Сергiту  сәттерi# 2

Сабақ арасында бастауыш сынып оқушылары тез шаршайтынын білеміз сондықтан сабақ ортасында оқушыларды бір рет сергітіп алған жөн. Төмендегі өлеңдер сергіту сәтінде қолдануға болады. Бұл сергіту сәттеріне арналған өлеңдердің келесісі.

1. Ақ шағала, ақ шағала

Үйге қалай барамын?

Шағала былай дейді:

—          оң аяқ, сол аяқ

алға бір адым,

артқа бір адым

жылдам, жылдам басасың

қырдан бірақ асасың

адымыңды ашасың

мекеніңді табасың.

2.  Бiр дегенiм – бiлек,

Екi дегенiм – елек,

Үш дегенiм – үлек,

Төрт дегенiм – түлек,

Бес дегенiм – балға,

Алты дегенiм – алып,

Жетi дегенiм – желке,

Сегiз дегенiм – серке,

Тоғыз дегенiм – торқа,

Он дегенiм – олжа,

Қалып қойдың жолда.

Кезекшi бол, көздi жұм,

Ойынды ары жалға.

                                 /Б.Бөрiбаев/

3. Бас аяқ, тоқтама,

Туралап қақпаға,

Сермемей қолыңды,

Доп түсiр добыңды.

Алдыңнан басқалар

Кеспесiн жолыңды!

                         /Б.Бөрiбаев/

4. Бас бармақ,

Балаң үйрек,

Ортан терек,

Шылдыр шүмек,

Кішкентай бөбек.

5. Отырдық қой тынығып,

Оңға, солға бұрылып,

Сергiтейiк жанды,

Жүгiртейiк қанды,

Айтып осы әндi,

Келтiрейiк сәндi.

                   /Б.Бөрiбаев/

6. Торғай-торғай, тоқылдақ

Жерден тары шоқып ап.

Бөтегесін бұлтитып,

Шық-шық десіп отырмақ.

(Қимылмен көрсетеді.)

7. Сол жаққа  бұрылып,

Оң жаққа қараймын.

Бір-екі-үш, төрт-бес деп,

Ішімнен санаймын.

Шалқайтып тартына

Жеткiздiм алтыға.

Алысқа, тесiле,

Қарадым жетiде.

Сегiздi атадым,

Жақынға қарадым.

Тоғызды толтырдым,

Онға ендi барамын!

                              /Б.Бөрiбаев/

8. Қарлығаштай болайық,

Тұрып қанат қағайық.

Аяқ басып, қозғалып,

Тез жаттығып алайық.

Бiр-екi-үш, бiр-екi-үш,

Орнымызға қонайық!

                          /Б.Бөрiбаев/

9. Оң қолымда бес саусақ,

Сол қолымда бес саусақ.

Алақанды ашайық.

Бесті беске қосайық.

10. Бір үйде біз нешеуміз

Кел, санайық, екеуміз.

Бас бармағым папам,

Балаң үйрек апам.

Ортан терек ағам,

Шылдыр шүмек мен

Титтей бөбек сен.

Бір үйде біз нешеуміз?

Бір үйде біз бесеуміз.

11. Демаламыз күнде біз.

Жаттығуға біргеміз.

Оңға, солға иіліп,

Алға, артқа бүгіліп,

Шынығамыз бірге біз.

12. Аққудай айдында

Созамын  мойынды.

Байыптап жүземiн,

Оңымды, солымды.

Шынығып осылай,

Өсiрсем бойымды,

Кiтапты көп оқып,

Өсiремiн ойымды.

                    /Б.Бөрiбаев/

13. Қолды жайып ұшайық,

Қыран құсқа ұсайық.

Сол қанатты тербейiк,

Оң қанатты сермейiк.

Бір, екі, үш, төрт, бес деп,

Биiктерге өрлейiк.

                            /Б.Бөрiбаев/   

14. Он рет тұрып, отырып,

Жаттығамыз қосылып.

Жылдам-жылдам орында,

Тұрып қалма тығылып.

Қозғалыспен өсесiң,

Ойланар болсаң, осыны ұқ!

                        /Б.Бөрiбаев/

15. Тышқандай қашамыз,

Мысықтай қуамыз.

Аяқты басамыз,

Тiп-тiк боп тұрамыз.

Саусақты ашамыз,

Шапалақ ұрамыз.

Бiр-екi-үш-төрт-бес деп,

Айтқанды ұғамыз,

Осылай әндетiп,

Сабақтан шығамыз!

                    /Б.Бөрiбаев/  

16. Орнымыздан тұрамыз,

Мойнымызды бұрамыз.

Қолымызды көтерiп,

Саусақты ашып жұмамыз.

Онан соң төмен түсiрiп,

Алақанды сығамыз.

Иықты артқа ысырып,

Басты төмен бұғамыз.

Жаттығу жасап осылай

Үлкен боп ертең шығамыз.

                                   /Б.Бөрiбаев/

17. Балды ұрлап, талқандап,

Аюдай балпандап,

Секiрiп, салпаңдап,

Бақадай талтаңдап,

Жайбасар болмаңдар,

Жүрмеңдер қорбаңдап.

Қырандай қалықтап,

Шыңдарға шалықтап,

Биiктен байыптап,

Қарайтын анықтап,

Байқайтын жан-жақты,

Болыңдар салмақты.

                       /Б.Бөрiбаев/

18. Айнадағы бейнедей

Қозғалысты қайтала.

Қасыңдағы балаға

Тиiп кетпе байқамай.

Бiр,екi,үш. Бiр,екi,үш.

Тағы, тағы қайтала!

19. Шаршасаңдар, тұрыңдар,

Қолды қолға ұрыңдар.

Басты төмен бұғыңдар,

Жұдырықты жұмыңдар.

Алақанды ашыңдар,

Құстай ұшып шығыңдар.

                         /Б.Бөрiбаев/

20. Бір үйде біз нешеуміз

Кел, санайық, екеуміз.

Бас бармағым папам,

Балаң үйрек апам.

Ортан терек ағам,

Шылдыр шүмек мен

Титтей бөбек сен.

Бір үйде біз нешеуміз?

Бір үйде біз бесеуміз.

21. Ұзын құлақ сұр қоян

Естіп қалып сыбдырды.

Алды-артына қарамай,

Ырғып-ырғып жүгірді.

Қиығын салып көзінің

Қарап еді артына

Келе жатқан томпаңдап,

Көжегі екен өзінің.

22. Аяқтың ұшымен тұрамыз

Басымызды оңға, солға бұрамыз.

Қол ұстасып бәріміз

Дөңгелек, шеңбер құрамыз.

23. Бiрiгiп түгел сынып,

Көтерiлдiк биiк,

Бойларыңды тiк ұста,

Қисаймасын иық.

Тағы отырып, тұрып,

Қозғала түс, шынық.

Бәрiн жасап болсаңдар,

Отыр да, ендi тынық.

                    /Б.Бөрiбаев/

 24. Бiздiң Азат қайда екен,

Достарымен тауда екен,

Онда неғып жүр екен.

Алма терiп жүр екен.

Алмасынан кәнеки,

Жаңа терiп жүр екен.

                        /Б.Бөрiбаев/

25. Қоян қашып барады-ай,

Алды-артына қарамай.

Артындағы көжегi

Қалды еруге жарамай.

Көрсеткен қоян қарасын,

Шабысқа қатты салыпты.

Артындағы баласын

Қуғыншы деп қалыпты.

                        /Б.Бөрiбаев/

26.              Бір үйде біз нешеуміз

Кел, санайық, екеуміз.

Бас бармағым папам,

Балаң үйрек апам.

Ортан терек ағам,

Шылдыр шүмек мен

Титтей бөбек сен.

Бір үйде біз нешеуміз?

Бір үйде біз бесеуміз.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *