Басы » Tәрбие сағаттары » Аяулым- анашым

Аяулым- анашым

Маңғыстау облысы Қарақия ауданы
Жетібай селосы № 3 орта мектеп
Ашық тәрбие сағаты
«Аяулым- анашым» атты мерекелік кешінің жоспары
Сынып жетекшісі: Г.Б.Сатыбалдиева
 1-ж: Базарда «ат» сататындар «Саламатсыз ба» деп амандасады
Ал, «ет» сататындар «сәлеметсіздер ме » деп амандасады.
2-ж:Таксистер барыс –келіс қалай деп амандасса,
Ал, саудагерлер алыс-беріс қалай деп амандасады екен.
Бірге: Ал, біз сияқты бүгінгідей арулар мен аналар мерекесінің жүргізушілері
«Ассалаумағалейкум» деп амандасады.
 
1-ж:Ассалаумағалейкум деп дидар рәсім еткенде,
Уағалейкум ассалам деп қол алысып көппен де
Иіліп берген адамның сәлеміне
Бұл дүниенің ғанибеті жеткен бе?
 
2-ж:Ал, енді аман-саулық сұрасып алсақ, бүгінгі қылықты қыздарға,ардақты аналарға  арналған кешімізді бастаймыз!(бірге)

1-ж:Көктем келді,сағына,
Бүршік атты алма ағаштар бағымда.
Біздің үйге ұя салды,алақай!
Былтыр кеткен қарлығаштар тағы да.

2-ж:Көктем келді,көктем келді,далама,
Қуанып жүр ата-ана да,бала да.
Қар-мұз еріп,жылғалардан су ағып,
Үйрек-қаздар жайылып жүр жағада.

1-ж:Құтты болсын  шаттық мына мереке,
Сұлу қыздар арсында елітем.
Егеменді ел байлығы аман бол,
Шашылмасын, басылмасын берекем!

2-ж: Ботадай сары далада боздаған ән,
Халық әні жүректе тозбаған ән.
Көңілдің кері бәрін ойландырып,
Қуаныш пен қайғыны қозғаған ән.
«Ән-көңілдің ажары» демекші ортаға сыныбымызды сұлу да әнші қыздарымыздың бірі Іңірбай Гүлнарды   « Анашым қартаймашы » ортаға шақырамыз.

1-ж:Сәуір- Наурыз егізі,
Бүгін оның сегізі.
Ең бақыт гүл , ең бақыт гүл
Анаға айтар лебізі.
Ең қымбат гүл, ең қымбат гүл,
Ол адамның лебізі.
Анасыз бір жоқ күнің,
Әжесіз жоқ бір күнің
Ұсынамыз біз бүгін,
Жырдың сұлу шоқ гүлін.
Ұсынамыз ұсынамыз
Жырдың сұлу шоқ гүлін.

2-ж:Нұрлы таң атты,шуағын төгіп келді күн.
Бақытың қолда,қолыңда сенің теңдігің.
Өзіңсің бәрі ғалым да ұстаз, қайраткер.
Егемен елдің сүйіктісі де сен бүгін.

1-ж:  Сірә, бұл ғаламда анаға арналмаған жыр, анға арналмаған ән жоқ шығар! Келесі кезекті сыныбымыздың «ана» туралы жыр-шумақтарынарнаған оқушыларына береміз.
Поезиялық сәт: (ортаға 4 оқушы шығады.Аналарға арналған өлеңдер оқиды)
1-Назгүл:
Шеше!
Сен бақыттысың,жыламаған,
Жай түсіп жатқанда да құламадың.
Тәңіріңнен мен едім ғой сұрағаның.
Сондықтан жыламағын,жыламағын.
Бармын ғой.
Тірімін ғой.
Қасыңдамын.
Өлмеймін,мен өзіңдей асылданмын.
Таусылып өз-өзіңмен шашылмағын,
Байырғы берекеңді қашырмағын.
Мен сенің қанықпын ғой көз жасыңа.
Өзім кепіл тот басып тозбасыңа,
Екі жыр жазсам саған арнап,
«Шеше»деп жаздым ылғи сөз басына,
Тәңірім кеше көрсің кесірімді,
Аспанға жазам сенің есіміңді,
Шеше!
Сен бақыттысың,тербете бер,
Құба талдан иілген бесігімді.
2-Думан
3-Сандуғаш
4-Мұхит

1-ж: Қадірменді көпшілік!
Біле білсеңіздер біздің де балық сияқты түріміз көп
Мысалыға: Ақандаройдың теңізінде жүзсе
Әншілер өнер теңізінде жүзеді
Мәселен айтатын болсақ:
Шапалақтан шаң қақтыратын әншілер бар
Құмарыңды қандыратын әншілер бар
Жоқты бар қылатын әншілер бар

2-ж: Тамашаны таң қалдыратын әншілер бар
Көңілдеріңізді көл қылтын әншілер бар
Қайғыларыңызды нөл қылатын әншілер бар
Барлықтарыңызды күлдіретін әншілер бар
Тойларыңызды бүлдіретін әншілер бар
5 мың долларға шығатын
Дорогой әншілер бар
Өздерінше боп қалған
Делавой әншілер бар

1-ж: Сонымен қатар молодой әншілер де бар
Молодой әлі балағой демеңіздер
Мүмкіншілік болса есіліп отырыңыздар
Мерейлеріңізді өсіріп отырыңыздар
Көңілдеріңізді көшіріп отырыңыздар
Қателік болса, әрине кешіріп отырыңыздар
Олай болса делавой әрі молодой әншлерімізді «Менің анам алтын »  әнімен қарсы алыңыздар!

1- ж  Азамат қуат алар ақ сүтіңнен
Мәпелеп әлдилеген пейілі кең
Аналық махаббатың кәусәр-бұлақ
Сөнбейтін ақ жүрегің мәңгі шырақ

2-ж Алтын анам жасымнан аялаған
Мен үшін игілікті аямаған
Сабақтан шаршап үйге келгенімде
Бал  сөзі жаным деген сая маған

1-ж:Наурыз келді Анажан серпіліңіз.
Шуақтанып.
Шаттанып желпініңіз.
Кеудеңізде керемет оттар жатыр.
Сізден жылу әлемін күткеніміз.
—          Аналар мерекесінде барлық аналарға құрмет көрсетіп, тағзым ете отырып, кешімізді «Аналар туралы жыр» әнімен аяқтаймыз

Бойыңа бар сұлулық жиналғандай,
Мүсінің ақ мәрмәрдан құйылғандай.
Жарқ етіп шыға келген ел алдында,
Биші қыз ғажап еді биің қандай!
2-ж:Ана- жүрек ,жүректі    құдіретте,
Ана- тірек ,тіректі құрметте
Ана –шыңың, шыңыңа сағынып  жет,
Ана -күнің ,күніңе табынып өт.
1-ж:Жүрегі күн, жаны нұр,жүзі шапақ.
Ана- мақтан, ана- өмір,ана- атақ.
Ана -дәуір, ана -абырой,ана-жауһар.
Олармен күн кешудің өзі ғажап!
й�8z!����9�*� ақын, шешен, ділмар бабаларыңның бұлбұлдай сайраған тілі едім. Мөлдір судай таза едім.Мен наркескендей өткір едім.

Енді қандаймын?
Кірленіп барамын, былғанып барамын. Жасыдым, мұқалдым.Мен не көремедім?
Маған әкеліп араб пен парсыны қосты.Бертін келе шүлдірлетіп ноғайды, былдырлатып орысты араластырды. Бір күдері мен мүлде жоқ  қылғысы келгендер де болды.Өліде ұшбағы болғыр Абайға өкпем жоқ. Тіріде маған ара түсушілер аз болды.Мен жылы сөзді алдымен, айналып кетейін, осы күнгі Ахмет деген кісіден ғана естідім.

12- оқушы:
Төле би:  Жасыма!
Уа, халқым!
Көсіле шабар жерің бар,
Тай көтерген елің бар,
Қол бастайтын ерің бар.
Атадан қалған сара жолың бар,
Сөз қадірін біліңдер!

13-оқушы:  ТІЛ:
Төңкеріске шейін көрмегенім жоқ.Төңкеріс болмаса бейшара қазақ мене айырылатын да шығар деп едім.Төңкеріс болды.Қазақтың көзі ашылды.Қазақтың көзі ашылған соң «Менің де күнім туды ғой» деп қуанушы едім. «молдалардың, тілмаштардың қолжаулығы болужан құтылым ғой» деп ойлаушы едім. Оның үстіне «Қазақ тілі мемлекеттік тіл болсын «деген заң шықты.Төбем көкке төрт елі жетпеді.Бірақ не керегі бар, босқа қуанған екенмін…

14-оқушы:
Қазыбек би: Налыма!
Біз қазақ деген, мал баққан еміз.Бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.Елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп найзаға  үкі таққан елміз.Ешбір дұшпан басынбаған елміз.Басымыздан сөзі асырмаған елміз.

15- оқушы: ТІЛ:
Жанның бәрі теңдік алып жатқан Кеңес Үкіметінің тұсында менің бұтымды бұт, санымды сан қылып кім көрінген созғылай бастады.Өзгені не қылайын, отаршылдық саясатын қолданбас-ау дейін білім кеңесі екеш білім кеңесі де мені аямады.

16- оқушы:
Әйтеке би: Тамыры суда тұрса да.
Уақыты жеткенде
Қурамайтын құрақ жоқ.
Тек жақсыдан өлмейтін сөз қалады.

1- Туған тілім! Тас бұлақтың тұнығы да сенде!
2- Туған тілім! Ана сүтінің жұғымы да сенде!
3-Туған тілім! Райхан гүлдің жұпары да сенде!
4- Туған тілім! Мәжнүн ғашықтың іңкәрі де сенде!
Бірге: Туған тілім! Қыран құстың жанары да сенде!

Хор:   «Мәңгүрттену»   Мұхтар Шаханов

1- жүргізуші:
Шежірелі, шерлі тарих бүгіп сыр:
Тас-таңбада,
Жар аңызда бұғып жүр…
Қасіреттен
Қасиеттен оздырған,
Қазақ деген — қиып түсер қызыл тіл…

2-жүргізуші:
«Өнер алды — тіл» деген ғой бұл қазақ…
Туған тілді күндегенге мұз жалат!…
…Сиыр екеш сиыр да әне
Бұзауын
Мүйізіндей,
Тіліменен тұр жалап…
Өзге тілге үйір болса тіл — жалақ…
 
1-жүргізуші:
Бүгінге:
Жеткен серттей,
Серттен танып ,түңілме!
Қазақ деген,
Азат деген ұғымдай,
Азаттығы, Шындық тұнған тілінде…

2- жүргізуші:
Иса Байзақов айтқандай:
«Таңдамалы  тәтті  тіл-Абай тілі,
Ақынға дос, жанына тиеді жылы
Шымырлатып  денеңді, сүйсіндіріп,
Шертіледі жүректің  нәзік қылы.»
Келесі кезекті ұлағатты сөздерге бергеніміз жөн болар.
1. Тіл тас жарады, тас жармаса  бас жарады.
2.  Піл көтермегенді, … (тіл көтереді).
3. Жеті жұрттың тілін біл, (Жеті түрлі ілім біл).
4. Бас кеспек болса да, … (тілкеспек жоқ).
5. Бал тамған тілден … (у тамған).
6. Тіл қылыштан … (өткір).

7. Ана сүті бой өсіреді, ана тілі … (ой өсіреді).

8. Жыланның уы тісінде, адамның уы … (тілінді).

9. Тілден артық … (қазына жоқ).

10. Сүңгі жарасы бітер, … (тіл жарасы бітпес).

11.Айдос

1-жүргізуші: Тіл -халықтың жаны.Тілі  құрыған халық та жер бетінен жоғалады.Тіл – халықтың тұтас кескін келбеті, болмысы.Тіл әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп қалыптасады.Тіл байлығы — әрбір елдің мақтанышы.

 

2-жүргізуші: Халқымыздың аса бай рухани қазынасы- туған ана тіліміз.Ол — қазақ тілі. Елімізде жүзден аса ұлт өкілдері тату-тәтті  өмір сүруде. 1989 жылы 22 -қыркүйекте қабылданған. «Тіл туралы» заңда «Тіл- халықтың ұлы жетістігі әрі оның ажырамайтын және бөлінбейтін бөлігі» делінген.

 

1-жүргізуші: Тіл – халық тарихы, тіл – ұлттық қазына, тіл біздің намысымыз, арымыз, байлығымыз, барымыз.

 

2-жүргізуші: 1989 жылы 22 қыркүйекте ҚР-ның Тіл туралы Заңы қабылданды. Қазақ тілі ҚР-ның мемлекеттік тілі болып жарияланды.

 

17-оқушы:    Назгүл:

— Қуан далам! Қуанатын күн бүгін!

Серпіп таста, мұңды жүрек түңдігін!

Тіл туралы Заңым енді күшінде,

Паш еткендей  кескен жаңа кіндігін!

— Қуан бабам! Қуанатын күн бүгін!

Халық жауы атандың-ау сол үшін,

Ғұмырыңды құрбан етіп жолыңда ар.

Қуан анам! Ұстазыңнан сүйініп,

Сәтің де көп кеткен кейде түңіліп.

Ақ сүтіңмен бойға біткен тіліңді

Пір тұтамын мен алдыңа иіліп.

— Қуан балам! Туған тілдің киесі.

Жебеп сені болғаныңа иесі.

Тек мұнымен бітпейтінін ұғып өс,

Дүниеде тіршіліктің күресі.

— Қуан халқым! Күшіне енді тіл заңы,

Сүйінші деп ақын ұлың жырлады

Ел елдігі бағаланар тілімен,

Сол арқылы құлпырады, гүл бағы.

 

18-оқушы: Сандуғаш

19-оқушы: Меруерт

20-оқушы: Жаңылсын

21-оқушы: Жарасбек: Көңілімді толқытып бір алайын …

 

1-ж:   «Қасиетті болмасаң туған тілім

Абай, Мағжан, Мұқағали жырлар ма?» деген қандай тамаша жолдар.Біз, болашақ ұрпақ осындай ірі тұлғалар сөйлеп өткен дана тілімізді көркейтуге тиіспіз.

 

2-жүргізуші:

«Қазақстандағы жастар мынаны білуге тиіс: мемлекеттік тілді білмейінше мемлекеттік органдарға, қызметкөрсету саласында, құқық қорғау саласында, сот  саласында жұмыс істеу мүмкін болмайды.Уақыт бар, мүмкіндік бар, мемлекеттің қолдауы бар, өз функцияларыңды қажетті деңгейде жүзеге асыру үшін тілді үйрену керек. »    Н.Назарбаев

 

 

1-жүргізуші:  Филлипова деген ханым қазақ тілі туралы былай деген екен: «Қазақ тілі жақұт моншақ тәріздіжіпке тізіп жарқырата таққандай.» Өзге ұлттың өкілі менің тілімді жақұтқа балап тұр ғой. Бұл деген тамаша теңеу емес пе?

Өлең — сөздің патшасы, сөз сарасы,

Қиынан қиыстырар ер данасы.

Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,

Теп- тегіс, жұмыр келсін айналасы,- деп ана тілін жүрегімен сүйген Абай да тіл сұлулығын сақтаған.

2-ж:

Өнер деп соққан жүрегі,

Өнерлі өрге жүзеді.

Қазақтың биін билейтін

Өнерпаз ұлан біз  едік.

 

1-жүргізуші:

Жөргегімнен жыр боп енген қазақ тілін айналдым,

Қазақтардың нұр боп өрген азат күнін айналдым.

Кең далада кер жусанның жұпар иісін айналдым

Кербез қыздың бұлан қаққан ғажап биін айналдым- биші қыздарымыздың «Қамажай»  биін тамашалайық!

 

1-жүргізуші:

Туған тілім қазынам,алтын кенім,
Жаңа алыпқа өзіңді алып келдім.
Қош келдің туған өлке,бесігіңе,
Қасиетті бабамның тілі менің.

2-жүргізуші:

Дұшпандардың талайын қызыл тілмен,
Қылыштай сүйектерден тілімдедің.
Өтсе де талай ғасыр,қилы заман,
Қасиетті тілім менің бүлінбедің.

 

1-жүргізуші:  Қазақ халқының дархандығы, қонақжайлылығы, кеңдігі мен жомарттығы жырланған өлең-жырлар қаншама.Сол өлеңдерді сынып оқушылары сіздерге ұсынбақ.

 

22-оқушы:  Гауһар

23-оқушы: Ардақ

24- оқушы:Асылбек

25-оқушы: Айдана

 

2-жүргізуші: Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі.Қазақ тілі – қазақ халқының тілі.Оның негізгі мекені –Қазақстан.

 

1-жүргізуші: Әр адамның өз ұлтының жан дүниесі мен мәдениетінен, ғасырлар бойы жиған рухани азығынығ нәр алатын кіндік тамыры, ол- ана тілі.

 

Хор. Орындалатын ән «Ананың тілі»

 

2-жүргізуші: Тіл- баға жетпес қазына , атадан қалған аманат.

 

Назгүл- Құдіретті төрт ана

М.Шаханов. «Төрт ана»

Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала.

Мазмұн жоқта мазмұнсыздық шыға келер ортаға.

Әр адамда өз анасынан басқа да

Ғұмырына етер мәңгі астана

Демеп жүрер, жебеп жүрер арқада,

Болу керек құдыретті төрт ана

Туған жері -түп  қазығы ,айбыны

Туған тілі – мәңгі өнеге айдыны.

Жан байлығы,салт-дәстүрі- тірегі

Қадамыңа шуақ шашар үнемі.

Жаңа Туған тарихы

Еске алуға қаншама

Ауыр әрі,қасіретті болса да

Құдірет  жоқ төрт анаға тең келер

Онсыз санаң қаңбаққа ұқсап сенделер

Өзге ананың ұлылығын танымас.

Төрт анасын менсінбеген пенделер

Төрт анадан сенім таба алмаған

Тамырсыздық басы қайда қалмаған

Төрт анасын сыйламаған халықтың

Ешқашанда бақ жұлдызы жанбаған.

Қасиетті төрт ана –тағдырыңның тынысы-

Төрт ана үшін болған күрес –күрестердің ұлысы.

 

Жұлдыз- Қажып қалған қаужырап қайран тілім,
Айта алмайды өзінің зарлы мұңын.
Жетім өскен баладай жаутаңдады,
Қатарға енбей әлі де жүр ғой бүгін.

Ана тілін кейбірулер біліп жүр ме,
Қазақша айтсаң құлаққа іліп жүр ме.
Басқа тілде сөйлесіп мәз болады,
Мазақ етіп өз тілін күліп жүр де.

Қалғанымен сәл уақыт бағы тайып,
Бас көтерер ертең-ақ қанат жайып.
Көзі ашылмай бықсыған оттай болса,
Жарқыратып сәулесін лаулатайық.

 

Мадина – Бір ауыз сөз

Асылбек- Менің тілім

 

Хор: Мұхтар Шаханов «Рух пен Тіл»

 

Ой толғау: Жәнібек, Ардақ, Айдос

 

 

1-ж:Бүгін біз тәуелсіз ел деп Отанымыздың иелі болған ана тіліміздің киелі болғанын, ата тарихымыздың жүйелі болғанын айтамыз.

 

2-ж:  Тілім менің –жан жүректің айнасы

Тілім менің- бар болмыстың айласы

Тілім менің –бар қалпымның өзі боп

Асқар биік асуларды шарлатты

Осы тілде Абай айтқан талай сыр

Осы тілде қатты Мағжан талай үн

Осы тілде бар қазақтың ақыны

Шертті тарих беттерінен, қанша мұң!

 

Оқушылар: Жұлдыз, Жәнібек, Айдос, Рахат, Жарасбек (Тіл туралы өлеңдер)

 

1-ж:

О,адамдар , құрметтейік тілді біз

Тілсіз қалай болмақ ертең күніміз

Жайылмасқа шара қылшы, ер халқым

Құнды мұраң жоғалмасқа мәңгілік

Тілсіз жұртым шөптей қурап азады-ау!

Туған тілді қорғап бақшы, қазақ-ау!

Сарқылмайтын қуат пенен күш берген

Туған тілдің қасиеті, ғажап-ау!

 

Ортада:                                                    «Жас ұрпаққа аманат»

 

Армысың,

Жарқылдаған  жаңа ғасыр!

Ізгілік сыйлаймысың ұлан-асыр

Өзіңмен  сәл ғана бір тілдесейін,

Ақынның жүрегінде қала ма сыр

Арсыз  заман несіне қымсынады,

Өктемдігін , өкімін ұсынады.

Қасиетті халқымның асылдары.

Асылықпен сүргінге ұшырады.

Жеттің сен де ентігіп, енді міне,

Көз тимесін елдігім , теңдігіме

Еркіндігі болмаса басымыздың,

Жер бетінің көсілген кеңдігі не?

Маңдай термен өлшенсін ырыс құны,

Ұмытылмасын ұрпақтың дұрыстығы,

Сұрайтыным, осынау Ұлыс күні

Ел мен жердің мәңгілік тыныштығы

Қайтып келсін Қорқыттың көсемдігі,

Жиреншенің оралсын шешендігі,

Тыңда ғасыр,

Тағдырдан тілейтінім –

Тілім, ділім, дінімнің есендігі

Артылады мойныңа  заман жүгі

Кеудедегі жарық қыл қараңғыны

Жаңа ғасыр,

Көңілімнің  алаңдығы-

Қасиетті халқымның амандығы

Ғасыр күллі әлемге ғажап аты,

Келмегей өткен заман аламаты

Қолды әкел, жиырма бірім

Осы саған

Адамзаттың тапсырар Аманаты.

 

1-жүргізуші: Ана тілі көңіліңе гүл егер,

Ана тілі- ғұмырым деп біле бер.

Өзге тілде сөйлей білу- бір өнер,

Ана тілде таза сөйлеу – шын өнер.

 

2-жүргізуші: Ана тілімізде таза сөйлеп, бүкіл құнары мен нәрін бойымызға сіңіре білейік.

 

Бірге:  

 

1-ж:Құрметті  ұстаздар,оқушылар мерекелеріңіз құтты болғай! Тәрбие сағатымызды жабық деп жариялаймыз! Ел аман, жұрт тынышта кездескенше!

 

2-ж:Келгендеріңізге,көргендеріңізге көп-көп рахмет! Сау болыңыздар!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Қазақ тілі туралы Элегия

Кіргенде керемет үйлерге еңселі,

Кезгенде бастықтар бас бұққан кеңсені.

Көңілім маңырап ашқарақ қозыдай,

Сағынам мен Сені, іздеймін мен Сені…

Күңгірлеп 0у басым бөшкедей қаңсыған,

Күн сайын мен солай… күйінем, таусылам.

Ойларым ойран боп, мен Сені аңсаймын,

Ойыншық сүйреткен сәбидің даусынан…

Сыңсыған сырымды сездірмей өзгеге,

Мән беріп әр түрлі үнге де, сөзге де.

Мен Сені тосамын, балалар у-шу боп,

Мектепте қоңырау соғылған кезде де…

Сан рет сағынып, жабығып, қамығып,

Жүректі жұлқылап әр лүпіл – әр үміт.

Әкімдер сөйлесе, әкемді көргендей,

Мен Сені күтемін, күтемін зарығып…

Қазақтың қыздары орысша қуанып,

Жанымның жапырағы барады қуарып!

Қара көз арудың оймақтай аузынан,

Мен Сені күтемін аузымның суы ағып…

Аузымның суы ағып… аңсаймын, сүйемін,

Сүйемін, шашылып қалғанша сүйегім.

О, менің атамның күшіндей – қуаттым,

О, менің анамның сүтіндей – киелім!

Қазақы көзімді сықситып түнімен,

Қырық екі әріптің алдына жүгінем…

Қазбалап әр сөзді, қазына ақтарып,

«Түсіндірме сөздікке» жүрекпен үңілем…

Дерт болдың Сен маған сезіммен жабысқан,

Серт болдың сезімнен өлеңге ауысқан.

Сен үшін ұлы Ахмет көз жасын тия алмай,

Сен үшін ұлы Абай көз майын тауысқан…

Оралса деймін-ау, дәуренің кешегі,

Екі есе қайтарар едік-ау есені.

Табанда тапталған бір теңге секілді,

Заманның өкшесі төбемді теседі…

Білмеймін,бұ қазақ сенеді несіне?

Біздерді жас ұрпақ алмайды-ау кешіре!

Кешегі билердің ақылы,    о, неге,

Бүгінгі биліктің кірмейді-ай есіне?!

Мен Сенің мұңыңды, зарыңды түсінем

Үміттің үлкенін күтесің кішіден.

Президент қазақша сөйлеп тұр…    тағы да

Парламент орысша ойлап тұр ішінен…

Қырсық бір мінезім қысады денені,

Кеудемде киелі кегім бар, себебі.

Өшіңді алғандай, қазақша сөйлетіп,

Орыстың қызына үйленгім келеді…

Осындай ой арбап, шошытар, о, мені,

Арман ғой, әншейін, арманым көп еді…

Бір шала қазақ тұр көшеде шүлдірлеп,

Жылағым келеді, күлгім де келеді…

Көшеде жүре алмай, күйініп күнде мен,

Үйіме асығам, шыққандай түрмеден.

Көпіріп сөйлейді үйдегі көк жәшік,

Ресейге еліктеп ресми тілменен…

Мақтаныш сезіммен керіліп кең кеудем,

Маңдайым жарқырап, тілдесіп өзге елмен!

…Мен сені армансыз тыңдайтын күн бар ма,

Қазақтың иісі шығатын жерлерден?!.

 

 

 « Жиырма бірінші ғасырға аманат»

Армысың,

Жиырма бірінші жаңа ғасыр!

Ізгілік сыйлаймысың ұлан-асыр

Өзіңмен  сәл ғана бір тілдесейін,

Ақынның жүрегінде қала ма сыр

Арсыз  заман несіне қымсынады,

Өктемдігін , өкімін ұсынады.

Қасиетті халқымның асылдары.

Асылықпен сүргінге ұшырады.

Жеттің сен де ентігіп, енді міне,

Көз тимесін елдігім , теңдігіме

Еркіндігі болмаса басымыздың,

Жер бетінің көсілген кеңдігі не?

Маңдай термен өлшенсін ырыс құны,

Ұмытылмасын ұрпақтың дұрыстығы,

Сұрайтыным, осынау Ұлыс күні

Ел мен жердің мәңгілік тыныштығы

Қайтып келсін Қорқыттың көсемдігі,

Жиреншенің оралсын шешендігі,

Тыңда ғасыр,

Тағдырдан тілейтінім –

Тілім, ділім, дінімнің есендігі

Артылады мойныңа  заман жүгі

Кеудедегі жарық қыл қараңғыны

Жаңа ғасыр,

Көңілімнің  алаңдығы-

Қасиетті халқымның амандығы

Ғасыр күллі әлемге ғажап аты,

Келмегей өткен заман аламаты

Қолды әкел, жиырма бірім

Осы саған

Адамзаттың тапсырар Аманаты.

 

 

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *