Басы » Бала бақша » Бала тілі мен түйсігін ұстарту

Бала тілі мен түйсігін ұстарту

Маңғыстау обылысы
Жаңаөзен қаласы
МКҚК №2 «Жанар» балабақшасының
Директоры: Бесмагамбетова Р.К.
Баяндама Бала тілі мен түйсігін ұстарту
Абайдың 7-ші қара сөзінде:
«Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біреуі – ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Бұлар тәннің құмары, бұлар болмаса тән жанға қонақ үй бола алмайды, һәм өзі өспейді.Қуат таппайды. Біреуі – білсем демелік…. Не көрсе соған талпынып….. Ол немене, бұл немене деп көзі көрген, құлағы естіген барын сұрап тыныштық көрмейді. Мұның бәрі жан құмары, білсем екен, көрсемекен, үйренсем екен».
Осы тұрғыдан Абай сөзіне жүгінсек біздің балаларымыз – елдің болашағы, елдің ертеңі. Жетістіктер де, кемшіліктер де отбасынан және тікелей балабақшаға байланысты.
Жүсіп Баласағұнның имандылық идеялары түрікше «Құт адғу білік» деп атаған еңбегінде құт әкелсін, өмір жолына меңзесін деген мақсат қойған. Аудармасы «Құт әклетін білім» дастаны. Осында ұлттық дүние танымынан бастау алған Тәңір дінінің І-саласы табиғатты ардақтау, ІІ-саласы жалпы адамды, ата-ананы, әруақты қадірлеу, ғұрыпты насихаттау. Әке-шешені пір тұтып, ата-баба аруағына сыйыну, өмір беріп, өнеге көрсеткен, ақ сүтін берген ананың алдындағы қарызын түсініп, оны өтеуге ұмтылу кез-келген адамның имандылық өлшемі болып есептеледі.
Жүсіп Баласағұн генетика ғылымынан мол хабары болса керек, бала тәрбиесіне байланысты тұқым қуалаушылық, ата-бабадан қалған жақсы-жаман қасиеттердің балаға берілуі сияқты табиғи заңдылықты «Тектілік» ұғымы арқылы түсіндірді. Ұлы ойшыл жастарды еңбекке, Отанын сүюге, ерлік, батырлыққа шақырды.
Ыбырай Алтынсариннің балаларды білімге, оқуға шақырған өлеңі: «Бір Аллаға сыйынып, кел, балалар, оқылық», — деп бастауының үлкен мәні бар.
Ахмет Байтұрсынов – қазақ халқының діндер дәуірінде етек жайған қисса, хикаясы насихат, мінәжат, мақтау, айтыс, толғау, терме сияқты жақсылыққа үйрету, жамандықтан жирендіретінін айтты.
Мағжан Жұмабаев «Педагогика» еңбегінде «…діни сезімдері күшті адам, яғни тәңірдің барлығына, құдіретіне сыйынып, оның махаббатын алуға, ізгілікке ұмтылып, жауыздықтан безбек», — деп жазды.
Қазіргі қоғам дамуының жалпы білім беру мазмұнына қоятын талабы – жастарға әлемдік ғылым мен прогресс деңгейінде білім беру, олардың ойлау мүмкіндігін жетілдіру, шығармашылық тәжірибесін, дүниеге қарым-қатынас нормаларын қалыптастыру болып отыр.
Педагогиканың бір саласы дидактиканың негізгі міндеті – оқыту үрдісі бағынатын білім беру мазмұнын, оқыту заңдылықтарын, принциптерін, әдістерін, ұйымдастыру формаларын қоғам талабына сай қолданудың жолдарын қарастыру.
Бұл міндет Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында және «Тәлім-тәрбие» тұжырымдамасынданақты көрсетілген.
Мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мәселесінде балабақшада оқыту және тәрбиелеу бағдарламасында қарапайым білім жүйесімен қаруландыру, оқу,әдет дағдыларын қалыптастыру, олардың танымдық қабілеттерін мақсатты, жүйелі, жоспарлы түрде дамыту қажет.
