Басы » Бастауыш сыныптар » Заттың санын білдіретін сөздер

Заттың санын білдіретін сөздер

Сабақтың тақырыбы: Заттың санын білдіретін сөздер.
Сабақтың мақсаты:
1.Сан есім тақырыбын тірек-сызба бойынша меңгерту, өз бетімен жұмыс жасату арқылы білімдерін толықтыру.
2. Дамыта оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін пайдалана отырып, оқушылардың теориялық ойлау қабілетін дамыту.
3. Оқушыларды адамгершілікке, үлкендерді құрмет етуге, табиғатты қорғай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа білім беру
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, талдау, ажырату салыстыру, топтау, жинақтау.
Пәнаралық байланыс: Математика, ән-күй, дүниетану.
Сабақтың көрнекілігі: Тірек-сызба, топтастыру, ойындар, суреттер.
Сабақтың барысы.
І. Бағдарлау-мотивациялық кезең.
Қызығушылығын ояту.
Балалар қазір қай мезгіл?
-Көктем.
Көктем мезгілінің нешінші айы?
— Үшінші.
Бір мезгілде неше ай болады?
— Үш
Бүгін аптаның нешінші күні?
— Төртінші.
Жарайсыңдар. Осысөйлемдердегі үш, үшінші, төртінші сөздерге сұрақ қойыңдаршы.
— Неше? Нешінші?
Дұрыс, енді балалар «Кім шапшаң?» ойыны арқылы неше? нешінші?-деген сұрақтарға мысал айтайық.
Неше? Нешінші?
Бес бірінші
Төрт төртінші
Тоғыз екінші
Он үшінші
Салыстыру
Осы сөздердің айырмашылығы, ұүсастығы барма? Өз сөздерін айту.
Өте жақсы
Енді балалар, осы берілген сөздерге сөйлем ойлайық. Сөйлем құрастыру.
Мысалы: Мен бірінші сыныпта оқимын.
Қуаныш үшінші партады отырады.
Сөйлемдегі неше? нешінші? деген сұрақтарға жауап беріп тұрған сөздер нені білдіріп тұр?
— Санын.
Ереже шығару.
Сан есім
Қанша? Нешінші?
Неше?
Ал енді табиғатқа қарайықшы. Табиғатта қандай өзгерістер бар?
Оқушылардың ойы тыңдалады.
Топтастыру стратегиясы.
Суретпен жұмыс.
— Ал мында қарасақ, табиғатымыз көңілсіздеу тұрған сияқты.
Енді қазір біз осы табиғатты көркейтуге өз білімізбен көмек берейік.
— Табиғатымыз жарқырап тұруы үшін не қажет?
— Күнің көзі қажет.
І. Онда күннің нұр шашуына көмектесейік.
ІІ. Операциялық- орындаушылық кезең.
Дәптерімізді ашып, айдың жадын жазып көркем жазуға кезекші әріпті жазамыз.
Бұл күннің тапсырмасы. Күнді ілу.
— Ал балалар мынау не?
-Ағаш
Ағаштың жасыл желек жамылуына жапырақтар керек. Ол үшін біз жаттығуды орындаймыз.
133-жаттығу.
Кім тапқыр? ойыны арқылы көп нүктенің орнына тиісті сан есім қою.
Суретпен жұмыс.
Біздің сыныпта……. оқушы бар.
Сыныпта…………… парта тұр.
IV.Мынау тұрған не?
— Өзен.
Өзенге не жетіспей тұр деп ойлайсыңдар?
— Балықтар.
Өзенге балықтарды жіберу үшін шығармашылық жұмысты орындайық.
Мәтін
Құстар туралы мәтін құрастыру.
Мәтін сан есімге байланыста болуы керек. Жазған мәтіндерін оқыту, талдау. Сан есім сөздерін тауып, сұрақ қою.
-Балықтар жабыстыру.
Әр партада….. …… бала отырады.
Сөйлемдегі сан есімге сұрақ қойып, сөздердің астын сызу.
Жапырақтарды ілу.
ІІІ. Енді бұл ағашқа не жетіспей тұр?
-Жеміс
Ағашқа жеміс беру үшін, келесі жаттығуды орындау арқылы көмектесейік.
134-жаттығу.
Берілген сөйлемдерді көшіріп жазу.
Сөйлемдегі сан есім сөздерді тауып, астын сызу.
Оқыту, талдау, жемістерді ілу.
Ал енді балалар, біз шаршаған болармыз. Мына өзенге қарап отырып дем алып, сергіту сәтін жасайық.
Сергіту сәті.
М. Әлімбаев «Он саусақ» Өлеңін айту. Ән сабағымен байланыстыру. Осы өлеңде сан есімге байланысты қандай сөздер бар?
— Екі, үш, он.
Сұрақтар қою.
V Табиғаттың гүлденіп тұруына не жетіспейді
— Гүлдер
Көктемде алғашқы шығатын қандай гүл?
— Жауқазын.
Енді жауқазын гүлдердің өсуіне көмектесу үшін Т.Молдағалиевтың «Домалақ ана» өлеңін оқуимыз. Түсіндіру, әңгімелеу.
— Балаларға тізбектеп оқыту.
Домалақ анаға мінездеме жасату.
Жауқазын гүлдерді жабыстыру.
— Ой қозғау.
Балалар гүлдерге қарап отырып ойлайықшы.
— Жақсы адам қандай болады?
— Балалар жауабы.
Дұрыс, сіздерде мына гүлдер сияқтысыңдар. Гүлдерге су құйып, қарап тұрсаң, жақсы өседі. Сендерде уақытында білім алып, жақсы оқысаңдар, осы гүлдер сияқты әдемі болып өсесіңдер.
Рефлексиялық бағалау кезеңі.
VI. Ал балалар біз бүгінгі сабағымыздан қандай әсер алдық?
Сабағымыз кімге қалай ұнады?
Сұрақ-жауап арқылы сабақты қорыту.
Бағалау.
Үй жұмысы. Домалық ана Мәнерлеп оқып келу

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *