылан жылы той болсын.
Данагүл
Барлық мектептерде
Қырандай болып ұл өссін
Таң атырып жылан жыл
Тыныштықты күзетсін
Терістен эжел соқпасын
Зобалаңда тоқтасын!
Жалғас
Ырыс болсын ырғалып
Бар үйлер мен отбасы Азат жер-су азат көк
Тұра берсін таза –ақ боп
Наурыз тойын тойлайық
Нар тұлғалы қазақ боп.
2-жүргізуші
Той кезінде жас құрбым
Жалтақтама тайынба
Тартқан күйің тамылжып
Ән кезегі келеді
Әндеріңді дайында.
Хор «Наурыз тойы»
1-жүргізуші
Күн мен түн теңелді,
Жер шуаққа кенелді
Қуанышта ел енді наурыз келді салтымыз
Көгерсін деп халқымыз
Көшеге тал егеді.
Лаура
Армысыңдар қалайық,
Бармысыңдар қалайық,
Наурыз тойын жұп жазбай,
Өшкен жарық жағылсын.
Дана құрбым біздің ашық тәрбие сағатымызға шақырылған қонақтарымыз бар еді ғой. Оларды ортаға шақырайық.
Алдар көсе мен Тазша бала.(екеуі бірге келеді)
(Алдар өзінің әнімен әуендетіп келеді.)
Сәлем ай мен күніміз,
Мейман парқын біліңіз,
Қыруар істі бастаймыз,
Қуанышта үніміз,
Қайтқан емес талайым,
Той болсын деп тойлайын.
Тазша бала
Күн мен айға әлемні,
Берем ыстық сәлемін.
Қарттарыма сүйеніп,
Орындалды ойларың,
Құтты болсын тойларың.
Алдар аға және тазша бала біздің ортамызда отырып, тойымызды бірге тамашалаңыз.
Нұрберген
Ау аман ба, жараңдар,
Алтын таңға қараңдар,
Ерте жайнап атты таң,
Естіліп тұр шаттық ән.
Жұрағатын қуанып,
Рахатын тапты жан.
Жансерік
Күннің жаңа нұры бар,
Мұның ғажап сыры бар.
Халық сүйген мейрам бұл,
Қарсы алайық тұрыңдар!
Алтын (Күн болып киінген қыз бала ортаға шығады)
Сәлем анам алтын күн,
Сәлем қарты халқымның,
Уақытыма риза боп,
Бақытыма шалқыдым.

Ринат
Ау жараңдар , жараңдар,
Той қызығын көріңдер,
Наурыз айға бас иіп,
Күнге сәлем беріңдер.
(Барлық оқушы орындарынан тұрып күнге сәлем береді.)
Ақжүніс
Қош келіпсіз амансыз,
Арман тойы ананың,
Қуанышы баланың,
Қуанышы ғаламның,
Құтты болсын қадамың.
Әлібек
Ашық болса күніміз
Аман есен жүріңіз
Бой тұлғалы өңірде
Айтылады жырымыз.
Би Қазақ биі. Нұркелді Мадина.
Мөлдір
Той әкелген ғаламға,
Күн мен наурыз аман ба?
Бас иеміз бабамыз,
Барша жұртым аман ба?
Нұрберген
Күн мен түн теңелді,
Күнде ұзарам мен енді.
Гүл мен жерді жайнатам,
Гүлден Наурыз сен енді.
Жаңылсын
Жайнатамын гүл гүлді,
Сайратамын бұлбұлды,
Мерейлі жұрт тойласын,
Мейрам етіп бұл күнді.
Қарақат
Сені тойлап қарсы алып,
Бар әлемге жар салып.
Бейбітшілік тойы деп,
Қол соғады барша жұрт.
1-жүргізуші
Дана сен жыл мезгілдерінен қай мезгілді ұнатасың?
2-жүргізуші
Жалғас мен жаз мезгілін ұнатамын. Сен ше?

1-жүргізуші
Мен көктемді ұнатамын.
Себебі наурыз айында мерекеміз көп. Атап айтатын болсақ 8-наурыз Аналар мерекесі, 14-наурыз көрісу мерекесі, 22-наурыз мерекесі мұсылман елдерінің ұлттық мерекесі.
1-жүргізуші
Ия дұрыс айтасың. Наурызда пісірілетін ұлттық дәстүрлі тағам наурыз көжемізді ішіп мәз боламыз ғой.
Мадина
Уа жараңдар, жараңдар,
Бәрің бері қараңдар,
Сендер үшін жасалған.
Тоқсан түрлі тағам бар.
Қымыз бенен шұбат бар,
Шұбатта дәрі қуат бар,
Іркіт пен айран бар,
Айран іш те қайран қал.
Ербол
Ірімшік те құрт та бар,
Оны азсынсаң сықпаны ал,
Жеті түрлі дәм салған,
Көжеден дәм татыңдар.
Бейбарыс
Наурыз тойын әдемі
Әжем еске түсірді
Біздерге арнап әдейі
Наурыз көже пісірді.
Ашылды да кебеже,
Дәм әзірлеу басталды.
Әжем наурыз көжеге,
Жеті түрлі ас салды.
Бидай , күріш тары бар
Ьар сүр ет пен шұжығы
Ащы құрты тағы бар.
Көже елдің ырзығы.

2-жүргізуші
Ендігі кезекті қазақтың ұлттық тағамына берейік. Бізге тағамдар жайында мағлуматтарды ата-аналарымыз түсіндірсін.

1.Бауырсақ тың дайындалу жолы. Дананың мамасы. Жаңылсын
2.Қазы ет тағамдары жайында Жеңістің мамасы Айнұр.
3.Айран , шұбат, құрт пен ірімшік . Жалғастың мамасы Мұнара.
4.Наурыз көже туралы Бейбарыстың мамасы Ұлболған.
(Наурыз көже және дәмнен ауыз тию.)Ендігі кезек салт-дәстү
Наурызда пісірілетін ұлттық тағамның бір түрі-наурыз көже. Наурыз көже жеті түрлі тағамнан жасалады. Соғымнан қалған ет, сүт, құрт, пияз, және сәбізден қазанды толырып отырып, наурыз көже пісіріледі.Адамдар үйді-үйге аралайды. Наурызда туған балаларға Наурыз, Наурызбек, Мейрам, Мейрамгүл деген ат қойылады.

Бесікке салу.
Нұртілектің әжесі көрсетіп береді.

Ұлттық ойын «Арқан тартыс»
Оқушылар 2-топқа бөлініп арқан тартысады.
Көрісуден көрініс. Амандасу түрлері.

Ендігі кезек салт-дәстүрлерде.
1.Көрісуден көрініс ( Нұртілек пен Нұрбек)
2.Бесікке салу ( Әлібек пен Нұртілектің әжесін ортаға шақырамыз)
Қорытындылау
Мұғалімнің сөзі, Наурыз күні -ұлыс күні!
Қанатты сөздер мен тыйым сөздерге кезек берейік.
1.Наурыз күні-ұлыс күні ренжіскен адамдар достасады. Мадина
2.Наурыз күні –ұлыс күні жақын туыстармен дәм алысады. Жеңіс
3.Наурыз күні –ұлыс күні 7-түрлі дәмнен Наурыз көже дайындалады.Ринат
4.Наурыз күні -ұлыс күні ат шаптырып, балуан күрестіріліп қыз қуып, қол күрестіріп үлкен той жасайды. Ербол
5.Наурыз күні-ұлыс күні ешкіммен ренжіспейді. Бейбарыс
6.Наурыз күні-ұлыс күні жаман сөздер айтпайды. Данияр
7.Наурыз күні-ұлыс күні жаман қылықтар көрсетпейді. Лаура
8.Наурыз күні-ұлыс күні шаш тырнақ алмайды, іс тікпейді, кір жумайды .Әлібек
«Батамен ел көгерер, жаңбырмен жер көгерер» деген халқымыз олай болса Қызыр баба жиылған жұртқа батасын берсін.
Қонақ кәде Би Нұркелді Мадина «Өзбек биі»
Осымен ашық тәрбие сағатымыз аяқталды.
Сөз кезегі тәрбие жөнінде оқу ісі меңгерушісі Өмірбаева Бибігүлге
Ата-аналардан Нұртілек пен Әлібектің әжесіне сөз беріледі.

Қорытынды: Қызыр баба бата береді.
Құттықтау сөзін ата-аналарға берейік.
[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *