Басы » Бастауыш сыныптар » Қош бол, Әліппе!

Қош бол, Әліппе!

 alippe Маңғыстау облысы
Ақтау қаласы
№13 орта мектеп гимназиясының
бастауыш сынып мұғалімі
Байдуллаева Шарипа Тажигалиевна
                                     Қош бол, Әліппе! 
Сахнаға шал шығады. (қолында ұзындау ине)

Шал:( жер қазып отырады, қолымен маңдайын сүрткілеп)
— Балаларға білім бұлағының көзін ашып берсембе деп едім. Оқыған адам болады, оқымаған надан болады. Оқу инемен құдық қазғандай деген сөз текке айтылмаған.

  1. Кемпір шығады.
    — Әй, шал-ау манағы білімнің бұлағын таптың ба, құдығыңды қаздың ба?
    Шал:
    — Немереме балалықтан даналыққа жол салып беремін бе деп едім, инемен құдық қазу қиын екен, кемпір-ау.
    Кемпір:
    — Кемпірі несі, әже де.
    Шал:
    — Олай болса, сен мені шал деме, ата де.
    Кемпір:
    —  Кешір, кешір. Ата екенсің ғой. «А» екенсің ғой. Адам ата екенсің ғой.
    Шал:
    — Сен де кешір мені. Әже екенсің ғой. «Ә» екенсің ғой. Әйел- ана екенсің ғой.

Екеуі бірге қол ұстасып:
Алла әлемді алты күнде жаратты, Әке мен Ана әлемге балаларын таратты. Сондықтан да «А» мен «Ә» әліппенің басында тұрады.

  1. Сахнаға немере бала кіреді.
    Бала:

    — Ататай, Әжетай балақайды ұмытпаңдаршы. Ататай, мен үшін білім бұлағын қазам деп едің. Қаздың ба, ата?
    Ата:
    — Жоқ, балам. Жалғыз өзіме инемен құдық қазу қиын болып тұр.
    Бала:
    — Ата, әже, мен достарымды шақырайын.
  2. –Танысып қойыңыздар, мынау ақылдылар ауылының ақыны.
    Әже:
    — Балам, «Жүз теңге болғанша, жүз досың болсын  » демекші досың жалғыз ба?
    Бала:
    — Жоқ, әжетай. Менің досым көп. Мен әріптер әлемінің әкімімен доспын. Әріптердің барлығымен доспын.
    Сахнаға төсінде әріптер жазылған оқушылар келеді.
    Ата мен әже екеуі бірге:
    — Алақай, балақай, Әріптердей  дос көрдік, дос көрдік.  Д О С (сөзі жазылады).
    Балалардың бәрі:
    — Ата, әже қош көрдік, қош көрдік. Қ О Ш ( сөзі жазылады )

Хор: Мектеп.

Әже:
— Ой, балам, мына достарың әнші ғой. Енді мына достарыңды құрметтеп, әріптер әлемінің әкіміне сөз берейік.
Әріптер әлемінің әкімі:
    Әріптер әлемінің әкімімін,
Әлемге әйгіленген әділдігім.
Әліппе мен боламын дәріптелген,
Әуезбін, әуенді әнді әріптерге.
Әкенің әдетімін, әмірімін
Әуездің әңгімесі әдебімін.
Әсемпаз әпкешімнің әтірімін,
Ә- мін әлбеттімін, әртүрлімін.

Әженің әріндегі әжімімін,
Әккінің әжуа әйбат әзілімін,
Әуелден әсем әрі әдемі әнмін,
Әлемде әлди әнді әйел әлді.
Әулие Әмбиемін Әминімін,
Әйгілі Әйел заттың әлдиімін.
Ә-мін Әліппемін, Әліпбимін,
Әдептен әрі аспаған әлі күнгі.
-Құрметті, қонақтар, сіздердің құрметтеріңізге арнап, менің әріптерім би билейді. Қабыл алыңыздар.
Би: «Марш»
Әже:
-Әріптер әлемінің әкімі Әліппенің сөзін тыңдадық. Ендігі сөз кезегін ақылдылар ауылының ақынына берейік.
Ақылды ауылының ақыны Ана тілі.
Атаның ақылының астарымын,
Дананың даңқы асқан дастанымын.
Мен болам Ана тілің ардақтымын,
Тарих пен Әдебиеттің бастауымын.
Отан мен отбасының аспанымын,
Жауапты санасына жастарымның!
Дәріпті Әліппенің жалғасымын,
Басында Әліпбидің алғашқымын.
Адаммын Адамзаттың атасымын.
Арай мен ақ таңменен жалғасты күн.
Төрге өткіз жайғасайын малдас құрып,
Адалым ардақ тұтар салт дәстүрің.
— Құрметті, Әліппе бүгінгі мереке сіздікі. Сіздің құрметіңізге арнап бәріміз «Әліппе» әнін шырқайық.
Хор: «Әліппе»
Оқушылардың бәрі қолдарын шапалақтап.
Әріптер дос, дос, Әліппе қош, қош!
Д О С         Ә Л І П П Е       Қ О Ш (сөздері жазылады)
1. Д — дарынбыз, дарамыз, достыққа дайынбыз.
2. О – ояумыз, ойнақты, озық-ой ойынбыз.
3. С – сабақта сайраймыз, саналы сайынбыз.

4. Ә – әдемі әлемге, әжеме, әкеме.
5. Л – лайықты, лүпілді лебізім.
6. І — ізбасар ізетін іскеріле.
7. П – перзенттік періште пәк ізім.
8. П – партада портфелім, портфельде пеналым.
9. Е – ерке едім, ертемен мектепке келе алдым.

10. Қ – қоңырау қағылды, қарымды қазақпыз.

11. О – отаншыл, ойшылмыз, оқуды озатпыз.
12. Ш – шәкіртпіз, ширақпыз, шұғыла, шапақпыз.

Би «Қазақ биі»


Ата:
— Менің немеремнің достары әрі әнші, әрі биші, тақылдап сөйлей де біледі. Балалар, осының бәрін сіздерге үйреткен кім?
Оқушылардың бәрі қолдарын шапалақтап.
  Шәкірттердің досы,
Шәрипа апай осы.
Шәкірт (сөзі жазылады)
13. Ш – шешенбіз, шымырмыз, шеберміз.
14. Ә – әппақпыз, әп-әйбат, әлембіз.
15. К – кітапты бітірдік кішкентай.
16. І – ілшері ініге іске сәт.
17. Р – рухты апай, рахмет рахымдым.
18. Т – тәрбие, тәртіпке тартылдым.
Шәрипа (сөзі жазылады)
19. Ш – шынайы, шаруашыл, шарашыл.
20. Ә – әрі әртіс, әрі әнші, әдіскер.
21. Р – рауандай, ризашыл, риясыз.
22. И – икемді, иілгіш, ибалы.
23. П – пай-пай панамыз педагог.
24. А – алғыс ал, алда жүр ана боп!

 

 

Осы оқушылармен хормен:
Қатемді кешірдің,
Анамдай өсірдің,
Балаңдай көсілдім.
Шәрипа есімің.
Есімнен еш кетпес,
Өзіңе тең жетпес.
Көп шәкірт біздеп сез,
Жоқ ұстаз сіз тектес.
Шәрипа апай келесі ән өзіңізге арналады.
Хор: «Мұғалім – ол біздің. « ( гүл шоғын беру )
Мұғалім:  Балапандарым, сый құрметтеріңізге үлкен рахмет. Болашақта Білмесбек атанбай, Білгішбек атаныңдар.
Білмесбек кіреді.
— Мәссаған, мыналар әдемі киім киіп алып неге жиналған? Білмесбек депменің атымды айтқан кім?
Мұғалім: Сенің атыңды айтқан менмін. Біздің балалар әдемі киініп құтты әліппемен қоштасып жатыр.
Білмесбек: Әліппемен қоштасу дейді. Қоштасыңдар, қоштасыңдар. Әліппе оқып бастарыңды атырғанша мына мен сияқты армандарды армандап, екі қолды қалдаға салып, талтаң-талтаң етіп жүрмейсіңдер ме?
Мұғалім: Білмесбек арман дейсің бе? Ол қандай арман?
Білмесбек:
Менің 1-ші арманымды тыңдаңдар.
-Мына менің ойымша,
Мектеп деген жойылса.
Сабағы мен білімі,
Кітап, дәптер, қаламы,
Мәңгілікке жоқ болса.
№1 баланың жауабы: ( Іңкәр )
— Достым, ойың тайыздау,
Ақылың сенің тіпті аздау.
Жойылса деп мектепті,

Армандайсың арсыздау.
Мектеп егер жойылса,
Білім қайдан аларсың,

Үлгі, өнеге, тәрбие,
Ұстаздардан аларсың.
Білмесбек:
Менің 2-ші арманым.
— Пах-пах шіркін!
Жегенім бешбармақ болса,
Ішкенім «Моя Семья » болса,
Ата-анам ақша тауып
Түрлі киім алып беріп,
Модаменен киіндіріп тұрса,
Сөйтіп , жағдайым керім болса.
№2 баланаң жауабы. ( Дархан)
-Жесем дейсің бешбармақ,
Ішсем дейсің бал шырын.
Ата-ананың ақшасын,
Жойсам дейсің па шіркін!
Білім алмай мектептен,
Еңбек етіп тер төкпей,
Оңай олжа ойлайсың,
Ата-анаңды қинайсың ғой, Білмесбек.
Білмесбек.
3-ші арманым.
-18 жасқа келгесін,

Институт мені қабылдаса,
Бір оқу орны қуғанда,
Екіншісі қыңқ етпей қабылдаса.
Диплом леген қағазды,
Қолға келіп бір ұрса,
Шіркін осы тілектерім орындалса!
№3 баланың жауабы. ( Амина)
-Сен, Білмесбекмені тыңда,
Институт қабылдап,
Жүрсем дейсің былқылдап,
Сатып алып диплом,
Бастық болып, талтаңдап.
Бошлашағын елімнің,
Ойламайсың сен неге
Сауаты жоқ сауатыз,
Мамандар  көп біздерде.
Соның бірі болмақсың,
Қандай үлес қоспақсың
Егеменді елімнің,
Сәнін қалай бұзбақсың.
Білмесбек.
4-ші арманым.
-23-ке келгесін,
Байдың қызы жарым болса,
Бойы ұзын, сүйкіді болса,
Екі аяғы түзу болса,
Ақшасы көптеу болса,
Ақылы жоқтау болса.
Сөйтіп ақсақалды шал болсам
Менде  басқа арман бар ма?
№4баланың жауабы. (Талғат)
-Байлығынан не пайда,
Ақылы оның болмаса.
Ақшасы мен көркінен,
Саған келер сән қайда?
Ел сыйлаған ақсақал,
Болса дейсің қадірлі,
Елге еңбегін сіңбесе
Қайдан болар қадірің.
Білмесбек: (басы салбырап, ойланады)
— Достар, сендердің айтқан ақылдарыңның бәрі дұрыс.
Мен енді жалқаулықты тастаймын,
Жаңа өмір бастаймын.
Егеменді елімнің,
Ертеңі үшін күресіп,
Еңбекпенен көгеріп,
Бір асыл іс қыламын.
Атаның сөзі—Ән » Мектебім »
Мұғалім:
— Білмесбек, сен жақсы оқушы болуың үшін алдымен үстіңді жөндеп кел.
— Жарайды. ( Білмесбек шығып кетеді )
Мұғалім:
— Балалар, Жаңа өлең шумақтарыңызда егемендіелім деген сөздер айтылды.
Осы біздің еліміз қалай аталады?
Балалар: -Қазақ. ( ақ матаға жазылып көтеріледі)
Мұғалім: — Еліміз.
Балалар: — Азат.(ұрандап)
Мұғалім: — Мемлекетіміз
Балалар: — Ғажап. ( ұрандату) Қазақ бәрінен озат.
Ән: К. Ыбыраев «Қазақстаным менің» отындайтын Айжан.
Алдағы 6 оқушы хормен.
Аспаның таза тым,
Қазағым азатым.
Ғажабым, қазағым
Мен ұрпақ тазмын.
Тап-таза ажарым,
Балаңмын базарың
Ұрандар жазамын,
Бәрінен озамын.

 

Ата: Расында да қазақ деген ғажап. Айды аспанға шығарған қазақ қой. Ай демекші қазақтар ғарышға ұшып жатыр. Айда да қазақтар бар шығар. Манағы Әкім бала Әліппені ғарыш кемесіне отырғызып айға ұшырсақ қайтеді.
Бала: Ататай, дұрыс айтасыз. Ұшырайық.
Әліппе: Тоқтар аға мен Талғат ағаның ізбасары болып мен де айға аттанамын.
— Құрметті ақын апа Ана тілі, мына балалардың алдағы алар асулары сізге аманат.
Ана тілі: — Аманатыңды ақтаймын, әлемдегі тұңғыш ғарышкер қазақ Әліппесі. Бұл балалардың Ана тілін әдебиетке жеткіземін.
Әліппе: Қош балалар!
Балалар: Қош, Әліппе!
Мұғалім: Құрметті қонақтар, құрметті ата-аналар, «Байқоңырдай» даласы бар қазақ елінен 2012 жылы .. желтоқсанда №13 ОМГ. алғашқы қазақ әліппесі айға ұшырылды.
УРА! УРА!

Әнұранмен аяқтау.

Құттықтау сөздері.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *