Ақмола облысы, Астрахан ауданы, Жамбыл ауылы
бастауыш сынып мұғалімі Кабылтаева Ғалия Абаевна
Сабақтың тақырыбы: Сорпа
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: мәтін мазмұнын өмірдегі жағдайлармен байланыстыра білуге үйрету.
Дамытушылық мақсаты: кейіпкер әрекетіне баға беру арқылы өмірдегі жағдайлармен салыстыру дағдысын қалыптастыру.
Тәрбиелік мақсаты: халықтық тәрбие бұлағынан сусындату, тамақтану мәдениеті мен этикалық ережелерін ескеру
Сабақтың түрі: аралас
Көрнекілігі: мазмұнды суреттер,
Қолданылатын әдіс: сұрақ – жауап, талдау, түсіндіру, әңгімелеу, ой толғау
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Өткенді пысықтау
ІІІ. Жаңа сабақ.
А)Қызығушылығын ояту
Тақтаға кестені ілу
-Қандай баланың сөзі?
Баланың сөзі | Сыпайылық пен мәдениет |
-Ой, жоқ, ішпеймін………………………………
-Дәмсіз екен………………………………………… -Тұзы көп екен…………………………………….. |
-Мәдениет деген не? Ойларын жинақтау.
-Мына баланың сөзіне не байқадыңдар? |
-Тамақтануға да мәдениет керек десек, «Сорпа» мәтінін оқып көрейік.
ІҮ. Мағынаны тану
— мәтінді мәнерлеп оқу.
-іштей оқу
-тізбектеп оқу
-мәтін мазмұнына сұрақтар.
-мәтін кім туралы?
-Егер баланың орнында сен болсаң, анаңа не айтар едің? Сол сыпайы сөзді кестенің екінші бөлігіне жаз.
-баланың сорпаны сүйсініп ішкеннен кейінгі сөзінде не жетіспей тұрғандай?
-дәмді екен, бірақ қазір тәбетім тартпай тұр. Кестеге тамақтану кезіндегі сыпайы сөздерді теріп жазу
Ү.Сергіту сәті
ҮІ.Дәптермен жұмыс
Балаға хат жаз.
ҮІІ. Қорытынды
-балалар, бүгін біз қандай тараумен таныстық?
-соның ішіндее ең алғашқы қандай мәтінмен таныстық?
-дастархан басында мәдениетті сөйлеу керек пе екен?
ҮІІІ. Үйге тапсырма беру
94,95 бет оқу мазмұндау
ІХ. Бағалау.
Қатысқан оқушыларды бағалау
[bws_related_posts]