Басы » Бала бақша » Сиқырлы түймедақ

Сиқырлы түймедақ

Ақмола облысы
Степногорск қаласы
№ 7 Арай бала бақшасының тәрбиешісі
Жаркынова Гульжиян Ильясқызы
Білім  беру саласы: “Қатынас, Таным”

Бөлімі: Қатынас, Социум.
Тақырыбы: “Сиқырлы түймедақ”
Мақсаты: Балалардың көктем туралы білімдерін бекіту, геометриялық пішіндерді топтастырып, түстерін ажырата білу, цифрларды ретімен қою, кері санау.
Ертегі арқылы тілдерін, ойлау қабілеттерін дамыту, ертегі киіпкерлерін дауыспен және қимыл-қозғалыспен келтіру.
Көліктер туралы білімдерін нығайту, жануарларға қамқорлық, мейірімділік тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: Көктем туралы әңгімелеу, тақпақтар, д\о, дыбыстарды ажырату, санамақтар, ертегі сахыналау.
Сөздік жұмыс: Түймедақ, бақ-бақ, қызғалдақ, бәйшешек.
Көрнекі құралдар: гүл түймедақ, кейіпкер қоян, геометриялық пішіндер, саусақ ертегісі.
1 Жылулық шеңбер
Күнмен бірге тұрамыз ,                Достар бірге жүреміз
Құспен бірге ән саламыз            Бірге ойнап күлеміз
Қайырлы таң! Ашық күн!          Бірге балық аулаймыз
Көңілді біз тұрамыз.                 Міне біздер қандаймыз.
Тәрбеші: Балалар, кәне қонақтармен амандасайық
Балалар: Сәлеметсіздерме!

Тәрбиеші: Балалар маған бір дыбыс естіліп тұрған сияқты. Ол кім екен?
Қоян жылап отырады.
Тәрбиеші: Қоян сәлеметсіңбе, неге жылайсын?
Қоян: Сәлеметсіздерме! Бүгін анамнын туған күні, мен анама гүл сыйлайын деп едім, бірақ оны біреу сиқырлап тастады.
Тәрбиеші: Жылама қоян, қара мына жерде хат бар ғой, кәне оқып көрейік.
Хатты оқу:  Кім бұл хатты және гүлді тауып алады, мен жазып қойған тапсырмаларды орындайды. Сонда, гүлдің жапырақтары өздері ашылады.
Қоян: Қалай мен бұл тапсырмаларды жалғыз орындаймын?
Тәрбиеші: Балалар көмектесеміз бе, қоянға?
Балалар: Көмектесеміз!
1- тапсырма
Балалар жылда неше мезгіл бар?
Балалар: жылда 4 мезгіл бар.
Қазір қандай мезгіл?
Балалар: Көктем мезгілі.
Көктем мезгілінде неше ай бар?
Балалар: Үш ай бар.
Кім айтып береді?
Балалар: Наурыз, сәуір, мамыр.
Қазір қандай ай?
Балалар: Сәуір айы.
Көктем келгенін қалай білдіңдер?
Балалар жауабы: Күн жылынды, күн ұзарды, қар еріді, құстар ұшып келді, жәндіктер оянды, күн шуағын қатты шашады.
Кім көктем туралы тақпақ біледі?
1. Көктем, көктем, көктемде                       2.  Алақай-ау, алақай!
Құстар келіп жеткенже                              Қандай жақсы көктем-ай!
Қуанып бір қаламыз                                  Нұр жамылды далалар
Әнмен қарсы аламыз.                               Келді ауылға көп торғай.
3. Балалар-ау, балалар!
Шақырады далалар
Көктем келді гүл алып
Құстар келді жыр салып
2-тапсырма
Геометриялық пішіндерді топтастыр.
Түстерін анықтап айт, санап бер, ретімен цифрларды қойып бер, кері санап бер.
Санамақтар айтып беріндер.
Сергіту сәті:  Қоян келді даладан,
Оң жаққа қарады, сол жаққа қарады,
Бір отырды, бір тұрды,
Тынығып отырды.
3-тапсырма
Қандай көліктерді білесіңдер?
Балалар: Темір-жол, жол, су көлігі, ауа көлігі.
Көліктердің дыбыстарын жағып, балалар ажыратады.
4-тапсырма
Сурет бойынша ертегілерді айтып бер.
Балалар сурет бойынша жауаптарды айтады.
5-тапсырма
Ертегі сахыналап беріндер: “Қоян және түлкінің үйшігі”
Балалар кейіпкерлерге бөлініп, сахыналайды.
Қоян:  Қараңдар, балалар! Менің гүлімнің жапырақтары бәрі ашылды. Алақай! Мен енді анама бұл гүлді  сыйлаймын.
Тәрбиеші: Қоян сен білесің бе, бұл қандай гүл екенін?
Қоян: Жоқ, білмеймін.
Тәрбиеші: Балалар, айтып беріндерші .
Балалар: Түймедақ.
Алғашқы қандай гүлдер шығады көктемде?
Балалар: Бәйшешек, бақ-бақ, қызғалдақ, түймедақ.
Қоян: Рахмет, сендер маған көмектестіңдер, мен көп білім алдым. Сол үшін, мен сендерге сый сыйламын.
Қоян балаларға  сәбіз таратады.
Қорытынды:  Балалар қандай қамқорлық жасадық қоянға? Сендерге сабақ ұнады ма? Сабақта не ұнады?
Балалар шеңберге тұрады, тақпақ айтады.
Біздің топта ұл-қыздар
Тату тәтті ойнаймыз
Әлемдегі бар адамға
Тек жақсылық сыйлаймыз.
Күтілген нәтиже
1. Білуі тиіс : Тақпақтар, көктем туралы, геометриялық пішіндерді ажырату, цифрларды ретімен қою, көліктердің дыбыстарын ажырату.
2. Жасай алу тиіс: Ертегілерді сурет бойынша тану, қимыл-қозғалыспен сахыналау.
3. Болу тиіс: Қоянға қайырымдылық, мейірімділік тәрбиелеу, сабаққа қызығушылықпен қатысу.
[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *