Басы » Жаңалықтар » Талғат Әнуарбекұлы. Білімге «тұсау» болған тексеріс

Талғат Әнуарбекұлы. Білімге «тұсау» болған тексеріс

Талғат Әнуарбекұлы. Білімге «тұсау» болған тексеріс

Тексеріс. Бұл сөзді естіген кезде кез-келген адамның елең етпей алуы мүмкін емес. Өйткені күллі қоғам тексерістің астында. Әрине, әрбір сала өз жұмысының нәтижелі, табысты болу үшін бақылауға ұстап, әлсін-әлсін тексеріп, кемшілігін анықтап оны түзету жолын нұсқап алға қарай ұмтылуына, табысқа, жетістікке жетуіне, сол арқылы өз саласын алға жылжытуға бағытталып отырса құба-құп. Онда әрбір сала елдің өркендеуіне өз үлестерін қосқан болар еді. Сол үшін де жүйелі бақылау, жүйелі тексеріс қоғамға керек, бірақ…
Енді нақты сөзімді өз ортама, білім беру саласына қарай бұрайын. Қазір «тексеріс» деген сөзді естісе мұғалімдеріміз жылайтын күйге жетті. Бұл – жай «жылау» емес. Өйткені білім саласындағы тексеріс нәтиже бағыттау емес, керісінде алға жылжуға «тұсау» болып отыр.
Күллі білім жүйесінің алға қойған мақсаты – қарапайым, түсінікті тілмен айтсақ сапал білім, саналы тәрбие беру. Қазіргі біздің орта білім туралы аттестатымыздан бастап, жоғарғы білім туралы дипломдарымыз халықаралық деңгейдегі білім стандартына сай болып, біздің жастарымыз, мамандарымыз әлемнің кез-келген еліне барып оқуын жалғастырып немесе жұмыс істей алатын болу керек дейміз.
Міне, тексеріс осыған бағыталуы, осы үшін қызымет жасауы керек еді. Бірақ олай болмай тұр. Біздің білім саласындағы тексеріс осы бағытын таба алмай «адасып» жүр.
Осыдан үш-төрт жыл бұрын әр облыс орталықтарында «тәуелсіз комитет» деген жеке мекеме құрылды. Мақсаты – білім саласына бақылауды күшейту. Бұл да бізге керек шығар, дұрыс болды деп ойладық. Білім саласындағы олқылықтарды түзететіне сендік. Басқаруы облыс деңгейіндегі ешбір мекемеге бағынбайтын, тікелей министрлікке ғана тәуелді.
Осы мекеменің комиссия құрамында бірнеше мектепті тексерген тексерісте болдым және өз мектебімде осы тексерістен өтті.

Тексеріс неге көңіл аударады?

Ең бастысы жалпыға бірдей білім беру мемлекеттік стандарттың орындалуына.Бұл – ең қажетті жері. Стандарт бұзылған болса оны қалпына келтіреді. Оқушы үшін ең маңызды таңдау бөлімдерінің сағаттары көп жағдайда берілмей қалады. Осыларды қалпына келтіреді. Әйтпесе мектеп аттетациядан өтпеуі тиіс.
4,9 және 11 сынып оқушыларынан білім бақылаулары алынады. Бұл да негізгі. Оның тапсырмалары министрліктен келеді. Келген тапсырмалардың деңгейі көбінде дарынды балаларға арналған мектептердің деңгейінде немесе тереңдетіліп оқытылатын мектеп оқушыларына арналған тапсырмалар болады. Оны кім дайындайтынын біз тұр ғой, тексеріске келген комиссия мүшелерінің өздері білмейді.
Келесі кезекте мектеп мұғалімдерінің сабағына барады. Мұғалімнің әдістемесіне көңіл бөлінеді. Бұған мектеп мұғалімдері толық қамтылмайды.
Көп көңіл бөлінетіні – мектеп құжаттарын тексеру. Үш жылғы әкімшіліктік құжаттар, үш жылғы сынып журналдары, пән мұғалімдері, сынып жетекшілерінің үш жылғы құжаттары. Санап, тізіп көріп едім; мектеп директоры, оқу-тәрбие ісінің меңгерушілерінен бастап шағын топтың тәрбиешілеріне дейінгі қағаз құжаттардың тізбесі жүзден асып жығылды. Әрбір мұғалімде 20-30 аралығында папкалар. Сыныбының әр оқушысына арналған портфолиосы. Мұның бәрі үш жылғы болу керек. Келген комиссия бар уақытын осыған сарп етеді. Анауың жоқ, мынауың дұрыс емесі көбейеді. Неге дұрыс емес? Басқа құжаттарды айтпай-ақ қояйын, бір сынып журналын толтыру туралы күні бүгінге дейін нақты бірізділік жоқ. Әр жақтан келген комиссия әртүрлі айтып басыңды қатырады. Мысылы: Аяз болып сабақ өтпей қалды делік. Білеуі, бұған акт жазып журналға жазбайсың десе, екіншісі, жазылу керек, әйтпесе сабақтың сағат саны толмай қалады дейді. Сонымен сенің үш қайтара көшіріп жазып көз майыңды тауысқан журналың бір сәттің ішінде теріс толтырылған болып шығады.
Айтпақшы, «тойдың болғанынан боладысы немесе келіннің келгенінен келедісі қызық» демекші комисия келеді дегенмен сізге өтірік маған шын, артық айтсам екі жыл, кем айтсам бір жыл дайындық жұмыстары жүргізіледі. Мұғалімдердің қағазын қайта-қайта тексеріп, үш жылғы құжатарды сынып журналынан бастап қайта-қайта жаңалап көшіріп жазып тексеріске дейін зорға дайындайсың. Бұл кезде сапалы білім беру емес сапалы қағаз дайындау бойынша жұмыс жасайсың. Бұл -мұғалімдерді де әбден қажытады. Білім бермек түгілі, бағдарлама далада қалады. Енді білім нәтижесін сұрап көр. Кім кінәлі? Мұғалім, әлде басқа?!
Тексерістің соңында тағы да алпыс-жетпіс бет, тіпті жүз бетке дейін анықтамалар толтыру, жазу. Бұл жерде комиссия мүшелері өздері де қалжырайды, шаршайды. Қайран уақыттың бәрі босқа өткенін білмейді.
Жалпы соңғы кезде білім саласындағы тексеріс тек қағаз құжаттар тексеруге көп көңіл бөліп кетті. Ауданнан, облыстан, республикадан келседе сол, қағаз кеміреді. Соған байланысты бүгінгі мұғалімдердің күнделікті жұмысы қағаз толтырумен өтетін болды. Сабақ үйретілмесе үйретілмесін, қағазым орнында тұрсын деп ойлайтын деңгейге жеткіздік. Бұған мұғалімдерді кінәлаудың өзі артық сияқты.
10314681_1480570432157456_4463118902402053404_nМұндай білім беруге «тұсау» болған тексерісті тез арада тоқтатып, тексерістің бағытын түзеу керек болып тұр.
– Жалпы қағаз тексеруді тоқтату,
– Пәні бойынша мұғалімнің білімін тексеру;
– Мұғалімнің сабағына қатысып, әдістемесіне көңіл бөлу;
– Соңынан оқушыларынан әкімшілік бақылау алу.
Тексеріс осы үш нәрсеге бағытталса мұғалім де өз білімін көтеріп, оқушысына да сапалы білім беруге тырысар еді деп ойлаймын.
Біздікі еріккеннің ермегі немесе біреудің жұмысынан «тұяқ астынан кір іздеу» емес ел ертеңі болатын ұрпақтың сапал білім, саналы тәрбие алуына дұрыс жағдай жасалса деген ниеттен туған ой.

Ақмола облысы, Атбасар ауданы, Мариновка қазақ орта мектебі мұғалімі
Талғат Әнуарбекұлы 

kazbilim.kz

[bws_related_posts]

3 комментария

  1. Пикирим агайымыз рас айтады жаксы шындык екен бирак макалада катте неге коп карап салынса жаксы болар еди сауатты

  2. Өте орынды айтылған.Тексерістің оқушыға,мұғалімге ,мектепке бере пайдасы жоқ.Бар уақыттарын алғаны болмаса…

  3. Талғат Әнуарбекұлның Білімге «тұсау» болған тексеріс тақырыбындағы мақаласында орынды айтылған. Бұл барлық мұғалімдер қауымының , директор немесе завучтардың жан айқайы деуге болады. Осыны бір жөнге келтірер адам бар ма? Елбасымыздың да қағазбастылықты қойып, нақты жұмыс істелсін деген сөзін де жоғарыдағылар елемеді гой. Міне аттестация болады деп үш жылғы документтің қайсысынан бастарымды білмей отырған жайым бар…..)))))

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *