БҚО, Жаңақала ауданы, Бірлік ауылы,
№5 «Жеткіншек» балабақшасының
«Балапан» тобының тәрбиешісі
Мусина Дариға Сатыбалдықызы
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Тақырыбы: «Құстар — біздің досымыз»
Білім беру саласы: Таным, Қатынас
Бөлімі: Қоршаған орта, Тіл дамыту
Мақсаты: Балалардың құстар туралы түсінігін кеңейту, сөздік қорын байытып, байланыстырып сөйлеуге үйрету. Үй құстары мен дала құстарын ажырата білуге, құстарға деген қамқорлыққа баулу.
Көрнекі құралдар: Дала, үй құстары, ұя, торғай бейнесі
Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап.
Қостілділік компонент: құстар-птицы
Әрекет кезеңдері
Себепті қызығушылығын ояту кезеңі
Жылулық шеңбері:
Табиғат біздің анамыз,
Табиғатқа баламыз.
Иіліп сәлем береміз,
Біз әдепті баламыз.
Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңі
— Балалар бүгін біздер құстар жайында білетін боламыз. Құстар дала құстары және үй құстары болып бөлінеді.
— Дала құстарына қарға, торғай, сауысқан, аққу, тырна, бүркіт жатады.
— Ал үй құстарына қаз, үйрек, күркетауық, тауық, әтеш жатады.
Дала құстары ағаш түбіндегі құрт-құмырсқалармен қоректенеді. Ағаштың жайқалып, жақсы өсуіне, түрлі жәндіктерден тазаруына көмектеседі. Құстарға сол себепті қамқорлық көрсетіп, ұя жасап, жем беруіміз керек. Құстар орыс тілінде птицы деп аталады, қане бірге айтайық.
Балалар қайталайды.
— Балалар, маған үй құстарын және дала құстарын атап бере қойыңдаршы.
— Тауық, үйрек, қаз, әтеш, торғай, сауысқан, қарға
— Өте жақсы, олай болса аздап сергіп алайық.
Сергіту сәті:
Қолымызды жаямыз,
Құстай қанат қағамыз.
Ұшып-ұшып аламыз,
Орнымызды табамыз.
Балалар сергіту сәтін орындайды.
— Балалар қараңдаршы, бізге қонаққа көгершін ұшып келді. Көгершін хабаршы құстардың бірі бізге хат әкеліпті. Ашып көрейікші, мұның ішінде тапсырмалар бар екен.
— Қане, балалар, тапсырмаларды орындаймыз ба?
— 1 тапсырма- құстардың дауысын салу
Қарға қарқылдайды,
Торғай шырылдайды.
— Балалар, құстар қайда мекендейді?
— Ия, балалар біз оларға үнемі қамқор болуымыз керек, сол үшін оларға жылы ұя жасадық, ал енді соған құстарымызды орналастырайық.
— Бұл көгершіннің 2 тапсырмасы болды.
— Балалар, жарайсыңдар, ендігі 3 тапсырма- «Ұшты-ұшты» ойыны
— Ұшты, ұшты қарға ұшты,
— Ұшты, ұшты торғай ұшты.
— Ұшты, ұшты көгершін ұшты.
— Ұшты, ұшты ұшақ ұшты.
Ұшты, ұшты қарлығаш ұшты.
Балалар ойынға ұйымшылдықпен қатысты.
Іс-әрекетті бақылау кезеңі
— Жарайсыңдар, балалар біз не туралы әңгімелестік?
— Бізге қонаққа қай құс келді?
— Біз ненің дауысын салдық?
— Құстар қайда мекендейді?
Балалар, жарайсыңдар бүгінгі оқу іс-әрекетке жақсы қатыстыңдар, рахмет.
Күтілетін нәтиже:
Баланың білуі: Дала құстары мен үй құстарын ажырата білді.
Баланың меңгеруі: Құстардың қайда мекендейтінін, оларға қамқор бола білуді үйренді
Баланың жасай алуы: Берілген тапсырмаларды орындап, құстарды ұяларға орналастыра білді.