Павлодар облысы
Екібастұз қаласы
№23 «Балауса» бала-бақшасы
Қалқабаева Күлзира Хұсайынқызы
Білім беру саласы:Қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Көркем әдебиет
Тақырыбы: Аққала
Мақсаты: Балаларға қыс мезгілінің қызықты екенін түсіндіру. Қардан аққала соғып ,қар қамалдар тұрғызуға болатынын үйрету.
Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап,әңгімелесу.
Сөздік жұмыс: ақша қар.
Оқу іс әрекетінің көрнекілігі: Аққаланың ,аққала соғып жатқан балалардың суреттері.
Оқу іс-әрекетінің барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Балалар шаттық шеңберіне тұрады. Бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.
Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
Қыс мезгілі неше айдан тұрады?
Қыста қардан не жасауға болады?
Балаларға жұмбақ жасыру:
Шелек қалпақ басында,
Сәбіз екен танауы.
Қыста қардан туатын,
Тауып көрші сен оны (Аққала)
Ғ.Ормановтың «Аққала» өлеңін жаттау.
Ауыл алды ақша қар,
Ақша қарда балалар
. Соғып жатыр аққала.
Балалар қыста жерде не жатады?
Қардан не жасауға болады?
Аққала соғып көрдің бе?
Сергіту сәті:Аула сырты,баққа да
Тұрғызамыз аққала.
Аққаланы айналып,
Би билейміз шаттана.
Дидактикалықойын: «Аққала құрастыр».
Ойыншарты: Балалар екі топқа бөлінеді. Әртүрлі қиып дайындалған геометриялық қиындылардан аққала құрастыру керек.
Тыныштық сәті : Баяу музыка әуенімен балалар көздерін жұмады.Көз алдарына топ алаңын, онда соққан аққаланы елестетеді.
Аққаламыз қандай әдемі! Көзімізді ашамыз. Көңіл күйлерің қалай болды?
Балалар өздері соққан аққаланың суретін салады.
Қорытынды:
Аққаланы неден соғамыз?
Қардан қолымыз жаурамас үшін не киеміз?
- [bws_related_posts]