Басы » Бастауыш сыныптар » Түстер әлемінде

Түстер әлемінде

tuster

Павлодар қаласы
33 «Ақ бота» сәбилер бақшасы
Касимова Анаргуль Адыловна
Ағылшын тілі пәні мұғалімі
Білім беру саласы: Қатынас
Пән: Ағылшын тілі
Тақырыбы: «Түстер әлемінде»
Мақсаты: Ағылшын тілінде түстерді атауын үйрету.
Міндеттері: 1. Білімділігі: Ағылшын тілінде түстерді атап беруге үйрету,
ажырату, қазақ тілімен салыстыру.
2. Дамытушылығы: ағылшын тіліндегі дыбыстарды дұрыс   шығару, сөздерді дұрыс,  нақты айту, зейінді тұрақтандыру, шапшаң ойлауды дамыту, сөз қорын байыту.
3. Тәрбиешілігі: Шет тіліне деген қызығушылықтарын арттыру, балалардың арасында сыйластық, бір біріне деген құрмет сезімін қалыптастыру.

Әдіс – тәсілдер: көрсету, түсіндіру, сұрақ – жауап, мнемосызба әдісі арқылы тақпақ үйрету.

Көрнекі құралдар: түстердің(қызыл,көк,сары,жасыл,тоқсары) суреттері, мнемосызба, «Спот» ит ойыншығы, тақта, үнтаспа мен магнитафон, доп, теледидар, слайдтар,қағаздан жасалған гүл, қарандаштар, жемістер(алма,апельсин,алмұрт,банан), жасанды шырша, шырша ойыншықтары (бала санына қарай),  шарлар.

Сөздік жұмыс: жаңа сөздерді енгізу red, blue, yellow, green, orange,
«I like» сөз тіркесі.

І. Кіріспе. Амандасу. (Greeting)
Мұғалім балалармен амандасады.
— Good morning children!
Балалар мұғаліммен ағылшын тілінде тақпақ түрінде амандасады.
-Good morning, good morning
Good morning to you!

  •  Good morning, good morning,

 I’m glad to see you!

Шаттық шеңбер.

  • Балалар, бізге қонаққа «Спот»келді.

  • Ол бізбен бірге танысқысы келеді. Қане бәріміз шеңберге тұрайық. Доппен ойнап өз атымызды ағылшын тілде атап берейік (балалар шеңберге тұрып, мұғалім допты әр балаға лақтырып сұрайды:

  • «What’s your name?» Сенің атың кім?

  • Балалар жауап береді: My name is…»Менің атым…)

                

Фонетикалық жаттығу

  • — Балалар, «Спот» өте қуанышты. Ол бізге бір хат әкелді. Қане көрейік, бұл хатта не жазулы екен. Онда бір тақпақ бар екен. Ол тіл туралы.

Ал, енді тілдерімізді жаттықтырайық.

—  «Терезесі жоқ үйде тіл өмір сүріпті

   Ағылшын тілінде біраз сөйлепті

   Таңертең жаттығу жасап [ а/b/]

   Төсек орнын жинап

        Тісін тазалап [θ — ә] үй жинап, Есікті ашатын [р/w] .

                          

ІІ. Негізгі бөлім

Балалар мен сендерге жемістер және олардың түстері туралы ертегі айтып берейін.

Түстерге байланысты ертегі.

Ерте, ерте,ертеде жемістердің түстері ақ болған екен. Бір күні жаңбырдан кейін аспанда кемпірқосақ пайда болыпты. Кемпірқосаққа қызыққан апельсин үстіне шығып  сары түстің үстімен сырғанап түседі. Оны көрген басқа жемістер де сырғанай бастайды. Сөйтіп алмұрт – жасыл, апельсин – сары, алма  — қызыл түске боялады, кешке үйлеріне қайтып келгенде сары түске боялған апельсинді лимон деп мазақ етеді, ашуланып ұялған апельсин қызыл түстің үстімен сырғанап қазіргі түсіне боялады.

Мұғалім балаларға жемістерді көрсетіп, қандай жеміс екенін балалардан сұрайды.

  • What is it? Мынау не?

  • It’s apple, orange, pear, banana.

  • Бұл алма, апельсин, алмұрт, банан.

Мұғалім балалардан жемістердің қандай түсті екенін сұрайды. Балалар қазақ тілінде жауап береді де, мұғалім сабақтың тақырыбын, мақсатын балаларға айтып береді, балалармен түстер туралы әңгімелейді.

Мұғалім бес түстердің суреттерін көрсетіп, түстерді атап береді. Балалар мұғалімнің артынан бірнеше рет қайталайды.

  • red – қызыл

  • green – жасыл

  • blue- көк

  • yellow – сары

  • orange – тоқ сары

 

Жаңа сөздермен жұмыс жасау. Мұғалім балаларға компьютерді қосып слайдтар көрсетеді. Слайдтарда жемістер және олардың түстері көрсетілген. Мұғалім балаларға түстердің суреттерін көрсетіп, сұрайды:

  • What color is it? – Бұл қандай түс?

(Балалар өздері жауап беруі керек, егер балалар қиналса, мұғалім көмектесіп, бірнеше рет қайталайды).

Мнемосызба арқылы түстер туралы тақпақ  жаттау.

Мұғалім бірінші тақпақты балаларға айтып береді, осыдан кейін мнемосызба арқылы көрсетіп, тағы айтып береді.

  • I see yellow, I see green,

  • I stand up! I sit down!

  • I see red! I see blue!

  • I see you and you and you!

Екі бала тақтаға шығып тақпақты мнемосызба арқылы айтып береді.

                            

Тапсырма орындау.

Балаларға гүлдің суреті таратылады. Бұл суретті балалар әр түрлі түстерге бояу керек. Мұғалім түстерді ағылшын тілде атап беріп, балалар сол уақытта мұғалім атаған түсті тауып, бояу керек.

 

                  

Сергіту сәті. (Physical training)

Балалар Спот бізбен жаттығу жасағысы келеді,ортаға шығып саусақтарымызыд демалтып, сергіп алайық.

  1. Мұғалім теледидардан сергіту сәтін видео арқылы өткізеді:

Daddy finger, daddy finger

Where are you?

Here I am, here I am

How do you do?

2. Мұғалім мен балалар бірге ағылшын тілінде іс-әрекеттерін атап тұрып, қимылдарын көрсетеді.

-Hands up!

— Hands  down!

— Bent right! Bent left!

Sit down! Stand up!

1,2,3 hops! 1,2,3 stop!

   Sit down, please!

                   

 

-. Балалар, бізде алда қандай мереке келе жатыр?

Балалар өз жауаптарын айтады. Мен келе жатқан жаңа жылға арнап шырша сатып алдым.Балалар,сендер енді Спотқа шыршаны безендіруге көмектесіңдер.

Балалардан қандай түс ұнайтыны сұралады:

  • Who likes red/yellow/green/blue/orange color?

Балалар  «I like» құрылымын қолданып жауап береді.

–I like red, yellow, blue, green, orange деп сұрақтарға жауап бере отырып,балалар ұнатқан түсті шырша ойыншығын үйлестіреді.

-Міне, балалар, біздің шыршамыз әдемі болып кетті. Very good! It’s beautiful!

              

Ойынды ойнау. (Let’s play!) Гүлді жинау.

-Балалар енді біз Спотқа сыйлық жасайық, оған гүл жасап берейік.

Мұғалім балаларға әр-түрлі түсті қағаздан қиылған гүлдердің күлтелерін көрсетіп, ойынның шарттарын түсіндіреді.  Балалардың барлығы кезекпен бір-бірден тақтаға шығады. Мұғалім үстелге гүлдердің күлтелерін қояды да, ағылшын тілінде түстердің біреуін атайды. Бала естіген күлтелерді тауып алып, тақтаға жабыстырады. Мұғалім қалған балалармен бағалайды. Сол ретінде барлық балалар бірнеше гүл тақтаға жабыстырады.

(Бұл ойында есту қабілеттері дамиды.)        

Қорытынды бөлімі.

— Балалар, бүгін қандай тақырып өттік?

— Бүгін сабаққа кім жақсы қатысты деп ойлайсыңдар?

— Сендерге сабақ ұнады ма?

— Мен сендерге кішкентай сыйлықтарды дайындадым.

(Балаларға шарлар таратылады).

Балалар, Спот өте қуанышты, біздің сабағымыз оған өте ұнады!

  • Good bye, children!

  • Good-bye, teacher! Good-bye, Spot! Сау бол Спот!

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *