Басы » Бастауыш сыныптар » Ержүрек қыз

Ержүрек қыз

manshykШ.Б.Гумарова

Жаңақала жалпы орта білім беретін мектебі.

Жаңақала ауылы, Жаңақала ауданы, БҚО

Сабақтың тақырыбы:Ержүрек қыз

Сабақың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды Мәншүк Мәметованың ерлік істерімен таныстырып, жаңа мағлұматтармен кеңейте түсу арқылы танымдық білімдерін арттыру.

Дамытушылық: Жүйелі ойлау қабілетін, ой- өрісін, тіл байлығын, шығармашылық қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Жас ұрпақты Отанын, елін, жерінқорғай білуге, адамгершілікке, ержүректілікке тәрбиелеу.

Көрнекілік: “Есімде ерлер есімі” қазақ батырлары “Сөзжұмбақ”, Мәншүк суреттері, кітап көрмесі.

Түрі:Аралас сабақ.

Типі:Жаңа білім беру.

Әдісі: Әңгімелеу, түсіндіру, баяндау, сұрақ- жауап.

Пәнаралық байланыс:Математика, тарих, музыка, қазақ тілі.

Сабақтың барысы:

       I.            Ұйымдастыру бөлімі.

Психологиялық дайындық

Сөйлетер сөзді шеберлеп

Өзіңнің ана тіліңмен

Байыпта жақсы оқысаң

Негізі менде білімнің

II.            Үй тапсырмасын тексеру.

—         Ер- қаруы – бес қаруға қандай қарулар жатады?

( Садақ, найза, айбалта, қылыш, шоқпар ).

—         Бұл қаруларды кімдер ұстаған?

( Қазақ батырлары ).

—         Қазақ батырларын ата?

( Қабанбай, Наурызбай, Бөгенбай, Махамбет, Исатай, Абылый, Сырым Датұлы, Амангелді Иманов, Әбілқайыр т.б. ).

—         “Үш батыр” туралы өз ойларын айту.

III.            Өткен сабақты қорытындылау.

—         Қабанбай, Бөгенбай батырлар кімге ақ баталарын берді?

—         Батыр туралы тақпақ оқу.

  1. Ой ашу.

Әрбір адам- туыс, туған, жұрағат

Әрбір сабақ- үйрену, ұғу, ұлағат

Әрбір ісің- бірлік, тірлік, адамдық

Әрбір сөзің- шындық, ақтық, адалдық.

V.            Сөзжұмбақ шешу.

Р 25+25
Ж 18+12
Е 100-80
Ү 80+10
К 52+8
Қ 60+40

 

З 14-7
Р 63+7
Е 40+40
Ы 60-50

 

20 50 30 90 70 80 60 100 10 7
Е Р Ж Ү Р Е К Қ Ы З
  1. Жаңа сабақ. Балалар бүгін біздер Әзілхан Нұршайықовтың “Ержүрек қыз” атты әңгімесімен танысамыз.

Жазушының өмірбаяны:Әзілхан Нұршайықов 1922 жылы 15 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданының Келінсүегі деген жерінде дүниеге келген. 1941-1945ж.ж. Қызыл армия қатарында болды. Ұлы Отан соғысы кезінде өлеңдері, әскери өлеңдері мен очерктері майдандық, республикалық және облыстық газет беттерінде жиі басылып тұрды.

  1. Кіріспе әңгіме.

1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысы болды. Осы соғыста көптеген қазақ батырлары қаза тапты. 1945 ж. 9 мамырында жеңіс туы желбіреді.

—         Кім Ұлы Отан соғысының батырларын біледі?

( Бауыржан Момышұлы, Мәлік Ғабдуллин, Нұркен Әбдіров, Талғат Бигелдинов, Рақымжан Қошқарбаев, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова т.б.)

Иә, Шығыстың қос шынары атанған екі қыз- Мәншүк пен Әлия қатысқан. Мәншүк Мәметова Батыс Қазақстан облысы, Орда ауданында дүниеге келген. Азан шақырып қойған есімі- Мәнсия. Бес жасынан бастап оны әкесінің немере інісі Ахмет Мәметов әйелі Әмина асырап алған.Анасы еркелетіп “Моншақ” деп атаған. Мәншүк Ұлы Отан соғысы басталғанда Алматы қаласындағы мединститутта оқып жүрген еді. Ол өз еркімен сұранып Қазақстан ұлттық 100-ші атқыштар бригадасы құрамында майданға аттанады. Өз еркімен Қызыл Армия қатарына қосылып 21-ші атқыштар дивизиясында пулеметші болады.

1943 жылдың 15 қазанында Псков облысындағы Невель қаласының маңында қаза болған.

Біздің жерлес батырларымызды атап өтесек олар: Сәлім Айтқұлов, Мәжит Жүнісов, Садық Жақсығұлов, Есен Орақбаев.

  1. Мәтінмен жұмыс.

а) Сөздік жұмыс

Пулемёт-

Пулемётшы-

Сержант-

Комиссар-

“Максимка”-

Миномет-

Мина-

Баудай-

  1. Мәтінді мәнерлеп оқып беру.

Жоспар: 1. Комиссар тапсырмасы.

2. Мәншүктің өтініші.

3. Максимка ненің аты?

4. Мәншүктің жаумен соғысуы.

5. Оның ерлік ісі.

X.            Поэзия минуты.

—         Мәншүктің майданда анасына жазған хатын оқу.

«…Әкешім, біз жаумен шайқасудамыз. Фашистер үсті- үстіне шабуылдап, тоқтар емес. Жағдай өте ауыр. Өліспей беріспейміз. Жаудың қайткенде көзін жоямыз. Қайран әке, сенің атыңды ақтап, “халық жауы” еместігіңді әлі- ақ дәлелдеймін!

…Айналайын апатай “Моншағым” деп еркелете отырып, үнемі менің шаштарымды өріп беруші едің ғой! Сіздің жұп- жұмсақ аялы алақандарыңызды сағындым.

Апа, сіз мені кешіресіз деп ойлаймын. Бұрымымды қысқарттым… Соғыста қиын ғой. Қазір қайтадан қоюлана түскен. Өздеріңмен қайта қауышу жазса, көрерміз, оған шейін бұрынғыдай ұзарып қалады.

Кеше шайқас алдаында өзіңіз жіберген хош иісті сабынмен жуып- шайып, әтір сеуіп, айтпақшы, айна салып жібергеніңіз мұндай жақсы болар ма, көп рақмет, кішкентай болса да соған қарап жас қылып, өріп алғанмын. Ұрысқа кірерде түйіп аламын, бірақ кейде сусып түсіп, арқамды сабалайды. “Дұшпанға оғыңды ата түс аяма!” деп мені қамшылайды.

Апатай, сізге ашығын айтайын. Бұл соғыстан тірі қалуымыз екіталай. Егер олай- бұлай болып кетсем, онда Отаным үшін, әкем үшін, сіз үшін жаным пида.»

—         Мәншүкке арналған тақпақтар оқу.

—         Батырлық, ерлік туралы мақалдар.

1.Батыр- елдің сәулесі,

Бал құрақ- көлдің сәулесі.

2.Ер жігіт ел үшін туады,

Ел үшін өледі.

3.Батыр болмай, батыл болмас.

 

  1. Салыстыру: Қазақ батырлары мен Ұлы Отан соғысы батырлары.

Қазақ батырлары                                                         Ұқсастығы         Ұлы Отан соғысы батырлары

 

 

 

Сұрақтар:

  1. Қазақ батырларын ата және олар қандай қарулар ұстаған?
  2. Ұлы Отан соғысы батырларын ата, соғыста қандай қарулар қолданған?
  3. Жаңа білімді бекіту.

Сұрақ- жауап әдісі арқылы жаңа сабақты бекіту.

  1. Әңгіме кім туралы?
  2. Комиссар қандай тапсырма берді?
  3. Өтініште Мәншүк не жазған?
  4. Максимка ненің аты?
  5. Ұлы Отан соғысы қай жылы басталды және аяқталды?
  6. Мәншүк майданға неше жасында аттанды?
  7. Нешінші гвардияда, атқыштар дивизиясында болды?
  8. Мәншүк неше жасында қаза тапты?
  9. М.Мәметова қай жылы және қай жерде дүниеге келді?
  10. Оқушыларды бағалау, мадақтау.
  11. Үй тапсырмасын беру.

Мәтінді түсініп оқып, Мәншүк туралы деректер жинау.

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *