Сабақтың тақырыбы: Ә ә дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты: Ә ә дыбысы мен әрпін пысықтау, бекіту
Сабақтың міндеті:
1. Ә ә дыбысы мен әрпін пысықтау. Заттардың жекеше және көпше түрін меңгерту
2. Өлең жаттата отырып есте сақтау қабілеттерін дамыту
3. Әдептілікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі: қайталау
Өткізу әдісі: көрсету, кеспе әріптермен жұмыс, ауызша талдау
Көрнекілігі: суреттер (заттардың жекеше, көпше түрі), алфавит
Сабақтың мазмұны
I. Ұйымдастыру
— Оқушылармен амандасу
— Сәлеметсіңдер ме, оқушылар!
— Сәлеметсіз бе!
— Сабаққа зейіндерін аудару
Оқулық, дәптер ,қаламдарының түгел болуына наза аудару
— Зейіндерін сабаққа аудару
II. Өткен сабақтарды еске түсіру
Мақсаты: Өткен сабақты пысықтау, бекіту
1) Кеспе әріптермен жұмыс
— Ы, ш, с, р, н, й, а әріптерін пайдалана отырып, шырын, сырнай сөздерін құрастырту
2) Кеспе буындармен жұмыс
— Ме, кө, лек, ке, бе буындарын пайдалана отырып, көбелек, кеме сөздерін құрастырту.
III. Мағынаны тану
Мақсаты: Өткен Ә ә дыбысы туралы алған білімдерін нақтылай түсу, одан әрі тереңдету
1) Ә ә дыбысы мен әрпін пысықтау
— Ә ә қандай дыбыс?
— Ә дауысты дыбыс
— Ә ә дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі?
— Ә ә дыбысы сөздің басында, ортасында кездеседі. Соңында кездеспейді.
— Ә ә дыбысы мен А а дыбысыынң ерекшеліктері мен ұқсастықтары қандай?
А а Ә ә
Ерекшелігі Ұқсастығы Ерекшелігі
Сөздің соңында дауысты дыбыс сөздің соңында болмайды
………………. ………… ………………
2) Оқулықпен жұмыс
— Қара түспен ерекшеленіп берілген сөздерді оқыту
Әріп, әліппе, ән, дән, дәптер, тәулік, әскер, тәртіп, Әлібек, Әділет, Әсет, Сәуле
— Осы сөздерді буынға бөлгізу
— 3 буынды сөздерді тапқызу
— Тәртіп, тәулік сөздеріне сөйлем құрату
— Сөйлемді сызба арқылы көрсету
3) Заттың жекеше, көпше түрлерімен таныстыру
Мақсаты: жекеше, көпше түрді меңгерту
— Кім? — әнші, әпке Кімдер? – әншілер, әпкелер
— Не? – дәптер, әріп Нелер? — дәптерлер, әріптер
— Оқушылардың өздері ойлаған мысалдарын талдау
4) Заттарды 3 жақта тәуелдеу
— Менің дәптерім, Әліппем
— Сенің дәптерің, Әліппең
— Оның дәптері, Әліппесі
IV. Сергіту сәті
Жел уледі,
Құйын келіп биледі.
Қатты – қатты жел соқты,
Жапырақтар қол соқты.
V. Ойын «Кім тауып айтады?»
Мақсаты: оқулықтан тыс сөздерді таптыру арқылы, оқушылардың ойлану, есте сақтау қабілеттерін жетілдіру
Тақтаға талдың суретін іліп, жапырақ түрінде кішкене қағаздар тарату. Ол жапырақтарға оқушылар ә дыбысы бар сөздер жазып, талдың бұтақтарына іледі.
VI. Кері байланыс
— Біз не үйрендік?
— Біз не істедік?
Оқушыларға блобтарды таратып, бояту. Оқушылардың көңіл – күйін байқау
VII. Сабақты қорытындылау
Біз бүгін Ә ә дыбысы және әрпімен таныстық
Мадақтау