Балабақшада – балалар қоғамдық өмір, табиғат құбылыстары, адамаралық қатынастар, қоршаған орта туралы ғылыми негізделген, бірақ қарапайым (элементарлық) білімдермен қаруланады. Бұл білім қарапайым болғанмен, баланың әрі қарай дамып, қалыптасуына ерекше әсер ететін негіз болады, сонымен қатар мектеп білімін сапалы игеруге мүмкіндік береді.
К.Д.Ушинский: «Мектепке дейінгі балалық шақтың өзінде сапалы оқуды ойыннан бөліп қарау керек және бұл кездегі оқытудың міндеті мен мазмұнын баланың сөз байлығын дамыту, ақыл-ой күшін жетілдіру мектептегі оқуға дайындауға бағытталуы тиіс», — деп көрсетті.
Қоғамдық тәжірибелерді жан-жақты талдай келіп, қазіргі таңда дидактика ғылымында білім беру құрамы төрт элементтен тұратыны анықталды.
Білімнің алғашқы және негізгі элементі – ол дүние туралы жалпы ұғым береді, таным практикалық әрекеттердің құралы бола алады. Оны келер ұрпақ тұтастай, ал әрбір адам жеке бөліктерін ғана меңгереді.
Білім түрлеріне:
1. Негізгі ұғымдар мен терминдер жатады. Онсыз бірде-бір мәтінді не білім элементін түсіну мүмкін емес.
2. Тұрмыс шындығы мен ғылыми фактілер. Фактілерді білмейінше ғылыми заңдылықты түсіне алмаймыз, сеніміміз де болмайды және өз идеяңды дәлелдеуге мүмкіндік жоқ.
3. Дүние құбылыстары мен түрлі объектілер арасындағы байланыстарды анықтайтын, оның мәнін ашатын ғылыми заңдылықтар.
4. Ғылыми білімдер жүйесін қамтитын теория.
5. Ғылыми таным әдістері мен іс-әрекет жөніндегі білім.
6. Қоғамда қалыптасқан оның түрлі құбылыстарына белгілі бір қатынас нормалары жөніндегі білім, яғни бағалау білімі. Білімнің барлық түрі бір-бірімен байланысты, сондықтан оны кешенді түрде оқытады.
Екінші элементі – іс-әрекеттерді орындау тәжірибесі. Білімсіз әрекет жолдарын саналы орындау мүмкін емес. Білімді өмірде қолдану тәжірибесін адамзат еңбек арасында, барысында жинақтаған, бірақ жеке адамнан тыс тұрады. Оны адам бірте-бірте тәжірибе жинай отырып, меңгереді.
Үшінші элемент – шығармашылық әрекет тәжірибесі.
Бұның өзіндік мазмұны бар жаңа проблемаларды іздеп шешуге, шығармашылықпен қайта құруға дайындайды. Шығармашылық қабілеті дамыған ұрпақтың болуы – бүгінгі қоғам талабы.
Төртінші элемент – эмоциялық ерікті, құндылық қатынастар тәжірибесі.
Бала қасиеті төрт элементтен тұратын білім мазмұнын меңгерген жағдайда іскерлік, шығармашылық қабілеті дамыған дүние салаларын білетін, өмірде эмоциялық ерікті құндылық қатынастары қалыптасқан болып келеді.
Халқымыздың алғы-бергі тарихы мен дәстүрін, тарихи асыл мұраларын біліп, қастерлеп, бүгініміздің құнарлы топырақ, нәрлі қайнарына айналдыру — өмір қажеттілігі, адамзаттық, перзенттік парызымыз. Бүгінгі ұрпағымыздың бойына халқымыздың ғасырлар бойы қастер тұтып келген ар-намыс, ождан, ата-мекен, ана тіліне сүйіспеншілігін, әдет-иба, қайырымдылық, үлкенді және ата-ананы сыйлау, құрметтеу қасиетін дарыту олардың өз еліне өзегі туының басты шарты. Сондықтан, ұрпақ тәрбиесі озық ұлттық мұра-халық педагогикасын оқу процесіне енгізіп, соның негізінде ізгілікті тәрбие беру аса маңызды міндет деп білу керек.
Халықтық педагогика кешегі өткен қариялардан ғұлама ойшылдар мен шешен билерден, батырлар мен ақын, жыраулардан, бақсы-балгерлерден, сал-серілерден мұра, мирас болып қалған ұлы тәрбие құралы, халық тәлімі жөніндегі ой-тәжірибелердің жиынтығы. Ол-даналыққа толы мақал-мәтелдер, ол түн ұйқысын төрт бөлген ананың ыстық махаббатқа толы бесік жырлары, балдырғанның балдай тіліне оралған тақпағы, жұмбағы мен жаңылтпаштары, қиял-ғажайып ертегілері мен жырлары, думаны мол балалық шақтың қызығы – ұлттық ойындар, мерекелер мен тойлар.
Халықтық тәлім-тәрбиенің асыл қағидаларын жан тәнімен сезініп, өмірге енгізіп жатқандар – қатардағы педагог тәрбиешілер. Баланы ұлттық дәстүрлер негізінде тәрбиелеу — -бұл жауапты да күрделі міндет, оны іске асыру – бала тәй-тәй тұрғаннан бастап, әулет, балабақша, мектеп болып, үздіксіз іске асыратын процесс. Сондықтан, біздің мақсатымыз —
-«Қазақ балабақшасындағы тәрбие тұжырымдамасын» негізге ала отырып, балабақшалардың жұмыс мазмұнын қазақ халқының ғасырлар бойы ұрпақ тәрбиесіне мұра болып келе жатқан ұлттық дәстүріне, тұрмыс-салтына, әдет-ғұрпына, әдебиетіне, өнеріне лайықты қайта құру.
Оқу-тәрбие жұмыстарын халықтық тәлім-тәрбие негізінде жүйелі түрде жоспарлау-халықтық педагогиканың элементтерін пайдалана отырып, баланы өз тілінде сөйлесуге, ізгілікке, инабаттылыққа, кішіпейілдікке баулу, эстетикалық сезімін оятып, өмірдегі жақсы-жаман әрекеттерді ажырата, сезіне білуге үйрету. Ойлау, сөйлеу, қабылдау процестерін дамыту.
«Тәрбие бесіктен басталады» деп бағалаған халқымыз бала дүниеге келген күннен бастап-ақ өзінің әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін наным-сенімдерін, кәсіби шаруашылықтарын құлағына құя отырып, оның ақылды, еңбексүйгіш, адамгершілігі мол, мәдениетін, ел намысын қорғайтын ер азамат болып өсуіне қалап, осы қасиеттерді бүлдіршіннің бойына борыш, міндет деп санаған.
Тілі жаңадан шыққан сәбидің тілін ары қарай жетілдіру мақсатында балабақшаның, соның ішінде басты тұлға тәрбиешінің алдында жауапты да күрделі міндет тұрады.
Тәрбиеші әрбір сәбидің жеке дара физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерін, еліктеуші сөздерді қаншалықты меңгергенін ескере отырып, әрбір бүлдіршінге тез меңгере алатын, айтылуы жеңіл, тез жатталатын қарапайым сөйлемдерді үйретуге кіріседі.
Халықтық педагогиканың саласы мол, мазмұны бай. Бұл балабақшадан кең орын алған бала тілін кең ширататын, әдеби сөздік қорын байытатын халық педагогикасының бір кеңінен дамыған саласы – халық ауыз әдебиеті.
Қазақ ауыз әдебиеті – талай ғасырлардан келе жатқан мұра, сарқылмас бай, асыл қазына, халық шежіресі. Онан халқымыздың өткенін білеміз, сол бүгінгі заманымыздың ұлылығын танимыз, халқымыздың батырлық, ерлік тарихын көреміз.
Балабақшаның тәрбиеленушілерін ауыз әдебиетінің үлгілерімен таныстырып, олардың рухани өмірін байыта түсу – тәрбиешілердің басты міндеті болып саналады.
Қиял дүниесінен туған ғажайып оқиғалы ертегілер, батырлық жырлар, өмір тәжірибесінің қысқаша қорытындысы мақал-мәтелдер, ойды тәртіпке салатын сыр сандықты жұмбақтар, қиыннан қиыстырылған тақпақ-жаңылтпаштар-бәрі де балабақшада кең пайдаланылатын дүниелер. Бұлар балаларды елін сүюге, батылдыққа, адамгершілікке үндейді.
Балабақшаның жаңа бағдарламасында ана тілі сабақтарында ауыз әдебиетінің үлгілерін үйретуге баса назар аударылады. Онда оқылған ертегілер әңгімемен мазмұны жүйелі байланыстырылып, әңгімелеп беруге үйретеді. Ертегі мазмұнында кездесетін кейіпкерлердің іс-әрекетіне сай образдарды, сөздер мен диалогтарды, кейбір өлең шумақтарын бұлжытпай жатқа айта білуге, екі адамның диалогында кездесетін сұрақ, қорқыныш, талап-тілектерді білдіретін сөздерге дауыс екпінін дұрыс қойып, мәнерлі айта білуге тәрбиелеу талап етілген. Сәбилердің ой-өрісін дамытуға, қиялын шарықтатып, жұмбақтардың, жаңылтпаштардың, халық ойындарының тигізетін пайдасы-ұшан-теңіз. Әрине, ауыз әдебиеті үлгілерімен балаларды таныстыру үшін алдымен оқылатын материалдың көлемі, мазмұны балаларды қызықтыратындай, жалықтырып жібермейтіндей шағын болуы керек.
Қазақ халқының тұрмыс-салтын, арман үмітін, өткен өмірін кеңінен тарататын ауыз әдебиеті үлгілерінің көлемді саласының бірі-ертегілер. Ертегілер өте ерте заманда, тіпті жазу, сызу өнері болмаған кездің өзінде-ақ туған. Бұларды халқымыз күні бүгінге дейін ұрпақтан-ұрпаққа ауызша жеткізіп келеді.
Халық ауыз әдебиетінің тағы бір түрі – жұмбақтар. Жұмбақ көбінесе үйлесімді ұйқасқа, әсем де ырғақты өлеңмен құралады. Бала жұмбақты жаттап айтумен қатар, сөздік қиысында өлеңдік үйлесімін де келтіре алуға тиіс.
Халық баланың тілін ширату үшін, оған сөз үйретіп, дүние танымын дамыту мақсатында жаңылтпаштар ойлап шығарған.
Балбөбектің тілі шығып, балдырған жасында сөздік қоры молая бастаған кезде кейбір дыбыстарды айта алмай, қинала айтады, тілін мүкістендірмей, мүдірмей сөйлеу үшін қиналып айтатын дыбыстары бар сөздерді бала неғұрлым жиі-жиі дыбыстап айтып, жаңылмай жаттықса, сөйлегенде де мүдірмей, өз ойын толық жеткізетін болады.
Халықтық педагогика сан салалы, мазмұны бай. Біздің мақсатымыз – балабақшадағы оқу-тәрбие процесін жүйелі түрде жоспарлау, халықтық педагогиканың элементтерін сабақта, сабақтан тыс жұмыстарда тиімді пайдалану. Пайдалана білу үшін бай мұраларды терең оқып, үйрену, игеру қажет.
Баланы жақсылық пен зұлымдықты ажырата білуге баулу, сызықтар, үндер, бояулар әдемілігін қабылдауға үйрету дегеніміз-оның жанын аялап, нәрлендіре түсіру деген сөз. Баланың көркемдік дамуы ойдағыдай болуы үшін тәрбиеші оның жасына сай іс-әрекеттері мен көңіл көтерулерінің сан алуан түрлерін дұрыс пайдалануы қажет. Ұлттық балабақшада эстетикалық тәрбие беруде мынадай міндеттер алға қойылып отыр:
1. Балалардың әсемдікті қабылдауын, эстетикалық сезімін, елес-қиялын жүйелу дамыту.
2. Балалардың тұрмысқа, табиғатқа, қоғамдық қарым-қатынасқа әлі келгенше әсемдік түйсігін ендіру мен әдетін баули отырып, оларды өнер саласындағы іс-әрекетке тарту.
3. Балалардың эстетикалық талғамының негізін және өнер туындылары мен өмір құбылыстарын өздігінен бағалай білу қабілетін қалыптастыру.
4. Балалардың көркем шығармашылық қабілеттерін дамыту. Олардың өнермен байланысты іс-әрекеттері әрқашанда ешқандай зорлықсыз, қуанышты, ынтамен суарылған жөн. Бала эстетикалық жағынан неғұрлым жетіле түссе, оның көркемдік тапқырлығы соғұрлым берік, шығармашылық іс-әрекеті соғұрлым кеңірек болады. Балабақшадағы эстетикалық тәрбие сан алуан. Бұл жұмыстың көздейтін мақсаттары-тұрмыста, еңбек, ойын барысында, айналадағы ортаға эстетикалық көзқарасты тәрбиелеу, өнер құралдары мен эстетикалық тәрбие беру. Сәбилердің ой-өрісін дамытуға, тіл байлығын молайтуға ауыз әдебиеті үлгілері: — ертегілер, жұмбақ, жаңылтпаш, халық ойындарының-тигізетін әсері мол. Оқылатын материалдың көлемі, мазмұнын анықтап алу қажет, материал мүмкіншілігіне ықшам, қызықты болуы қажет. Қандай ертегіні алсақ та, ол белгілі бір мазмұнға құрылады. Оқиғаның басталуы, аяқталуы, өзіндік шешімі болады. Ертегі баяу басталып, оқиға желісі күрделене түседі. Кейіпкерлер арасындағы қайшылықтар өрістей кеп, әділдік үстемдік құрып, зұлымдық жеңіліс тауып жатады. Бала жағымсыз кейіпкерлердің жексұрын әрекетінен бой тартып, жақсылыққа құмартады. Жаңылтпаштар «Тіл-халық қазынасы» сабағында, сабақтан тыс уақыттарда тіл ұстарту, тез,шебер айта білуге жаттықтыру мақсатымен пайдаланылады. Мақал-мәтелдер нақыл сөздер – халық аузынан тараған даналық сөздер. Мәнерлеп оқу, жаттау баланың зердесін оятып, ой-түйсігін жетілдіреді. Бір жастағы баланың ойдағыдай дамуы, онымен үлкендердің қарым-қатынасы сипатымен сабақтас. Екі жаста ойын түрінде тәрбиеші сөздерді қимылмен жетілдіреді. Үш және төрт жастағы кезде тіл қарым-қатынас құралына айналады. Жеңіл ертегілерді әңгімелеп беруге үйренеді, көркем тілді жүйелі оқыту сабақ үстінде жүргізіледі, ойын түрінде өткізіледі. Алуан түрлі ойын сюжеттерін дамыту ынтасын, көркем әдебиетті қабылдауды жетілдіреді.
Бес-алты жастағы кезде шығарма мазмұнына мән беру, ойлары тиянақталып, тұрақтылық пайда бола бастайды. Біреулері өлең оқиды, енді біреулері ертегі айтуды жақсы көреді. Түйсік қабілеті дамып, өздері ойдан жұмбақ, ертегі ойлап тауып айта бастайды.
Балаға берілетін адамгершілік және эстетикалық тәрбиенің маңызы өте зор. Шығарма мазмұнын мәнерлеп жеткізу үшін кейбір техникалық тәсілдерді, тыныс алу, дауыс ырғағы екпінін білу қажет. Көркем әдебиет жұмысында қолданылатын әдіс-тәсілдер:
1. Баланы ауыз әдебиетімен таныстыру алдындағы әңгімелесу;
2. Балаларды шығарманы қабылдауға даярлайтын тақырыптық экскурсиялар;
3. Шығарманы мәнерлеп оқу немесе әңгімелеу;
4. Шығарманың мазмұны мен формасын эстетикалық қабылдауға және талдауға көмектесетін творчестволық тапсырмалар;
Тілдің мәнділігін жетілдіруге арналған жаттығулар, кітап иллюстрацияларын, техникалық құралдарды пайдалану.
[bws_related_posts]

1 пікір

  1. зарина камбарова

    жәрәйсіз енді сол мектеп жасына дейінгі баларға арналған түйсіктерін дамытуға арналған жаттығу, ойындар саласызба?

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *