Басы » Бастауыш сыныптар » Бастауышым-балбұлағым

Бастауышым-балбұлағым

Элмира Гильманова

Тақырыбы:«Бастауышым-балбұлағым»
Мақсаты:
1. Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын, бастауышта алған білімнің негіз болып қалатына көз жеткізу.
2. Бастауыш сыныбымен, алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен таныстыру, әр баланың ерекшелігін таныта отырып, сәт — сапар тілеу.
3. Білім берер ордасы – мектебі, ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлығын арттыру. Өз Отанының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: «Шуағын төккен 4 жыл» фотомонтажы. Слайдтар. Қанатты сөздер мен тақырып.
Кіріспе сөз:
1-жүргізуші:
Ассалаумағалейкум ағайын!
2-жүргізуші: Армысыздар аяулы ұстаздар, ақ жаулықты аналар, ардақты әкелер!
1-жүргізуші: Қош келіпсіздер, құрметті қонақтар!
2-жүргізуші: Иә, бүгін бізде қуаныш, бізде үлкен той.
1-жүргізуші: Өйткені, 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған балаларыңыз білімнің негізі болатын бастауышта оқып, білім алып, қанаттарын қатайтып, бастауыш сыныппен қоштасқалы отыр.
2-жүргізуші: Кеше ғана тарыдай болып кіріп, ақыл ойлары толысып, оң мен солын танып, жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген шәкірттеріміздің ұйымдастыруымен киелі шаңырағымызда болғалы отырған «Бастауышым — балбұлағым!» атты мерекелік кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер!
1-жүргізуші:

Білім бізді қызғалдақтай гүлдетті,
Бастауышты тәмәмдайтын күн жетті.
Қошеметпен шақырамыз ортаға,
Қадам басқан шәкірттерін құрметті, — дегендей, бастауыш сыныпты бітіруші түлектерімізді ортаға шақырайық!
Музыка әуенімен бастауыш сынып түлектері ортаға шығады.
2-жүргізуші:
Осыдан төрт жыл бұрын, яғни 2009 жылдың 1 қыркүйегінде мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған, кіп-кішкентай болған бүлдіршіндер қандай болды екен? Олай болса, құрметті ұстаздар, ақ пейілді ата-аналар және қонақтар, сол бүлдіршіндердің тәтті де бал күндеріне көз жүгіртейік.
1– ші оқушы:
Толқып, қорқып төрт жыл бұрын
Мектепке біз келгенбіз,
Қоңырауды алғаш естіп
Сыныпқа біз енгенбіз.

Ән:«Мектебім»

2 — оқушы:
Сыныптың «алғаш» мұғалімі
Эльмира апайды көргенбіз,
Жақсы оқып тәрбиелі
Болуға серт бергенбіз.

3 — оқушы:
Болашақтың үлкен жолын
Сізден сызып бастадық
Еркеліктің, жалқаулықтың ,
Көп түрін  біз тастадық.

4 — оқушы:
Жылы сөзбен қарсы алып
Бізді баурап алдыңыз,
Үйретем деп түрлі пәнді
Біраз шаршап қалдыңыз.

5 — оқушы:
Әр отбасы еркесінің
Бабын таба білдіңіз,
Ұстаздықтың қиын жолын
Көтеріп сіз жүрдіңіз.

6 —  оқушы:
Біз қаншама көп болсақ та
Сізге үмітпен қарадық,
Басқа ұстаздар алдында енді
Оқуға да жарадық.

7 — оқушы:
Түрлі – түрлі пәндерді де
Оқитын болдық ержетіп
Қателік болса жіберген
Түзетелік тездетіп.

1 — оқушы:
Тәртіп бұзсақ өзіңізден
Кешіруді сұраймыз,
Терең білім алуды енді
Мақсат етіп шыңдаймыз.

2 — оқушы:
Алтын ұя мектеп рухын
Даралап тағзым етеміз,
Білімді әрі жалғастырып
Арманға біздер жетеміз.

3 —  оқушы:
Төрт жыл бойы тынбастан
Өнер – білім үйреттіңіз
Әрбір жүрек кілтін тауып,
Бүгін міне, түлеттіңіз!

Барлық оқушылар қосылып:
Сүйікті біздің ұстазымыз,Эльмира, апай,сізге мың рахмет!

Ән:«Оқуда озат боламыз»
4 — оқушы:

Көп жылдар ұстаздық қызметке,

Үйреткен біздерді суретке.

Бауыржан ағайға мың алғыс,

Жетістік тілейміз еңбекте.

5 — оқушы:

Салауатты өмір салтына

Тәрбиелеп жүрген өренді

Ерназар ағай сізге де

Айтамыз рахмет көп енді.

6 —  оқушы:

Амина апай саналады жеке дара,
Мектепте онсыз өтпес ешбір шара.
Деніңіз сау болсын деп тілейді
Әніңізді жаттаған әрбір бала.

7 — оқушы:
Монитор,пернетақта- сөздің басы
Өрлейді компьютермен өрге тасың
Бүгінгі жаhандану заманында
Абылай ағайымның зор ғой бәсі.

1– ші оқушы:
Үйреткен  өзін-өзі танудың қыр-сырларын,
Гүлденткен үлес қосып, бала бағын.
Жұлдыз апайға шексіз алғыс
Жүріңіз шәкірттерге беріп дәріс.

2-ші оқушы

Оқыңдар ұл-қыздар деп,
Күлімдеген ұстаздар.
Ән арнадық арнайы ,
Тағзым ете, ұстаздар.

Би: «Балбұлақ»

1-жүргізуші:

«Үлкен адам болсыншы», — деп жан — жақты,
Үлпілдетіп балапандай самғатты.
Мейірімімен мәпелеген біздерді,
Ата — аналар аманбысыз ардақты.
2-жүргізуші:

Біздің жамандығымызды жасырып, жақсылығымызды асырып жүрген біздің ата — анамыз. Қатарымыздың теңі болып, тамағымыз тоқ, көйлегіміз көк болып жүруі де сол кісілердің арқасы.
1-жүргізуші:

Ыстық — ау, кім — кімге де әке деген,
Суыққа шалындырмай, мәпелеген.
Өмірдің соқпағымен өрге тартып,
Алдымен адам бол деп жетелеген, — дегендей әкенің орны бөлек ау.
2-жүргізуші:

Әкешім тілеуімді тілеп жүрген,
Аумайсың жарығы мол ашық күннен.
Шаршайсын жұмыс істеп біздер үшін.
Ақылды балаларың оны білген.
Би: «Аңшы биі»
2-жүргізуші:

Әр ана өз баласын мейірімді болса екен, жақсы оқып, елге елеулі азамат болса, екен дейді. Халқымыздай мынадай нақыл сөз бар: «Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаң да борышыңды өтей алмайсың» деген. Алайда ардақты анамыздың ақ сүтін ақтай білгенге не жетсін!
1-жүргізуші:

Иә, дұрыс айтасын Ризабек! Біз болашақта саналы да, ақылды бала болып өссек ананың арманы орындалды деген осы емес пе?

Дүниеге әкелген,
Олда сенің анашың.
Ақ сүт беріп өсірген,
Ол да сенің анашың.
Тіл алмасаң кешірген,
Ол да сенің анашың.
Ендеше, сүйікті де, сүйкімді балалары өз аналарына қандай әсем әндерін арнайды екен.
Ән: «Анашым»

Бастауыш сыныпта «Қауырсын қалам» үйірмесінде Назым апайымыздың жетекшілігімен шығармашылық жұмыстармен айналыстық.Олай болса,өнерімізді тамашалаңыздар!

Оқушылар шығармашылығын тыңдау.

Қол жаяйық халайық,
Бата тілеп алайық.
Бастауышпен қоштасып
Орта буынға барайық.
Бата алу. (үлкен кісіден).
Қоштасу вальсі.
Қыз.

Білім алуға, үлкенді сыйлауға, Отанды қорғауға, тіліміз бен салт-дәстүрімізді сақтауға
Ұл:
Мәдениетті сақтауға, үлгілі болуға, ерінбей сабақ оқуға , мектебіміздің даңқын көтеруге АНТ ЕТЕМІЗ!

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *