Басы » Бастауыш сыныптар » М. Мақатаев- ғасыр ақыны

М. Мақатаев- ғасыр ақыны

muqagaliОңтүстік Қазақстан облысы
Түркістан қаласы
Жаңа Иқан ауылы
Ұлықбек атындағы жалпы орта мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Алдабергенова Райхан
Сабақтың тақырыбы: М. Мақатаев- ғасыр ақыны
Сабақтың мақсаты:
1 .Қазақ ақыны М.Мақатаевтың өмірінен дерек, өлеңдеріне шолу жасау, өлең мамұнын түсінулеріне жағдай жасау.

Шығармашылықпен жұмыс істеуге ыкпал ету, сөздік қорын молайту, мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру.
Табиғат әсемдігін сезіну, адамгершілік, инабаттылыққа қасиеттеріне тәрбиелеу.
Типі: Жаңа сабақты меңгерту
Әдіс-тәсілі: Сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, әңгімелеу, кітаппен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: М.Мақатаевтың портреті, сурет, плакат, кітаптары.
Пәнаралық байланыс: музыка, казақ тілі
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру.
Оқу құралдарын дайындау.
Сабаққа дайындық жасау
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру: «Теңіз жыры» өлеңді мәнерлеп оқу. Қ.Бекхожин.
— Тағыда кандай ақын жазушыларды танисыңдар?
Еске түсірейік:
1. Қ.Бекхожин. 1913-1990. Павлодар обл.
2.Қ.Мырзалиев 1935 Батыс Қаз. Обл
І.Жансүгіров. 1894-1938 Алматы обл.
Қ Аманжолов. 191 1-1955 Қарағанды обл.
Ж.Жабаев. 1846-1945 Алматы обл. М.Әуезов. 1897-1961 Шығыс Қаз. Обл.
М.Мақатаев. 1931-1976 Алматы обл.
ІІІ. Жаңа сабақ:
Біз осы ақын жазушылардың ішінде ақиық ақын М.Мақатаевтың өмірбаянымен, шығармаларымен танысамыз.
Биыл 9-ақпанда М.Мақатаев 79 жасқа толып отыр. Амандық болса, келесі жылы қазақ поэзиясының Хантәңірісі атанған М.Мақатаевтың 80 жылдық мереитойын атап өтеміз. Осыған байланысты Жетісу жерінде тойға дайындық шаралары қазірден-ақ басталып кетті. Оны Алматы облысының әкімі Серік Үмбетовтың өзі басшылык етуде. (Суретпен жұмыс Алматы облысының әкімі С.Үмбетов ауыл тұрғындарымен бірге. Мұқағали мұражайы. Қарасаз ауыл белгісі) Мұкағали ақынға арнап мұражай ашылған. Оған 90млн теңге жұмсалып отыр. 2011 жылы ұлы ақынның 80-ге толған мерейтойы «Сағындырған, Қарасазым» атты кездесу кешімен басталады.
М.Мақатаев 1931 жылы Алматы облысы Райымбек ауданында дүниеге келген. Қарасаз ауылы Мұқағали ақынның кіндік қаны тамған жер. Ауылдың атын шығарған, дүйім елге әйгілі еткен-осы топырақтың төл перзенті Мүқағали.
Қарасаз. Мұқағали жырға қосқан, Мұқағалиды тебіренткен, еміренткен киелі мекен. Мұқағали үшін жалғанда Қарасаздан артық, Қарасаздан қасиетті жер жоқ шығар. Сондықтан да оны «Жер біткеннің бал- қаймағына» теңейді.
Мен туған жер Қарасаз баурайдағы,
Жалғанда жер біткеннің бал қаймағы.
Есім кетіп жүргенде ес білдірген,
Жаралған жұлдызым ғой маңдайдағы.
Бақытым ғой «Қарасаз» келіп қонған,
Кисем-киім, ішсем-ас, көлік болған.
Мендей ұлдың осы жер мыңын туып,
Әлі күнге мыңына жерік болған , -деп келетін көркем жыр жолдары сүйіспеншіліктен, ақ адал махаббаттан туса керек.

Қарасаз
Мен бақыттымын,
Бақытты жерде туылдым.
Айналайын Қарасаз,
Қасиетіңнен суыңнан.

Сенің әрбір бұлағың-
Менің әрбір қан тамырым емес пе
Қасиетті тұрағым
Қасиетіңнен суыңнан.

Көктемде үйрек ұшып,қаз қонып,
Қараушы едім тырналарға мәз болып.
Жыр қыстап туылмас ем, сірә, мен,
Жаралмасаң өзің Қарасаз болып.

Сонау жатқан жасыл тауды көлденең
Алғаш рет ес білгенде көрген ем.
-Асқар таудың ар жағында ел бар,-деп
Әжем айтса,әй,сәбилік,сенбегем.

Қарасазым!
Айтылмаған сезім ең,
Мен іздеген бақыттың сен өзі ме ең?
Сенің ғажап табйғатыңды кімге айтам,
Кім құмартса, өзі көрсін көзімен…- бұл өлеңді осылай жырласа, тағы оір өлеңінде былайша толғанады. Оқулықтан «Қайран, Қарасазым-ай» өлеңін бір оқушыға мәнерлеп оқыту.Ақынның туған жерге деген ыстық сезімін, сағынышын қалай жеткізгені туралы ондағы табиғатты, құстарды, жануарларды қалай суреттегенін әңгімелеу.

ІҮ.Дәптермен жұмыс
Енді Мұқағали есімін қазақ тілінде септеу:
Ас.  Мұқағали
Іс.   Мұқағалидың
Бс.  Мұқағалимен
Тс.  Мұқағалимен
Жс. Мұқағалида
Шс. Мұқағалидан
Кс.  Мұқағалимен
Қарасаз сөзін тәуелдету
І.  Менің Қарасазым
ІІ. Сенің Қарасазың
Сіздің Қарасазыңыз
ІІІ. Оның Қарасазы
Ақын сөзін жіктету. ( Үш оқушыға тақтада орындату, дәптерге жазу)
Мен ақынман
Сен ақынсың
Сіз ақынсыз
Ол ақын
Ү.Поэзия миннуты
Олай болса Мұкағалидың өлең жинақтарынан мәнерлеп оқудан жарыс. Жақсы мәнерлеп оқыған оқушыға мақтау қағазын беру.

Көнеміз де…
Қайтер едің өмірге келмегенде,
Көнесің де…
Қайтесің көнбеген де…
Көресің де…
Қайтесің көрмегенде
Көлден тамшы бүйырмас шөлдегенде.

Қадірлі дос,
Халіңді үғып тұрмын.
Күйзелттің ғой,бәрін де ұмыттырдың,
Нақ айтыпты жандайын алдыңда мен
Не дерімді біле алмай,қүрып тұрмын.

Не де болса, тәуекел-тең көрейік,
Әкел бері қайғыңды-тең бөлейік
Бірімізге біріміз дем берейік,
Бір арбаның астында дөңгелейік.

Қақ бөлесің қайғыңды, келісеміз.
Алауын да, уын да тең ішеміз.
Кезбе бақыт кездесіп қалса бізге,
Тепе-тең ғып екіге бөлісеміз.

«Өлі балық жолығар өлмегенге»
Өлмегенге не жетсін,өлмегенге
Өмір деген осылай,жаным менің,
Қайтер едік өмірге келмегенде
Көнеміз де… Қайтеміз көнбегенде
Менің анкетам
-Туған жердің
-Ұланымын Қарасаз деп аталатын ауылдың.
-Туған жылдың
-1931 Құрдасымын Шәмілдің.
-Жынысың кім
-Еркекпін ғой,еркекпін
-Және дағы тәуірмін…
-Партияда барсың ба
-Жоқпын.
-Бірақ қаммунистік көзқараспен қараймын.
-Шыққан тегің?
-Шаруамын.
Бар тілектен бағалы оны санаймын.
-Білімің ше?
-Орташа ғой.
Алайда өзім жоғарыға балаймын.
-Ана тілің?
-Қазақша.
Қысылғанда орысша да, немісше де тағы бар,
-Қайда істейсің?
-Мынау «Еңбек кітапшамнан» танып ал.
Оқымаған дипломсыз демесең,
Бір басымнан бар мамандық табылар.
-Міндеттісің бе әскерге?
-Міндеттімін.
Біздің әлі жас кеуде.
Жауынгердің ұлымын ғой
Жанын қиған Мәскеуде.

-Сөгіс алып көрдің бе?
-Ол жағынан періште едім дей алмаймын
Мен мүлде.
Ойлы-қырлы бұл өмірде болады ғой мүлт кету,
Ол өзі еншісі ғой ездің бірі ердің де…
-Шетелде болдың ба? Болғам жок.
Олар маған түрған да жоқ қол бүлғап.
Қалсам болды, өлсем болды жәйіменен
Осы отырған орнымда-ақ.
-Мекен-жайың?
-Мекен-жайым-Жер менің.
Жерде жүрген акын деген пендемін.
Қалам,қағаз,уақыт бер тек аздаған,
Мен өмірді жырлау үшін келгенмін.
Бұл өлеңде Мүқағали өз өмірінен қысқаша болса да көп мағлұмат бергендей.
Отан туралы
Мен Отанның түнін сүйем, күнін сүйем,
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем,
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның қүдіретті үнін сүйем.

Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,
Бәрі маған: «Отан»-деп сыбырлаған.
Жаным менің, кеудемді жарып шық та,
Бозторғайы бол оның шырылдаған.

Отан Отан
Бәрінен биік екен.
Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем.
Отанды сүймеуің де күйік екен,
Отанды суйгенің де күйік екен…
Мен оның күнін сүйем,түнін сүйем.
«Үш бақытым» өлеңі оқылады.
Мұкағали «Үш бақытым» деген өлеңінде ең бірінші бақыты- туған халқы екенін айтып еді. Халқын, қазағын бәрінен де жоғары қойды.
Ең бірінші бақытым- Халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кенін.
Ол бар болса мен бармын, қор болмаймын,
Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.
Қорытынды: Халқы да дара перзенті, талантты ұлы Мұқағалиды о бастан-ақ таныған, мойындаған. Халық ұлын ардақтаудан, аялаудан, құрметтеуден еш
танбайды. Олай болса, ақын тойын туған елі, туған халқы шырайын шығара, дүрілдетіп өткізетініне еш күмән жоқ.
Қош, Қарасаз! Көріскенше!
Арма Мұқағалишылар, Мұқағали жырлары
Үйге тапсырма: «Қайран, Қарасазым-ай»-өлеңін мәнерлеп жаттау, өлең соңындағы тапсырманы орындау.
Бағалау: Мақтау қағазымен марапаттау, бағалау.

 

[bws_related_posts]

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *