Ақтөбе облысы Шалқар қаласы
№5 орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Сәрсенбаева Лариса Асқарқызы
“Ана көрген тон пішер”
Шарты:
1 « Мен қазақтың қызымын» Таныстыру
2 «Ертегі еліне» Ертегі терапиясы
3 «Білім мен дәстүр» Сұрақ жауап
4 « Өнерліге өріс кең» Өз өнері
Байқау талаптары:
1 Өзін өзі ұстауы
2Сөйлеу мәдениеті
3Жүріс-тұрысы
4Киім үйлесімділігі, эстетикалық талапқа сай
5Білім деңгейі
Жүргізуші
Армысыздар, қадірменді асыл халқым
Арта берсін абырой, атақ-даңқың
Қарсы алайық, құрметпен аруларды
Ұстаған қазағымның ата-салтын
Құрметті ұстаздар,оқушылар, ата-аналар бүгін біз мектебімізде болғалы отырған «Ана көрген тон пішер»сайысына қош келдіңіздер.
Қай заман болсын адамзат алдында тұратын басты міндет – адал, білімді, еңбек сүйгіш ұрпақ тәрбиелеп өсіру.
Бала тәрбиесі тек мектеп қабырғасында ғана берілмейтіні анық. Ананың бесік жырынан бастап, адамның жер қойнына берілгенге дейінгі өзі көріп-білген салт-дәстүрлер, әдет-ғұрыптар барлығы да адамның дүниетанымын қалыптастыратын өмір сабақтары.
Салт-дәстүр, әдет-ғұрып атадан балаға қалып отыратын мол мұра. Әр ұлттың өзіне тән салт-дәстүрі бар.
Бүгінгі сайысқа келген кішкентай аруларымыз өздерінің ардақты да, аяулы аналарымен сайысқа түспекші
Мың бұралған арулар аңдап басып
Келеді міне ортаға толқып-тасып
Аруларын сыйлаған халқым менің
Көңілді қошеметпен қарсыалайық
—Олай болса Іске сәт дей келе кішкентай аруларымызды, аналарымен ортаға шақырамыз
Бірінші ару—ақша маңдай,үлкен кіші мақтағандай
Екінші ару—көңілді, сыны жоқ, оқуын да даттағандай
Үшінші ару-ажарлы ақша бетті ұқсаған хор қызына
Төртінші ару –сүйкімді, қара шашты, қиғаш қасты
( Ортаға шыққан сайыскерлер номерді өздері таңдайды, сол номер бойынша таныстырады)
Жүргізуші
Келді міне бүгін бағын сынауға
Сыналып үлкенднрден үлгі алуға
Салтын білген өнерліге осы ортада
Береді әділ-қазы әділ баға –дей отырып ,әділ-қазы алқалары мен таныс болыңыздар
Ару қыздар келіп жетті танысуға
Бойындағы бар дарынын дарытуға
Қорықпастан сахнаға шығып тұр
Әдеппен,ізетпен танысуға-дей келе сайысымыздың алғашқы шарты—«Мен қазақтың қызымын» Таныстыру
Жүргізуші
Ал халайық, ықыласпен демейік
Арулардың қиял ойын көрейік
Сыры менен ақылына қарап біз
Әділдікпен бағаларын берейік—дей келе кішкетай аруларымыз бен аналарының «Ертегі еліне» Ертегі терапиясы деп аталатын екінші шартымызға жол берейік( берілген сөзден ертегі құрастыру)
Жүргізуші
Ал халайық, халайық
Ықылас пен демейік
Дәл бүгін қанат қомдап, сыналарда
Сан сұрақтан сүрінбей, самғарсыңдар—дей келе сайысымыздың үшінші шарты «Білім мен дәстүр» яғни сұрақ жауап
(сұрақтар беріледі)
Жүргізуші
Қайсысы күйші, қайсысы биші
Талабына қарайық
Кімдер зерек, кім жылдам
Таланттарын табайық
Кішкене аруларымыз аналарымен дайындап келген «Өнерліге өріс кең» сайысымыздың соңғы шешуші шартын тамашалайық
Жүргізуші
Төрде төрелік жүргізген , әділ бағаларын берген әділ қазы алқасына сөз берейік
Жүргізуші
Қымбатты ұстаздар, оқушылар, ата-аналар алтын уақыттарыңызды бөліп, сайысымызға келгендеріңізге алғыс білдіреміз