Ақмола облысы Бурабай ауданы Бурабай кентінің С.Сейфуллин атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жалмуканова Ш.К.
Қазақ тілі.4 сынып.
Сабақтың тақырыбы: Бірыңғай мүшелер
Сабақтың мақсаты:
- Бірыңғай мүшелер туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру;
бірынғай мүшелердің өзіндік ерекшеліктерімен таныстыру; сөйлем ішінен бірыңғай мүшелерді таба білу; бірыңғай мүшелердің қай мүшемен байланысатынын анықтай алуға үйрету.
Сөйлемдегі бірыңғай мүшелерді сөйлеу кезінде пайдалана білу
дағдыларын дамыту.Табиғатты аялауға,қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу.Ұқыптылыққа,көрке жазуға үйрету.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, жаттығу, практикалық жұмыс.
Пән-аралық байланыс: дүниетану, әдебиеттік оқу.
Сабақтың барысы:
Үйден орындаған жаттығуларын тексеру, қорытындылау.
Қайталау
Өзіндік жұмыс ретінде сыныпты үш топқа бөліп,тапсырмалар беру.
1-топқа сөйлем мүшелері туралы айтып,мысал келтіру.
2-топқа тұрлаулы мүшелер және оған мысал келтіру.
3-топқа тұрлаусыз мүшелер және мысал келтіру.
Оқушыларға сөйлем мүшесі болу үшін белгілі бір сұрақка жауап беріп, сөйлем ішінде белгілі бір қызмет атқару керек екенін естеріне түсіру.
I.Жаңа сабақ:
-сабақтың мақсатымен таныстыру.
-Балалар, сендердің сөмкелеріңде нелер бар? Айдар,сенің бөлмеңде нелер бар? Ол заттар кімнің заттар? Сыныптың ішінде нелер тұр?Осы атаған заттармен сөйлем құрастырыңдар.
Сыныпта парталар,орындықтар,суреттер,гүлер,кітаптар бар.Бұл сөйлемнің құрамында 7 сөз бар, олардың ішінде парталар,орындықтар,суреттер,гүлер,кітаптар деген 5 сөз бірдей нелер? деген сұраққа жауап беріп, бастауыш болып тұр. Бұлардың сұрағы бірдей болғандықтан, олардың сыртқы тұлғалары да бірдей болып келеді.
Одан кейін осы бір сұраққа жауап беріп тұрған сөздердің орындарын ауыстырып, сөйлемді айтып көреді. Бұдан олардың өзара орындарын ауыстырып қолданыла беретіні де аңғарылады.
II.Оқулықпен жұмыс.
1-топ:
1-жаттығуда әртүрлі сөздер тобы берілген. Алдымен оқушылар әр
топтағы артық сөздерді тауып, олардың неге артық екенін дәлелдейді.Артық сөздер алынғаннан кейін бұл сөз топтары тақтаға жазылады да,оқушылар әр сөз топтарына сұрақтар қояды, олардың қандай сөз табы екенін анықтайды. Ол сөйлемдерді сөйлем мүшесінс талдату арқылы берілген сөздер тобының сөйлемнің бір мүшесі болып тұрғанына көздері жеткізіледі.
а) қарағай,қайың,тербеледі,қарағаш,үйеңкі;
ә) ойнайды,секіреді,жүгіреді,ойнақтайды,қалың;
б) қыр мұрынды,ашық маңдайлы, он бес, жылы жүзді;
в) екі,жүз,көп,алпыс,мың.
2-топ:
2-жаттығу.Оқу,көшіріп жазу.Бірдей сұраққа жауап беретін сөздер сөйлемнің қай мүшесімен байланысып тұрғанын сызба арқылы көрсету. Сөйлемдердің оқылуындағы дауыс ырғағына көңілдерін аудару керек.
Сиыр сүтінен құрт,май,ірімшік,кілегей,қаймақ алынады.
Үлгі: құрт
май
ірімшік алынады.
кілегей
қаймақ
3-топ:
3-жаттығу.Оқу, көшіріп жазу.Біріңғай мүшелердің астын сызу.
Күн шайдай ашық,жылы еді.Бұлт та,жел де жоқ.Хамит бір ескілеу жолмен келеді.Айнала қалың орман.Бойлап,таласа,жарыса шыққан қайың,қарағай,теректер көрінеді.
Оқушылардың өздеріне ереже шығаруларын ұсыну.
Оқулықтағы ережемен салыстыру.
Ереже:Бірдей сұраққа жауап беріп,сөйлемнің бір ғана мүшесімен байланысып тұрған сөздерді сөйлемнің біріңғай мүшесі деп атайды.
Мысалы: Менің ағам ақылды,көңілді,асыл жан.
Біріңғай мүшелердің арасына үтір қойылады.
IY.Сергіту сәтін жүргізу.
Y.Шығармашылық жұмыс:Тақтада ілініп тұрған суреттердің бір түрімен әңгіме не диолог құрастыру,ішінде біріңғай сөйлем мүшелері болуы керек. (тағам түрлерінің суреттері, қазақтың ұлы батырларының суреттері,өсімдіктердің суреттері).
YI.Қорытынды.
Тест жұмысын орындату арқылы оқушылардың жаңа сабақты қалай түсінгені анықталады.
1.Біріңғай мүшелері бар сөйлемді белгіле:
а) ғарышкерлер скафандр киіп отырса, ешқашандай қауіп жоқ.
ә) мұнда жерге, елге, өз ошағына деген үлкен сүйіспеншілік тұр.
б) өйткені скафандрдың ішінде ауаның артық қоры қоры сақталады.
2. Құрмалас сөйлемді белгіле:
а) жылқы кісінейді, шұрқырайды.
ә) иә,балақайлар қадамдардың оң болсын!
б) Балабек үй маңында ойнап жүріп,есік алдынан бір топ кілт тауып алды.
3) Неше сөйлем мүшесі бар?
а) 7
ә) 4
б) 5
4.Анықтауыштың сұрағын белгіле?
а) қанша? неше? нешінші?
ә) қандай? қай?
б) не істеді? қайтті?
5.Дұрыс жауапты анықта
а) біріңғай мүшелердің арасына үтір қойылады.
ә) біріңғай мүшелер нүкте арқылы жазылады.
б) біріңғай мүшелердің арасына нүкте мен үтір қойылады.
YII.Үйге тапсырма беру:
5 жаттығу.Ереже оқу.
Бағалау
[bws_related_posts]