Басы » Бастауыш сыныптар » Табиғатты аялайық

Табиғатты аялайық

Амантаева Айсұлу

Сайыс сабақ 3-сынып
Тақырыбы: «Табиғатты аялайық»
Мақсаты: дүниетану пәнінен алған білімдерін тексеру,оқушылардың туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыра отырып,табиғатты қорғауда жауапкершілікті қалыптастыру,табиғатқа деген мейірім мен ықыласын,табиғат байлықтары мен жан-жануар,өсімдіктерге жанашырлықпен қарауға тәрбиелеу.
Түрі:сайыс сабақ
Формасы:топтық
Көрнекілігі:слайдтар,суреттер.
Барысы
Мұғалім: Табиғат- тіршілік атаулының құтты қоныс мекені,тіншіліктің түлеп өсуіне қажетті нәрі,жер бетіне көрік берген сәні.Табиғат,Жер –Ана,атамекен,туған жер деген ұғымдар бір-бірімен тамырлас,әрі тағдырлас.
Табиғат!Осы бір жүрекке жылы,көңілге қонымды естілетін салиқалы сөзде қаншама мазмұн,терең мағына,ұлағатты мол ұғым,тұжырымы кең,ой жатыр десеңізші!
Табиғат-адам бойында адамгершілік абзал қасиеттерді қалыптастыратын ұлағатты ұстаз,тәлімі мол тәрбиеші.Ендеше,ұлы табиғатымыздың құрметіне бүгінгі білімділер сайысын өткізейік.Сайысқа 5 топ қатысады.
1-топ «Жұлдыз» тобы (3 а сынып)
2-топ «Күн әлемі» тобы (3 ә сынып)
3-топ «Қыран» тобы (3 б сынып)
4-топ «Бәйтерек» тобы (3 в сынып)
5-топ «Қарлығаш» тобы (3 г сынып)
Сайыс шарттары:
1.Таныстыру (топтың аты,ұраны)
2.Бәйге (дүниетану пәні бойынша сұрақтар)
3.Нақыл сөз-білгенге ақыл сөз (әр топ табиғат,туған жер туралы мақал-мәтелдерді жазады 1 минут)
4.Есте сақта
5.Полиглот
6.Керектісін тап
7.Пантамимо
Әділ – қазылар алқасымен таныстыру
Сонымен сайысымызды бастайық
1-кезең.Таныстыру
Әр топ өздерін таныстырады.Жоғары ұпай 5 балл.
2-кезең. Бәйге
Шарты:интерактивті тақтада 10,20,30,40, ұпайдан тұратын ұяшықтар болады.Әр топ қалаған ұяшықтарын таңдап,ондағы сұрақтарға жауап береді.Топ 3 рет ұяшық таңдайды.Ұпай ұяшық санына байланысты.
10.Адам денесі неше бөліктен тұрады?(4 бөліктен:бас,мойын,кеуде,қол және аяқ)
10.Адам денесін қозғалысқа келтіретін мүшені ата.(қаңқа)
10.Адамда неше жұп қабырға болады?(12)
10.Қан айналымы дегеніміз не?(Қанның ағзаны аралап қозғалуын қан айналым дейді.)
20.Жүрекке келетін ең ірі қан тамыры не деп аталады? (қолқа)
20.Жүрекке баратын қан тамыр не деп аталады? (вена немесе көк тамыр)
20.Ас қорыту мүшелерін ата (ауыз қуысы,жұтқыншақ,өңеш,қарын,ішек)
20.Масштаб деген не? (Белгілі бір заттың өлшемін кішірейтіп бейнелегенде қолданылатын санды масштаб дейді)
30.Географиялық карта деген не? (жер бетінің қағазға өте кішірейтіліп түсірілген бейнесін географиялық карта дейді)
30.Жел дегеніміз не?(жер бетіндегі ауаның бір жерден екінші жерге ауысуын жел деп атайды)
30.Желдің күшін және бағытын анықтайтын құрал не деп аталады?(желбағар)
30.Түтіліп,үйіліп жатқан жүнге немесе мақтаға ұқсайтын бұлт түрін ата (будақ бұлт)
40.Физикалық карта дегеніміз не? (өзен ,көл және жер бедері бейнеленген картаны физикалық карта деп атайды)
40.Қан кеткен адамға қан беретін адамды кім деп атайды? (донор)
40.Тыныс алу мүшелерін ата (мұрын қуысы,кеңірдек,кеңірдекше , өкпе)
3-кезең.Нақыл сөз- білгенге ақыл сөз
Шарты:әр топ табиғат,туған жер туралы мақал-мәтелдерді жазады.Бұл сайысқа 1минут уақыт беріледі.Осы уақыт ішінде көп мақал жазған топ жеңімпаз аталады.Әр топтан бір оқушы ғана жазады.
4-кезең.Есте сақта
Шарты.тақтада дүниетану пәніне қатысты бірнеше ұғым,заттардың суреттері шығады.Суретке мұқият қарап алу үшін 1 минут уақыт беріледі.1 минуттан соң суреттер өшіріледі де,оқушылардың есте сақтап қалған суреттердің атын жазуларын сұраймын.Ең көп суретті есте сақтап қалған топ жеңімпаз атанады.
Суреттер:глобус,карта,компас,тау,өсімдік,қасқыр,түлкі,қоян,көмір,бұлт,күн,адам,мұрын,көз,аяқ,қол.
5-кезең.Полиглот ойыны
Шарты:Жұмбақтардың шешуін қазақ және орыс тілдерінде айту.Дұрыс жауап 5 ұпаймен бағаланады.
1.Суға батпайды,
Отқа жанбайды.(мұз-лед)
2.Жылт-жылт еткен,
Жырадан өткен.(су-вода)
3.Үлкен алтын табақтан
Әлемге нұр таратқан.(күн-солнце)
4.Тікен,тікен тік пісте,
Қысы-жазы бір түсте.(шырша-елка)
5.Таңмен көзін ашады,
Әлемге нұр шашады. (күн-солнце)
6.Қыста ғана болады,
Ұстасаң қолың тоңады.(қар-снег)
7.Сылдыр сұйық су емес,
Ішсең сусын қанады.
Ақ болса да қар емес,
Шешуін кім табады.(сүт-молоко)
8.Жапырақты бояды,
Атырапты бояды.
Бояп-бояп барлығын
Сап-сары ғып қояды.(күз-осень)
9.Отыз екі мықты,
Қаз-қатар боп шықты.
Он алтысы асты,
Он алтысы үсті.(тіс-зуб)
10.Екі ағайынды,
Екеуі де бір үйде,
Бірін-бірі көрмейді.(көз-глаза)
6-кезең.Керектісін тап
Шарты.Әр топқа әріптер тізбегі беріледі.Сол тізбектен сөздерді тауып алу керек.Әр тізбектен үш сөзден шығады.Әр топ сыныпқа 2 тізбектен.Бұл бөлімде қанша сөз тапса,сонша ұпай алады.
1-топ.
1.Тплогүленсқойұехкөзаэт
2.Афмайжднанштвсүтырв
2-топ
1.Трдқалачыеуарпафеменз
2.Тсбалықючспілжхкерікпв
3-топ
1.Кенбтрөзенврпзайсанджт
2.Ткгүлжрэқазтзкмөзенюб
4-топ.
1.ЯЮтжағавфтасцбкөшеэжм
2.Ждопгхнжолнвкенютпю
5-топ.
1.Ицықазақтбршешентборысдж
2.Фыбақшаврэағашюдкесефх

7-кезең Пантомимо
Шарты.Сөздерді ым-ишара арқылы көрсету.Жоғары ұпай 5 балмен бағаланады.
Сөздер:Етікші,сайқымазақ,тігінші,спортшы,аспазшы

Қорытынды
Мұғалім:Өзіміздің анамыздай аялаған туған жердің табиғатына сүйіспеншілікпен қамқорлық жасап,қорғау-әрқайсысымыздың азаматтық абзал борышымыз және парасатты парызымыз.
Қазақстан-туған жерім,киелім,
Қасиетіңді қастерлеп,басымды да иемін.
Табиғаттың тұнып тұрған қазына,
Соның бәрін аялаймын,сүйемін.
Марапаттау
Осымен сайысымыз аяқталды.Құрметті әділ-қазылар алқасы топтардың жалпы ұпайларын шығарып,жеңімпаз топты атасаңыздар.Топтар марапатталады.Жеңген топты құттықтаймыз.Сайысымыз аяқталды келіп тамашалағаныңызға көп рахмет.Сау болыңыздар!

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *