Басы » Бала бақша » Үлкен үй

Үлкен үй

uiБҚО, Жаңақала ауданы, Бірлік ауылы,
№5 «Жеткіншек» балабақшасының психологі
Кайрбулатова Жанна Боранбаевна
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Денсаулық, Қатынас
Бөлімі: Дене тәрбиесі, Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Үлкен үй»
Мақсаты: Балаларға ертегіні еске түсіре отырып, әрбір аңның қимылын жасауға үйрету, аяқтың ұшымен, өкшемен қозғалыстарын дамыту.
Көрнекі құралдар: Құрсау, жаттығу скамейкасы
Әрекет кезеңдері
Ұйымдастырушылық іздестіру
Кіріспе бөлім:
Балалар залға маршпен кіреді.
1. Ертеде тышқан болыпты, орманда келе жатқанда «үлкен үйді» көреді. Есікті қағады, ешкім дыбыс қатпайды. Тышқан үйшікке кіріп тұра бастайды.
Бір кезде бақа келеді. Үйшікті көріп тоқтайды. Ешкім дыбыс қатпайды. Бақа үйге кіріп тұра бастайды.
Бір кезде қоян келеді. Үйшікке тоқтайды. Ешкім дыьыс қатпайды. Қоян үйшікке кіріп тұра бастайды.
Бір кезде түлкі жайлап басып келіп үйшіктің есігін қағады, ешкім тіл қатпайды. Түлкі үйшікке кіріп тұрады.
Бір кезде қасқыр жүгіріп келеді де, есікті қағады. Ешкім дыбыс қатпайды. Үйшікке кіріп тұрады.
Орманнан аю шығады. Есікті ашып қараса үйшікте аңдар жатыр екен. Аю үйге кірем дегенде үй бұзылады. Аңдар қаша жөнеледі.
Ал, балалар, осы аңдарға үй құрастырып көрейік.
Жалпы дамыту жаттығулары
«Үй салу» Б.қ. аяқ бірге, қол астында.
1-қол жан-жақта.
2-өз алдында. 3- жоғарға созылып, 4 түсірдік. 4 рет
«Ағаш жару» Б.қ. – қайшы
1-қол жоғары,
2- астына
3-жоғарға
4-астына
«Шеге қағу» Б.қ. аяқ бір қолда балға.
1-оң аяқ алға шығарып, 2- соғып, 3 – бастапқы қалып.
«Ағаш домалату» Б.қ. «Аңдар көңілді биі» секіру (Әуен ойнатылып тұрады.)
1-ізбен жүру
2- көпір үстімен өту,
3 құрсау астымен еңбектеп жүру.
Демалу жаттығулары: баяу жүріс
Күтілетін нәтиже:
Білуі керек: Аяқтың ұшымен, өкшемен жүруді, әрбір аңның қимылын жасауды меңгереді. Ізбен жүруді, көпір үстімен өтуді, құрсау астымен өтуді біледі.

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *