Басы » Информатика » WORD – тың графикалық мүмкіндіктері

WORD – тың графикалық мүмкіндіктері

wordАстана қаласы
№49 орта мектептың
информатика пәні мұғалімі
Сейітхан Гауқар

Сабақтың тақырыбы :  WORD – тың графикалық мүмкіндіктері
II. Сабақтың түрі: дәстүрлі емес
ІІ. Сабақтың  мақсаты:
Білімділік:  Оқушыларды WORD – тың графикалық мүмкіндіктері пайдалануға үйрету;
Тәрбиелілік: Оқушыларды сабырлыққа, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа , сүйіспеншілікке тәрбиелеу;

Дамытушылық: Оқушыларға  жаңа тақырып бойынша практикалық жұмыстар жасату арқылы білімдерін,  ойлау қабілетін, логикалық-абстракциясын дамыту.
III. Сабақтың  көрнекілігі: Компьютер, практикалық жұмысқа арналған кеспелі таратпа, сурет, слайд, тест тапсырмалары,  бағалау парағы т.б.
IV. Оқыту  әдістері:  Практикалық іс – әрекеттерді ұйымдастыру әдісі
V. Оқыту  формалары:  жеке, топтық  және  ұжымдық
VІ.  Сабақтың  жоспары:
а)  ұйымдастыру
ә)  өткенді қайталау
б)  жаңа  сабақ
в)  бекіту
г)  үйге  тапсырма
д)  қорытынды
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі (2 мин):
Сынып бөлмесіне енген оқушылармен сәлемдесіп, қауіпсіздік ережені ескерте отырып назарларын сабаққа аудару
II. Өткенді қайталау (5 мин).(Сұрақтар арқылы)

WORD  не үшін арналған бағдарлама?
Мәтіндік құжаттардың құрамында мәтіннің неше түрі бар, олар?
WORD – тың қосымша қандай мүмкіндіктері бар?
Құжаттарды баспаға шығару үшін қандай құылғы қажет және қандай әрекеттер орындалады?
III. Жаңа тақырып (30 мин):
Жаңа  сабақ
1) Графиктік  объектіні  енгізу
Төмендегі  формальды  алгоритмді  орындаңдар:
Файлдарыңды  ашыңдар, мәтіннің  суретті  кірістіретін   жерлеріңе  меңзерді  қой
Вставка          Рисунок          Картинки командасын  орындаңдар.
Microsoft Clip Gallery  диалогтық  терезесінде Картинки қосымшасын   және   Рисунок  категориясын  таңдаңдар.
Таңдаған  суретіңде  маусты шертіңдер.
Вставить батырмасын шерту керек.
Егер сурет көлемін өзгерту керек болса онда тышқанның оң жақ батырмасын шертіп формат рисунка терезесінен өзгертіуге болады.
Динамикалық менюден формат рисунка диалогтік терезесіндегі положение қосымшасына шертіңдерде, поверх текста опциясының жасаушасын алып тастаңдар, ОК шертіңдер.
Кірістірлген сурет мәтіннің оң немесе сол жағында орналасуы үшін обтекание қосымшасын таңдау керек, содан кейін вокруг рамки және по большей стороне шаршыларын және ОК шерту керек.
2) Фигуралық  мәтін  енгізу
Төмендегі  формальды  алгоритмді  орындаңдар:
Меңзерді  қажетті  жерге  қойыңдар.
Вставка          Рисунок           Word Art командасын   орындаңдар
Коллекция Word Art диалогтік  терезесіне  қажетті  қаріп  стиліне  шертіңдер, ОК шерту керек.
Изменение  текста Word Art диалогтық  терезесіне  текст надписи өшіріп, керекті сөзді жазып ОК басу.
IV. Практикалық жұмысымызды басталық.

  • Ол үшін сіздер мен «Алтын қақпа» ойнын ойнаймыз. Алыстағы алтын сандыққа жету үшін кемеге отырамыз, бір кемеде кеме бастығы, кеме жұмысшылары және жолаушылар болады. Кемеге отыру үшін бізге тағы не керек, әрине билетіміз болуы керек. Билет алу үшін кезекпен сұрақтарға жауап береміз. Ол үшін мен сіздерге кеспе қағаздар таратып беремін. Ол кеспе қағаздың бірінде сұрақтар жасырыла, екіншісінде жауаптары берілген. Бір оқушы сұрағын оқыса екінші оқушы сол сұраққа сәйкес жауабын оқу керек. Ал олай болса оқушылар түсінікті болса біз әрі қарай жалғастырайық ( өз жартымызды табамыз).

 

Сурет салу аспаптарының  панелі.

суреті

Міндеті

Батырма суреті

Міндеті

*

Әрекеттер

*

WordArt обьектісін қосу

*

Автофигуралар

*

Диаграмма қосу

*

Обьектіні таңдау

*

Картинка қосу

*

Тік сызық

*

Сурет қосу

*

Меңзер

*

Құю түсі

*

Тік төртбұрыш

*

Сызық түсі

*

Сопақша дөңгелек

*

Қаріп түсі

*

Жазу

*

Сызық типі

*

Штрих түрі

*

Бағдарша түрі

*

Көлеңке стилі

*

Көлем

 

өз жартыларымызды тапқан соң алтын қақпа ойынымызды бастаймыз.

І. Ағаш қақпаның тапсырмалары:

  • «Менің достарым» тақырыбында шағын шығарма теріңдер.Белгілі бір атпен сақтап қойыңдар.

  • Тақырыбын WordArt обьектісін қолданып жазыңдар.

  • Қатесін түзетіңдер.

  • Мына операцияларды орындаңдар:

  • Times New Roman – кәріп;

  • 14 кәріп өлшемі;

  • Оң абзацтық шегіністі.

ІІ. Темір қақпаның тапсырмалары:

Ал балар біз бірінші тапсырмаларды орындадық, ағаш қақпамызды ашайық. Енді біздің ағаш қақпамыздың ішінде темір қақпа тұр оны ашу үшін «Кім ұқыпты, кім шапшаң» ойынын ойнайқ, барлық топқа тест тапсырмалары беріледі.

Тест сұрақтары

1) Microsoft Word- ты іске қосу?

А) Пуск – завершение работы.         В) Пуск- праграмма – MS WORD

C) Пуск – MS WORD                         D) дұрыс жауабы жоқ

2) Мәтінге графикалық кескін еңгізу?

A) Пуск – Paint                                          B) Вставка –  картинка-  обьект Word Ard

C) Вставка – Рисунки –картинка            D) Вставка – Обьект

3. Фигуралық мәтін еңгізу?

A) Пуск – Paint                                          B) Вставка – Рисунки – Обьект Wort Ard

C) Вставка – Рисунки – Картинка           D) Пуск  — Wordpad

4. Компьютердегі ақпарат мынандай  жүйедегі кодтар  арқылы  жазылады.?

A)  2 – к санау жүйесінде                    B)  10-дық санақ жүйесінде

C)   8-дік санақ жүйесіде                    D)  16- қ санақ жүйесінде

 

5. Word редакторымен жұмысты аяқтау былай орындалады. ( қате жолды көрсет) ?

A) Файл – выход                             B) (х) батырмасын басу

C) ALT  + F4  пернесін басу           D) Файл – закрыть

 

6. Мәтіннің жиегін қоршау, бетті қоршау, бояу әрекеттері қандай команданың көмегімен орындалады?

А) Формат-границы и заливка        B) Вставка-границы и заливка

С) Рисование- заливка                      D) Формат- фон- заливка границы

 

7) Құжат беттерін нөмірлеу әрекеті қалай орындалады?

А) Вставка- номера страниц          B) Вид- колонтитулы

С) Файл- Параметр страницы        D) Дұрыс жауабы жоқ.

 

8) Құжатты баспаға шығару үшін қандай әрекет қолданады?

А) Файл-печать                             B) Вставка-печать

С) Вид-печать                              D) Правка-печать

 

9) Құжатты сақтау үшін қандай әрекет қолданылады?

А) Файл- сохранить как            B) Правка- сохранить как

С) Вид- сохранить как              D) Формат- сохранить как

 

10) Алдын-ала қарау әрекеті ( предварительный просмотр)?

А) Правка-  предварительный просмотр        Б) Вид- предварительный  просмотр

С) Файл- предварительный  просмотр          Д) Формат- предварительный  просмотр.

                      Word  мәтіндік редакторы

                              Тест жауаптары

   1 B           2 C       3 B        4 A      5 D        6   A

7 A          8 A      9  A     10  C

 

ІІ. Күміс қақпаның тапсырмалары:

1.Автофигурадағы  құралдарды  пайдаланып қарапайым  үй  суретін  сал.

  • Автофигурадағы сызық  құралын  пайдаланып, өрмекшінің  торын  сал.

Мына  тақпақты жаз.

Жұмыс  істеп  ұзақ,

Өрмекші  құрды тұзақ,

Болмады  бірақ  күткені,

Оған ешкім  түспеді.

 

  • Әр түрлі типті бұрыш құралын пайдаланып, пирамида сал.

Алтын қақпаның есігін ашпас бұрын сергіту сәтін өткізелік.Саусақ, көз жаттығуларын жасалық.

ІІІ. Алтын қақпаның тапсырмалары:

  • Сақталып қойған алдынғы мәтәнді пайдаланамыз.Кеме бастығының аты-жөнін жеке жазып, оның неге қызығатынын, қандай ойынды жақсы көретінін суретпен бейнелеңдер( Вставка – рисунок – картинки).

  • Сақталып қойған алдынғы мәтәнді пайдаланамыз. Кеме қызметкерлерінің ішінен біреуін таңдап алып сендер оның қандай артықшылығын білесіңдер соны сурет арқылы бейнелеп, атын да жазыңдар.

 

  • Еркін тақырыпта мәтіні бар сурет құрастыру.

 

Міне оқушылар , еңбек түбі – зейнет дегендей «Алтын сандыққа» да келіп жеттік.

   Алтын сандықты ашу кімге бұйырды, сандықты ашу үшін қандай әрекет жасау керек екен қанекей? «Капитандар сайысы»

ІV. «Білім кілті» енді білім кілтін алу үшін  капитандар сайысқа түседі , кім бірінші жұмбақтың шешуін тапса сол алтын сандықты ашады.

Ұзын, ұзын жол

Ұшына жеткен бар ма екен?
Түбі терең қара су,
Түбіне жеткен бар ма екен?
Түбіне жетіп бұл судың,
Қанып ішкен бар ма екен? (Оқу)
V. Бекіту (5 мин):

Бағалау парағы: ( бір сұрақ 5 балдан бағаланады)

Топ  аты

Ағаш қақпа

Темір

қақпа

Күміс

қақпа

Алтын

қақпа

Алтын

сандық

кеспе қағаздар

сұрағы

Жалпы баға

VI. Үйге тапрсыма (2 мин):

Өткен тақырыпты қайталау, 152 – беттегі тапсырманы орындап келу.
VII. Сабақты  қорытындылау (2 мин):
Жаңа  материалды  пысықтау,  оқушылардың  меңгерген  білімдерін  талдау, бағалау.
VIII. Бағалау (1 мин).
Сабақты қорытындылау барысында сабаққа белсене қатысқан оқушыларды  мадақтап, қалыс қалып отырған оқушыларға ескертпелер беру арқылы білімдерін бағалау.

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *