Дүниетану 4-сынып
Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның жер бедері
Сабақтың мақсаты: Қазақстанның жер бедері жайлы мәлімет беру.Тіл байлығын,ойлау,есте сақтау қабілеттерін жетілдіру,ойын толық жүйелі жеткізуге дағдыландыру.Отанын сүюге,табиғатына жанашыр болуға тәрбиелеу.
Әдісі: сұрақ-жауап,әңгімелеу
Түрі:аралас сабақ
Көрнекілігі:суреттер ,слайдтар,карта.
Сабақтың барысы
І.Ұйымдастыру.
Оқушылармен амандасу,түгендеу.Назарын сабаққа аудару
1-бөлім. «Қайталау-білім анасы»
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау
«Адам әрекетінен жер бетінің өзгеруі» мазмұнын сұрау
ІІІ.Үй тапсырмасын бекіту
«Кім тапқыр?» ойыны
Шарты:Берілген сұрақтарға дұрыс жауап беріп артында жасырынған суретті табу
1.Жер беті адамның қандай әрекетінен өзгереді?
2.Террикондар деген не?
3.Оба деген не?
4.Ашық карьерлердің орнын қалай пайдалануға болады?
5.Қазақстанның жер көлемі қанша?
Суреттер: жазық,тау,өзен
2-бөлім.Білімге құштарлық
IV.Жаңа сабақ
Қазақстан туралы жалпы мәлімет беру (кесте бойынша)
Жер көлемі 2.7млн км
Көрші елдері Солтүстік және солтүстік-батысында Ресеймен,оңтүстікте Қырғызстанмен,Өзбекстанмен.Түркменстанмен,шығыста Қытаймен шектеседі
Ең биік нүктесі (м) Хантәңірі (6995)
Ең төмен нүктесі (м) Қарақия ойысы (-132)
Табиғат зонасы Орманды дала (3%), дала (26%),шөлейт (14%),шөп (44%), биік белдеу(13%)
Қазақстанның жер бедері
Жер бедері дегеніміз не?
Жер бедері дегеніміз — пішіні мен көлемі ,жаратылысы мен жасы,биіктігі жөнінен айырмашылық жасайтын жер бетінің сипаты.
Қазақстанның жер бедері жазықтар,ойпаттар,үстірттерден және қыраттар мен биік,аласа таулардан тұрады.
Қазақстанның жер бедерінің басты ерекшеліктері
1.Жер бедерінің жазықтар мен аласа таулар Қазақстанның батысында,солтүстігінде және орталығында орналасқан.
2.Биік таулы аймақтар республиканың шығыс және оңтүстік — шығыс бөлігін алып жатқан шағын аумақты қамтиды.
3.Еліміздің бүкіл жер беті оңтүстіктен солтүстікке және шығыстан батысқа қарай бірте-бірте еңіс тартады.
4.Биік таулар мен аласа таулар тауаралық аңғарлармен және жазықтармен алмасып отырады.
3-бөлім. «Кітап — білім бұлағы»
Оқулықпен жұмыс
Мәтінді іштей,тізбектей дауыстап оқыту
Сергіту сәті
Қолымды көкке көтерсем
Көрсетеді солтүстік.
Аяқ бассам оңтүстік.
Оң қолым шығысым,
Ал сол қолым батысым.
Бағыттарды анықтап,
Айналамын жер шарын.
4-бөлім. «Іздеген жетер мұратқа»
Сарамандық жұмыс
Физикалық картадан жер беті қалай бейнеленгенін айту.
Ойпатты,қыратты жазықтарды қалай ажыратамыз?
Тауларды ше?
Мұздықтардың шартты белгісі қандай?
Картадан тауып көрсету.
Менің ойымды жалғастыр (мақал-мәтелдерді жалғастыру)
1.Әркімге өз жері-мысыр шаһары
2.Отан үшін күрес, елге тиген үлес
3.Отансыз адам-қанатсыз құспен тең
4.Туған жердің күні де ыстық,түні де ыстық
5.Өзге елде сұлтан болғанша,өз еліңде ұлтан бол
6.Ел іші-алтын бесік
Дәптермен жұмыс
Физикалық картадан тапқан таулардың атауларын жазу
Шоқы туралы түсінік беру,шоқыны көргендері болса әңгімелету.Картадан Қазақстанның тауларын көрсету,ең биік тауды,оның шыңын таныстыру.
Шыңның атауы Орналасқан жері Биіктігі
Хантәңірі шыңы Сарыжаз 6995 м
Бүкіл одақтың география қоғамына 100 жыл шыңы Меридиандық жота 6276м
Талғар шыңы Іле Алатауы 4973м
Мұзтау шыңы Алтай тауы 4506м
Манас шыңы Талас Алатауы 4482м
Тау жотасы-созыла орналасқан көтеріңкі жер бедері.Тау жотасының ең биік бөлігін қырқа деп атайды,мұнда шыңдар мен олардың арасындағы төмендеу бөліктер орналасады.Бірнеше тау жоталары түйісетін ауданды тау түйінділері деп атайды.Тау жоталары аралығында тауаралық аңғарлар орналасады.
Жазық деп құрлық бетінің тегіс немесе сәл белесті алқаптарын айтады.Жазықтар тегіс және төбелі деп бөлінеді.
5-бөлім. «Бәрін білгім келеді»
Бұл қызық!
Ең, ең,ең
Қазақстандағы ең ұзын өзен-Ертіс
Ең терең көл-Байкал
Ең терең ойпат – Қарақия ойпаты
Ең алғаш Қазақстан тәуелсіздігін мойындаған ел-Түркия
Ең ұзын сөз-қанағаттандырылмағандықтан,залалсыздандырылмағандықтан
6-бөлім. «Үйренгенім көп менің»
“Кім жүйрік” ойыны
-Жер бедері деген не болды? Ең биік тау қандай тау? -Шоқы деген не?
-Елімізде жазықтың қандай түрлері бар?
«Алатау»сөзі қандай мағына береді?
-Картадан Сарыарқаны көрсет және жер бедері қандай екенін айт.
VI. Үйге тапсырма: мәтінді оқу, мазмұны.
VIІ. Бағалау