Басы » Бастауыш сыныптар » Э э дыбысы мен әрпі

Э э дыбысы мен әрпі

janarАқтөбе облысы, Қобда ауданы,
Бегалы орта мектебінің
бастауыш класс мұғалімі
Ахметова Жанаргул Жакешовна
Сабақтың тақырыбыы: Э э дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты: Э дыбысы мен әрпін таныту. Сауатты оқуға,жазуға дағдыландыру,сөздік қорын молайту,көркем жазуға машықтандыру.
Сабақтың міндеттері:
А) Білімділік: Оқуға жаттықтыру, сөздерге дыбыстық талдау жасауға үйрету. Бас әрпімен,кіші әрпімен таныстыру. Буын туралы түсініктерін кеңейту.
Ә)Дамытушылық : Ой-өрісін,тіл байлығын,тапқырлық,ізденімпаздық қабілеттерін дамыту.

Б) ТәрбиелікЕңбек адамдарын құрметтуге тәрбелеу,табиғатты сүюге, әсемдіке тәрбиелеу.


Сабақтың көрнекілігі:  Суреттер,кеспе әріптер, бейнелі суреттер,электронды оқулық.
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру бөлімі
-Оқушылардың зейінін сабаққа аудару
ІІ. Психологиялық ахуал
Күн шуағы боламыз. Аспанда бұлт болып,жауын боп себелейміз. Гүл болып өсеміз,жұпарымызды шашамыз!
ІІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Ц дыбысы мен әрпі.
«Цирк» мәтінін тізбектей оқыту. Суретті мәтінді оқыту,мәтінге ат қойғызу.
ІҮ.  Қайталау-оқу анасы
Берілген сөздерді буынға бөліп,дыбыстық талдау жасау.
Бота, өрік,  шырын,  Сәлім
инелік,  көгершін,  жүзім, кітап
Ү. Жаңа сабақты түсіндіру
Жаңа сабақты өлең оқудан бастаймын:
Элеватор маңына
Экскаватор тоқтады.
Эрик ағай тағы да,
Электрикті жоқтады.
Э э дыбысын,оның таңбалануын көрсету.
«Экскаватор» сөзіне дыбыстық талдау жасау.
Өлең оқу.
Экскаватор «э» әрпінен келеді
Халық оның еңбегіне сенеді.
Адал болып ешнәрсеге қарамай,
Кез-келген жұмысқа бірден енеді.
Оқулықтағы «Элеваторға саяхат» тақырыбындағы мәтінмен жұмыс жүргізіледі. Мәтінді мәнерлеп оқу. Сұрақтар қою.
ҮІ. Дәптермен жұмыс
Дәптерге э дыбысының таңбалануын жазу
ҮІІІ.Сергіту сәті
Бала-бала балақан,
Кәне қайсы, алақан,
Саусақтарың әйбат,
Былай-былай ойнап.
Топ-топ басайық,
Жалаудан күн жасайық.
Жаса-жаса алтын күн,
Жаса-жаса жарқын күн.
ІХ. «Адасқан буындар» ойыны
мат    теле  кон   мент
церт     це
фон       шах (шахмат,телефон,цемент,концерт)
Х. Шығармашылық тапсырма
Сөздерге тиісті әріпті қою
э,ю, я       …леватор
а,и,э       …ксковатор
о,е,э        …лектр
э,я,и        …лектрик
ХІ. Қызығушылығын ояту .Жұмбақ жасыру
Топырақ жемей,
Жата алмайды.
Тас шайнап та,
Қақалмайды.
(экскаватор)
ХІІ. Жаңылтпаш жаттайық
ХІІІ.Сабақты қорыту
ХІҮ.Мадақтау. Әр оқушыға өзіне лайық сөз жазылған парақшаларды тарату арқылы оқушыларды мадақтау.

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *