Басы » Бала бақша » Көлік түрлері, ондағы мінез – құлық ережелері

Көлік түрлері, ондағы мінез – құлық ережелері

kolikШығыс  Қазақстан облысы  Семей  қаласы  № 8 «Балбөбек»  ясли-бақшасы

Ермухаметова Гульнаш Закарьяновна

ересек  топ   тәрбиешісі

Тақырыбы:  Көлік түрлері,  ондағы мінез-құлық ережелері

Тақырыбы: Көлік түрлері, ондағы  мінез – құлық  ережелері.

Мақсаты: Көлік түрлері жайлы білімдерін қалыптастыру. Атқаратын қызметіне және  жүретін ортасына қарай, ауада,жерде,суда топтастыру. Көлік ішіндегі мінез-құлық ережелерін түсіндіру. Ертедегі көліктермен таныстырып өту. Көліктердің пайдалы және зиянды жақтарымен таныстыру.    

Сөздік жұмыс: өгіз арба, су асты қайығы.        Билингвалдьді компонент:көлік-транспорт.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Балаларды шеңберге тұрғызады. Балалар бір-бірімізге бұрыламыз, жымиямыз, күлеміз. Қолдарыңды беттеріңе ұстаңдар, күлкі сендердің беттеріңді жылытсын, қолдарымызды жүрегімізге әкелейік, өздеріңнің кішкентай жүректеріңді жылытып, алақанды алып өз достарымызға, келген қонақтарға қарай үрлеп жіберейік, қуанып қалсын.

Тәрбиешінің айтқанын қайталап тұрады.

Жарық болса күніміз,   Жарық шығар үніміз,    Біз болашақ гүліміз,   Қайырлы таң,    Қайырлы күн,                                 Күліп шықты күн бүгін.

Ұйымдастырушы ізденуші

Сұрақ-жауап:

-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

-Күз айларын атайықшы

-Қазір қай ай?

Жұмбақ шешу:

Аяғы жоқ, қолы жоқ.                            Не жүретін жолы жоқ,                      Мініп алсаң зулайды,                                  Бірақ ізі қалмайды.

Біз сендермен көліктер туралы айтамыз. Көліктердің мынадай түрлері болады екен: жүк машина, жолаушылар тасымалдайтын көліктер.Сондай-ақ арнайы көліктер:01-өрт сөндіргіш                                        02- егер адам ауырса                                        03- егер тәртіп бұзушылық болса,                                                                       -әскери көліктер.                                     Поезбен қайда барады?                      Поездан да жылдам жету үшін неге отырады?                                            Суда жүретін не?                                   Судың астында жүретін не?

Балалар жаңа біз сендермен таңертеңгі уақытта адамдар жұмысқа автобуспен барады дедік.

Автобус қандай (көлемі)? Автобусқа кіргенде өзімізді қалай ұстаумыз керек? Айғайлап шулаймыз ба?

Үлкен кісі автобусқа кіргенде не істеуіміз керек?

Жақсы балалар. Осы автобус, машина болмаған уақытта адамдар неге отырыпты?               Жүк машина, ұшақ болмаған кезде?                                                    Керекті жерлеріне немен барған?

-Қазір осылардың орнын орнын не атқарып тұр?

-Жалпы атауын не дейміз?

Сергіту сәті.

-Сендер білесіңдер ме, осы көліктер немен жүреді?                     Олар  жүрген кезде, түтін,газ бөлініп шығады. Осы газдардан ауа ластанып кетпес үшін жолдың бойына ағаштар,гүлдер, шөптер өсіреді.

1.жерде жүретін көліктер.

2.суда жүретін.

3.әуеде ұшатын.

Көліктерді бір-біріне қосу.

Көрініс:

Балалар автобусты кім жүргізеді? Ал біз өзімізді автобуста қалай ұстаймыз? Жүргізуші айдайды. Аялдамаға тоқтағанда әже отырады.

Бала жылжиды.

Балалар сұрақтарға жауап береді.

Су көлігі.

Басқа қалаларға.

Ұшаққа отырады.

Кеме.

Су асты қайығы.

Үлкен.

Айғайламаймыз, шуламаймыз.

Орын беруіміз керек.

Атқа отырыпты.

Өгізге, атқа.

Машина,ұшақ.

Көліктер дейміз.

Балалар  жүретін ортасына қарай (ауада, суда, жерде)  топтастырады.

Балалар көрініске белсене қатысады.

Бала тұрып орын беру керек.

Рефлексивті түзетуші

Д.О. «Орнын тап»

Балалар, қараңдаршы қандай суреттерді көріп тұрсыңдар?

Бұлттың астына ауада ұшатын көліктерді,судың астына суда жүретінін, жолдың астына жерде жүретін көліктерді ілейік.

Қорытындылау.

Бұлт, су, жол.

Балалар тапсырманы орындайды.

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: көлік түрлерін, атқаратын қызметін.

Нені игереді: көліктердің пайдалы және зиянды жақтарын білуге деген қызығушылықтары.

Нені біледі: балалар өздерін көлік ішінде әдепті ұстауды.

D:\Мои документы\Мои рисунки\Изображение\Изображение 315.jpgD:\Мои документы\Мои рисунки\Изображение\Изображение 316.jpg
D:\Мои документы\Мои рисунки\Изображение\Изображение 317.jpg

D:\Мои документы\Мои рисунки\Изображение\Изображение 318.jpg

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *