Павлодар облысы
Екібастұз қаласы
№ 23 “Балауса” мектепке дейінгі гимназияcының
тәрбиеші Шахметова Анар
«Айналайын ақ анам» (2-сәбилер тобына арналған ертеңгілік)
Кейпкерлер: Көктем, қызыл телпек, қасқыр. (Ән күй залынын іші көктем мезгіліне сай әшекейленген, күй ойналады, құстардың сайраған дауысы естіледі. Балалар бимен залға кіреді)
Жүргізуші: Күн де, жер де Бұлт та, жел де Бүгін қандай жайдарлы! Аналарды, әжелерді, әпкелерді Құтты болсын күттірген мерекесі!
Ән: «Көктем»
Тақпақтар:
Ана-өмір жарығы, Ана-өмір бұлағы. Бесігімнің жыр әні, Жүрегімде тұрады. Ақ анашым аппағым Өзің жайлы тақпағым, Өзің жайлы әнім де, Арнадым саған бәрін де! Ақ қабақты мамашым, Күн сәулелі анашым. Әлпештеген баласын, Айналайын анашым.
Шақырады тау бізді Көрсетердей жаз өнің, . Сегізінші наурызды , Тойы дейміз әжемні Жылы жаңбыр жауды ізгі Бастап көктем сапарын, Сегізінші наурызды Тойы дейміз апамның. Жанымызды жайнатқан Сіздерсіз ғой аналар Зор денсаулық, мол бақыт Тілейміз біз балалар
Бізді өсіріп баптаған Жақсы болсаң шаттанған «Алтыным» деп мақтаған Айналайын ақ мамам Біз ананың гүліміз, Ана біздің күніміз. Ұландарды қуантып, Ұзақ өмір сүреміз.
Той пердесін ашайық, Тойға шашу шашайық. Аналарды құрметтеп, Ән маржанын ашайық.
(Осы кезде әуенмен Көктем ханшайымы Өз бәйшешек гүлдерімен кіреді)
Көктем: Армысындар әлемнің балалары, Сайратамын бұлбұлды. Мерейлі жұрт тойласын. Мейрам етіп бұл күнді. Жүргізуші: Әлемде саған биімді, Құт қонақ болып үйімде Қуаныш сыйлап еліме Күлімде көктем күлімде Жүргізуші: Көктем қолындаға әп-әдемі нелер?
Көктем: Бұл менің алғашқы гүлдерім Бәйшешектерім емес пе! Сендер оны әлі білмейсіңдер ме? Онда кәне бәріміз Осы бәйшешек гүлдерімен ойын ойнайық, сонда ұмытпайсыңдар. Кім ойнағысы келеді? Ойын: « Байшешекті құрастыр »Шарты: Екі столды ортаға алып шығыпды, үстінде бәйшешектің бөліктері болады. Екі топ болып бәйшешекті құрастырады. Қай топ бірінші болады сол топ жеңімпаз болады.
Жүргізуші: Көктем сенімен еріп бізге үлкен мереке- аналар мерекесі келеді. Көктем: О қандай керемет,тамаша. Жүргізуші: Кәне кішкентай қыздарымыз ортаға шығып аналар мерекесіне өз өнерлерінді көрсетіндерші.
Би: «Балапан» |
( Биден кейін Қызыл телпек кіреді. Жан-жағына танданып қарайды да)Жүргізуші: Сәлеметсін бе? Сен кімсің? Балалар таныдындар ма, бұл кім? (балалардың жауабы) Е-е сен Қызыл телпексін ғой.
Қызыл телпек: Ия, мен Қызыл телпекпін. Ал мында не болып жатыр? Көктем: Сәлеметсің бе, Қызыл телпек. Бүгін аналар мерекесі. Балалар аналарын, әжелерін құттықтап мерекені көңілді өткізіп жатырмыз. Қызыл телпек: (Өзін көрсетіп) Мен әжеме бара жатып, әдемі гүлдерді көріп бұрылдым. Көктем: (Қолындағы гүлін ұсынып) Солай ма еді? Онда мына гүлдерді әжеңе сыйла. Мерекесімен құттықта. Қызыл телпек: (Қуанып) Ой, рахмет көктем, әжем қуанатын болды. Жүргізуші: Көктем, Қызыл телпек, біздін де балалар да өз әжелерін құттықтайды.
Балалардың тақпақтары тамашалайық: Менің әжем, бұл әжем Ұл мен қыздың бағы әжем Ертегі айтып бер десең Айтып берер тағы әжем.
Еркелесем күлімдейтін Ұрысқаны білінбейтін Маңдайымнан иіскеп менің Құлыншағым, күнім-дейтін.
Әже деген көп шығар, Әжемдей жоқ шығар? Мейірімді бұл кісі, Қандай ғажап күлкісі. Ертегі қандай көп еді Күнде айтып береді. Қуанатын балаша, Әжем менің тамаша!
Әжем менің, ақ әжем Ақыл беріп үйреткен. Аппақ әжем, пәк әжем, Мейіріммен тербеткен. .
Әжем менің асыл жан Жақсылыққа үйретіп, Жамандықтан шектейді. Әжеме ешкім жетпейді!
Көктем: Қандай керемет. Әжелерің бір қуанды ғой. Ал енді менің де кететің уақытым келді . Мен басқа жақтарға барып көптен күткен мезгілді жылуымды апарайын. Қош сау болыңдар, балалар!
Ән: «Қалсын анам қуанып»
Қызыл телпек: Тамаша-тамаша,қандай керемет. Ой, мені әжем тосып қалған шығар.Сендермен өте көңілді,бірақ мен мына гүл шоғын әжеме апарып берейін.Сау болыңдар балалар.(деп шығып бара жатқан кездк қасқыр келеді) Қасқыр: А таптым таптым. Мында не болып жатыр ? Неге сонша құлпырып кеткенсіңдер. Қызыл телпек:Қасқыр мында аналардың әжелердің мерекесі болып жатыр. Көктем болса маған өз бәйшешектері сыйлады, мен әжеме барып сыйлаймын.(деп көрсетіп жатқанда қасқыр қолындағы себетті жұлып алады) Қызыл телпек: Қасқыр, менің себетімді берші мен әжеме сыйлығымды сыйлайын. Қасқыр: Сен маған балалармен ойын ойнауға көмектессең мен сені жіберем, себетінді де қайтарам. Қызыл телпек: Жәрайды қасқыр көмектесейін саған. Балалар кәне ойын ойнағыларың келе ме? Балалар: Иә.
Ойын: «Даусынан тап» Шарты:Ортаға бес ұл бала шығады, бес баланың ішіндегі бір баланың анасы шығу керек. Анасы теріс қарап тұрады да, ал балалар бір бірден «анашым»деген сөзі айтады. Ал анасы өз баласының дауысын танып, нешінші бала оның баласы екекнін табу керек.
Қызыл телпек: Көрдің бе қасқыр, балалар және аналары ойынды керемет ойнады. Қасқыр: Дұрыс айтасың қызыл телпек, сен маған көмектестің себетіңді ала қой. Қызыл телпек Сен әжеңе барсаң мен саған ормада жол көрсетіп жіберейін. Қызыл телпек: Иә, көрсетіп жібер, менде қайтайын балалар. Әжеме сыйлығымды сыйлайын. (деп екеуі шығып кетеді) Жүргізуші: Ақ самайлы әжелер, Ақ жаулықты аналар Көрікті ару қыздар Мерекелерініз құтты болсын! Сау болыңыздар құрметті қонақтар. |