Басы » Жаңалықтар » Күншуақтағы жайдарлы демалыс

Күншуақтағы жайдарлы демалыс

Күншуақтағы жайдарлы демалыс.

Жезқазған қаласындағы №1 орта мектеп  жанынан  ашылған «Күншуақ» жазғы сауықтыру алаңында   маусым   айында  30   бала    демалуда. Демалушылардың  күн тәртібін басты назарда ұстаушы  тәрбиешілеріміз Бердалина Ә.  Наурызбаева А.Әуесханова Д. Байкенжинова А,Ерімбетова Ж күнделікті әрбір баланың жақсы демалып, тынығуларына орай әр-түрлі сайыстар ұйымдастырып олардың көңілдерінен шығып отыр  десем болады. Аптасына салауатты өмір салтын насихаттау  мақсатында спорттық іс-шаралар ұйымдастырып жеңімпаздарымызды марапаттап, бассейнге барып демалып отырдық.Қаламыздың 60 жылдық  мерей тойына орай ұйымдастырылған  «Тарихқа тағзым»  атты мақсатпен көрме залына ,мұражайға саяхат жасап тарих   қойнауынан  сыр  шерттік. G:\DCIM\101MSDCF\DSC00675.JPGСонымен қатар  «Балалармен жас өспірімдер» сарайында ұйымдастырылған  «Сүйікті қалама арналған гүлдер», «Балалар әндерінен, жаз балалық шақ»және «Нашақорлыққа   жол жоқ»сайыстарына қатысып жүлделі 2-орынды бірнеше рет жеңіп алдық.  Жас жеткіншектердің табиғи қабілеттерің ашумен шығармашылығын дамыту мақсатында «Жаз-2014 аруы»,  «Ойлан тап», «Ойнайықта,ойлайық», «Біз өнерлі баламыз» атты логикалық (өнер) сайыстар өткізіп демалушылардың бір-бірлеріне деген қолдау көрсетіп достық қарым-қатынастарын, өзін-өзін сыйлау арқылы  мейірімділікке баули білдік.Табиғат аясында көлікте, көшеде және қоғамдық орындарда жүріп тұру,суда жүзу ережелері бойынша тәрбиешілеріміз күнделікті ойын арқылы демалушылардың ой елегінен өткізіп қызықты сайыстар ұйымдастыра білді.   «Әрбір бала бір жұлдыз,жарқырауына жәрдем бер» дегендей балғын балаларымыздың жазғы демалыстарын жақсы өткізулеріне  ерекше ықпал жасаған мектеп басшысы

      Досанов Абдірахман Мұханбетжанұлына ата-аналар мен ұстаздар қайымы шексіз риза. Жазғы демалысты өте қызықты етіп, әрбір баланың   шаттыққа толы көңіл-күйлерін көріп,жарыса ән-айтып, би билеулері бақытты  балалық  шақтың еңшісінде десем артық  айтпаймын

     Күншуақтай жайнаймыз, күлімдейміз ойнаймыз.

№1орта мектеп жанындағы «Күншуақ» жазғы сауықтыру алаңының  басшысы Жандилдаева Жумагул Төлепбайқызы.

G:\DCIM\101MSDCF\DSC00677.JPG

C:\Users\Sultanbek\Desktop\лагер 2014ж\101MSDCF\DSC00556.JPG

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *