Басы » Tәрбие сағаттары » Жеті ата жайлы білеміз бе?

Жеті ата жайлы білеміз бе?

         Батыс Қазақстан облысы.

         Жаңақала ауданы.

         Көпжасар ауылы.

 «Д.Нұрпейісова атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ.

Бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі: Сайран Ағарбайұлы Утепбергенов

Жеті ата жайлы білеміз бе?

  Қазақта «түбін білмеген – түгін білмейді» деген сөз бар. Жеті атасына дейін жазбай білетін халқымыздың айрықша қасиеті де осында.

  … «Қырық рулы елміз, қарға тамырлы қазақпыз» деген сөз де баяғыдан келе жатыр. Бұл қазақтың аралас-құралас, алыс-берісті, құда-жегжат, жамағайын, жұрағаттығын аңғартатын ұғым… Туыстық желіні үзбеген. Береке-бірлікті бұзбаған. Үлкені сөз бастаған, кішісі ағаның сөзін қостаған.

  Қазақта туыстық қатынастарды өзара сабақтас үш жұртқа, топқа бөліп атайды. Біріншісі – адамның әкесі жағынан туысатын өз жұрты, әйелдер төркін жұртым деп атайды. Екіншісі – шешесі жағынан туысатын нағашы жұрты. Ал үшіншісі әйелі не күйеуі жағынан туысатын қайын жұрты.

  Адамның өз жұрты жеті ұрпаққа таратылып аталады. Адамның туып-өскен үйі, әке шаңырағы, ер жетіп, бөлек отау шыққан кезде «қара шаңырақ», «үлкен үй» атанады. Ағайынды жігіттердің әке-шешелері қайтыс болса, қара шаңыраққа кенже бала ие болады. Кенже балаға ауысқан бұл ата-анасының түтін түтеткен орны, киелі шаңырақ барлық ұрпақ үшін қадірлі, қасиетті орда есебінде қастерлі… Қара шаңырақты қадірлеу – ата-баба аруағын қадірлеу болып табылады. Ата-ананың басқа балаларына енші, жасау бөліп беруден қалған барлық мал-мүлкі де осы «қара шаңырақта» — кенже балада қалады…

  Қазақта «сұраса келсең, қойныңдағы қатының қарын бөле шығады»,-  деген мақал бар. Мақалдың шын тереңіне бойласаң, жөн сұрасудың түпкі мақсаты – жақындасу. Мұны түсіну үшін көп ақыл, көп білім де қажет емес. Егер әлемдегі бар адамның шыққан тегін қуа берсек, бәріміз бір әке, бір анадан (Адам ата мен Хауа анадан) тараған болып шығамыз…

  Демек, жөн, ата-тек сұрасудың бірінші мәнісі – танысып-білісу. Кейде тіпті ата жолдасы мен ата жауын ажырату үшін де жөн сұрасудың пайдасы тиіп отырған.

  Екінші негізі – көргенді, текті атаның ұрпағы болса, өз дәрежесіне қарай сый-құрмет көрсетіп қалу. Өйтіп танысып-біліспеудің салдарынан түскен үйінен өзіне лайықты сый-құрмет көрмей аттанған «көлденең көк атты», былай шыға беріп, ауыл ақсақалына соғып, ат-шапан айыпқа жығып кететін болған. Сол үшін де бейтаныс адамдар әуелі жөн сұрасып, өзара ата-тектерін білісіп алуды салтқа айналдырған. «Танымасын сыйламас» деген сөз осындайдан шыққан.

  Халық қашанда уақытпен бірге мәңгі жасап келеді, жасай береді. Алайда оның ұзақ өмір жолында аласапыран кезеңдері де аз болған жоқ. Осындай кездердің бірінде біреу баласынан, енді біреу сүйген жарынан,

тағы біреулер ел-жұрты, туған жерінен ажырап қалады. Бұл ханның да, қараның да басында болған жайлар. Бұған «Сабалақ» атанып жүрген түйеші бала Абылай ханға Үйсін Төле бидің назар аударып:

«Сұрапты аты-жөнін Төле мұның,

  • Бар ма? – деп, — әке-шеше, аға, інің.

Адам болса – ақ сүйек, құста – сұңқар,

Байқасам келіседі соған сының», —

деуі мысал бола алады. Егер өстіп сұраспаса, Абылайдың асыл текті хан екенін қайдан білер еді.

  Үшіншіден, қазақ халқы жақын-жамиғатымен қыз алыспайды. Ал қыз алысу үшін екі рудың дуалы ауыз қадірлі ақсақалдары жиналып, әуелі бір пәтуаға келіп, содан соң ақ боз биені айтып сойып, баталасып барып рұқсат ететін болған. Осы күні бұлай баталасудың шарты – жеті атаға толу.

Жеті ата ,жайлы білеміз бе?,

 [bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *