Басы » Бастауыш сыныптар » Кел, балалар, оқылық. Заттың қимылын білдіретін сөздер

Кел, балалар, оқылық. Заттың қимылын білдіретін сөздер

Алматы қаласы  №176 мектеп-гимназиясының
бастауыш сынып мұғалімі
Наурызбаева Альбина Амирбековна

Сабақтың тақырыбы: Кел, балалар, оқылық. Заттың қимылын білдіретін сөздер.
Сабақтың мақсаты:
1)    Білімділік: Оқушылардың заттың қимылын білдіретін сөздер туралы түсінктерін кеңейтуге мүмкіндік жасау, өлеңдерді мәнерлеп, түсініп оқуға дағдыландыру.
2)    Дамытушылық: Оқу-жазу дағдыларын жетілдіру, сөйлеу тілін, сөздік қорын молайту.
3)    Тәрбиелік: Оқуға, білімге жетелеу, өз мектебін құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабаққа керекті құрал жабдықтар мен көрнекіліктер:Ы.Алтынсаринның портреті, слайдтар, мектеп суреті, суреттер.
Пәнаралық байланыс: Тіл дамыту, көркем жазу.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, көрсету, баяндау, сұрақ-жауап.
Сабақтың түрі: Ашық сабақ
Сабақтың барысы:
1.     Ұйымдастыру кезеңі:
Оқу құрал-жабдықтарын алдыру.
Сабаққа дайындығын тексеру.
2.     Үй тапсырмасын тексеру кезеңі.
Өткен сабақты қайталау.
—         Балалар, көңіл-күйлерің қалай?
—         Бүгінгі ауа-райы сендерге ұнайды ма?
—         Бүгінгі ауа райы қандай?
—         Иа, күн жарқырап шығып тұр. Жаңбыр жауатын кезде аспан қандай болады?
—         Күн бұлттанып, аспанды бұлт торлайды. Балалар, біздің мектебіміздің үстін сол бұлттар торлап алыпты. Енді не істейміз?
—         Сендер, біздің мектебіміздің бұлт торлағанын қалайсыңдар ма?
—         Онда, мына тапсырмаларды орындасақ, бұлт тарап, күн бізге күлімдеп шығады.
—         1-тапсырма: Кім? деген сұраққа жауап беретін 5 сөз айт.
—         2-тапсырма: Не? деген сұраққа жауап беретін 5 сөз айт.
—         3-тапсырма: Кімдер? деген сұраққа жауап беретін 5 сөз айт.
—         4-тапсырма: нелер? деген сұраққа жауап беретін 5 сөз айт.
—         5-тапсырма: не істеді? деген сұраққа жауап беретін 5 сөз айт.
Әр дұрыс жауап үшін мектептің бір бөлігі тақтаға ілініп отырады. Бұлт ашылып, күн шықты. Күннің суретін жабыстыру.
—         Ал енді мектебімізді гүлдендірейік. Ол үшін мына тапсырмаларды орындауымыз керек.
Ағаштың, гүлдің артына жазылған тапсырмаларды оқып, орындап, мектепке ілінеді.
Тапсырмалар:
Заттың қимылын білдіретін сөздер жаз.
Айнұр не істеді?
Марат не істеді?

Көбелек не істейді?
Аю не істейді?
Құстар не істейді?
—         Балалар, сендер мектепке келгенде ең бірінші не байқадыңдар?
Тақтаға, «Кел, балалар, оқылық!» деген сөз жазылған қағаз ілінеді.
—         Бұл сөз не үшін жазылған деп ойлайсыңдар?
—         Бізді оқуға, білімге шақырған.

  • —         Ыбырай Алтынсарин туралы өткенбіз,иә? Ол кім?

Ыбырай

Алтынсарин

—         Ақын, жазушы, ең алғаш мектеп ашқан, мұғалім. Ол Қостанай қаласының, Қостанай облысында дүниеге келген. Бүгін Ыбырай Алтынсариннің Кел, балалар, оқылық өлеңімен танысамыз.
Операционалдық-орындаушылық кезең.
Оқулықпен жұмыс.
—         Ал ендеше мен сендерге оқып беремін. Сендер мұқият тыңдап, қолдарыңмен жүгіртіп отырасыңдар, қолымызға қарындашты алып, түсінбеген сөздеріміздің астын сызып отырамыз, жарай ма?
1.     Мұғалімнің өлеңді мәнерлеп оқуы.
2.     Оқушылардың тізбектей оқуы.
Сөздік жұмыс:
Сиса – мата түрі
Ықыласпен тоқу – көңілге түю, есте сақтау.
—         Ыбырай Алтынсарин осы өлеңімен не айтпақшы болды деп ойлайсыңдар?
—         Өлеңнен қимылды білдіріп тұрған қандай сөздер бар? Кім айтады?
Сергіту сәті.
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де
Қуана бер достарым
Арайлап атқан күнге
Кітаптан тыс тапсырма.
—         Балалар, заттың атын білдіретін сөздердің ережесін кім айтып жібереді?
—         Енді заттың қимылын білдіретін сөздердің ережесін кім айтады?
№3 Ана тілі жұмыс дәптерімен жұмыс жүргізу.

Сабақты қорытындылау.

Оқушы

 
          Мектепте оқушы не істейді?
—         Жазады, оқиды, жүгіреді, сурет салады т.б.
—         Осы сөздердің бәрі нені білдіреді?
—         Заттың қимылын білдіреді.
—         Қандай сұрақтар қоямыз?
Рефлексиялық бағалау кезеңі.
Гүлге көбелек   ____________ .
Торғай жем ____________ .
Атам тымақ ____________ .
Сәуле гүлге су ____________ .
Далада жаңбыр ____________ .
Үйге тапсырма беру кезеңі.
«Кел, балалар, оқылық!» өлеңін жаттап келу, 248 – жаттығу.
Мадақтау.
Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды, өздік жұмысына қарап бағалау, мадақтау.

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *