Басы » Cыныптан тыс » Көшеде сақ бол!

Көшеде сақ бол!

PDDБҚО   Қаратөбе ауданы  Жусандой ауылы
Жамбыл жалпы білім беретін мектеп-балабақшасының
жоғары санатты бастауыш сынып мұғалімі
Касимов Казбек Рыскалиевич

Сыныптан тыс жұмыс
Тақырыбы:  «Көшеде сақ бол!»
 Мақсаты:
1) оқушылардың жол ережесі туралы білімін кеңейту, жол белгілерін, олардың топтарын ажырата білуге үйрету;
2) жол ережесін қатаң сақтауға дағдыландыра отырып, көше ережесіне байланысты ұғымдар мен терминдерді білу адам өмірі үшін қажеттілігін түсіндіру;
3) жолда жүру мәдениетін қалыптастыру, әдептілікке, өзара достыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: жол белгілері, жол таңбалары, бағдаршам, суреттер.
Барысы.
Жүргізуші: Бүгінгі  мектебімізде «Назар аудар-бағдаршам!» атты онкүндік аясында  бастауыш сыныптар арасында  «Көшеде сақ бол!» атты ертеңгімізге  қош келдіңіздер! Ертеңгімізді бастау үшін бастауыш сынып бірлестік жетекшісі Қазбек ағайыиызға сөз кезегін береміз.
Мұғалім: Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінде ауылда да, қалада да үлкен көшелер және онда жүйткіген автокөліктер көбеюде. Көше кеңейген сайын ерсілі-қарсылы жаяу жүргіншілер мен жүргізушілердің де көбейетіні даусыз. Соңғы жылдары еліміздің қай жерінде болмасын автокөліктердің барлық түрлері еселеп артып келеді. Мұның өзі машина жүргізушілер мен жаяулардың, әсіресе мектеп оқушыларының жол ережесін неғұрлым жете біліп, қатаң сақтауын қажет етеді. Көшенің тәртібін үйде ата-ана ескертсе, көше қиылысында күзет қызметкерлері мен бағдаршам қадағалайды. Ал сендер көше ережесін жақсы біліп, оны орындауға, сақтауға тиіссіңдер.
. «Жас инспекторлар ( полиций киімін киген оқушылар шығады)  4 сынып
Ән (“Птица счастья” әуенімен)
Армысыздар, асыл достарым
Бүгінгі күн, есте сақталсын
Мектебімізге  келіп отырмыз,
Жас инспекторлардан  жалынды салем!-3 рет

1 — оқушы: Алға ұмтылма ентелеп,
Машинадан қаш, мына!
Түсіп кетпе асығып,
Дөңгелектің астына!
2 — оқушы: Айнала қауіп бар ойла,
Жан-жағына қарайла!
Сырғанасаң көшеде,
Машина жолын абайла!
3 — оқушы: Асықпаңдар, балалар,
Үлкен жолға келгенде.
Жан-жағына қарап ал!
Деме: Бізді кім елер,
Машина жоқ па? Жүре бер!
4 — оқушы: Ештеңе жоқ алаңдар,
Өте берер адамдар.
Жол шетінде тұратын,
Жолбелгіге қараңдар!
5 — оқушы: Жарысып-ақ кетер ек,
Машиналар өте көп.
Жолдан өтем асықпай,
Велосипед жетелеп.
6 — оқушы: Жол көліктің жүрегі,
Машина көп жүреді.
«Қауіп жоқ» − деп ойлама,
Жолда футбол ойнама!
7 — оқушы: Ата – ананың сенімін,
Еске ұстап ақтай біл.
Жолдан өтер жаяудың,
Ережесін сақтай біл!
8 — оқушы: Айнала қауіп бар ойла,
Жан-жағына қарайла!
Сырғанасаң көшеде,
Машина жолын абайла!
9 — оқушы: Арманға алдан күткен асығамыз,
Біз қалай толқын атпай басылармыз.
Жол жүру ережесін жақсы біліп,
Сақтықта тұра алатын жас ұланбыз.
Бірге: Жол жүру ережесі заңды тәртіп — Ол ортақ
Үлкен кіші баршамызға!
Хор:
Ән: (“Атамекен” әуенімен)

Көшеде біз сақ болайық, жас достар
Қаймықпасын ата — анамыз біз үшін
Жол ережесін сақтап жүріп әрдайым
Жас ұландар атына сай болайық

Жолда жүру әліппесін
Білген жөн ғой бес саусақтай
Сонда ғана жүре аласың
Сен өзіңді сау сақтап

Бүгінгідей мерекеде достар — ау
Болғанменен көп айтар ән әліде
Ережені кел екеуміз бірігіп
Жаттайықшы қайта — қайта қайталап.

Жол атасы – бағдаршам   (2 сынып)
Жүргізуші: Бүгін бізге қонаққа жол дорба келіпті. Жол дорбаның дайындап келген жұмбағы бар екен, жауабын тауып берейік.
Қызыл көзім тұр дейді
Сары көзім дайындал дейді
Жасыл көзім зула дейді
Бұл не?
— Балалар: бағдаршам
(Бағдаршам макетін киген оқушы шығады)
Бағдаршам: Менмін бағдаршам
Кезек — кезек жанған шам
Менмін бағдаршам
Жөн сілтейтін бағдар шам
Жөндеп қара ал маған

1-оқушы: Ей, жолаушы зула аман
Көшеңменен тыңдаған
Бұрылыста жалма жан
Жөндеп қара ал маған

2-оқушы: Сары шамым жанғанда
Аялдауға қамдан да
Қызыл шамым жанғанда
Аялдап көз сал маңға
3-оқушы: Жанса көзі жасыл
Жолың айдай ашық
Жүре бергін батыл
Керегі жоқ сасып
Бағдаршам
Жолды кесіп өтерде,
Сол жағыңа қарайла,
Жарты ортаға келгенде
Оң жағыңа қарайла
Білгеніңді басқаға
Үйрете жүр, жарай ма?

жүргізуші: Бағдаршам өмірімізді жазымнан сақтайтын көмекшіміз. Жолда жүру ережесін бұзуға жол бермейік.
хор: Ән: Бағдаршам
1.     Көшеде біз сақ болайық ,
Қаймықпасын ата – ана .
Жолда сен бол  лайық,
Жас ұлан деген  атқа
Қ- сы :
Әрқашан күн  сөнбесін,
Аспаннан бұлт  төнбесін .
Қасымда болсын анам,
Болайын мен де аман !
2. Жолда жүру әліппесін
Білген жөн бес саусақтай.
Сонда ғана жүре  аласың ,
Сен өзіңді сау сақтап
 Жүргізуші :  келесі кезекті сахналық көрініске береміз.
Сахналық көрініс: «Маймақ аюдың достары»
Инспектор :
Медбике апамыз бәрімізді емдейді ,
Ауырса адамды, аңды да  емдейді .
Отырған мынау Медбике апаға
Айтыңдаршы , кане кімдер келмейді ?
(Осы кезде басын ақ  шүберекпен таңған , сыртынан қан шып – шып шыққан аю өкіріп келе жатады)
Инспектор :
Апа, қараңыз мына  сұмдықты ,
Маймақты кім  қыңжылтты ?
Мед.бике:
Маймағым, не  болған өзіңе,
Көкпеңбек ісінген бас – көзіңде ?
Аю:
Айтайын мен жасырмай  шынымды – ай,
Сақтап қал , апа  жанымды шыбындай.
Жармасып бал тасыр машина үстіне
Домалап түсіп шыңғырдым құлындай.
Мед.бике:
Бір асар тәтті бал үшін,
Тәртіпті  бұздың қарынның қамы  үшін.
Міне, енді  еңіреп тұрғаның ұят – ақ,
Тәртіп керек , біліп ал , жан үшін !
Аю.
Медбике апа, инспектор жолдас , енді тәртіпті  бұзбаймын.Кешіріңіздер мені!

Жүргізуші: – Бағдаршам жоқ  көшелерден  қалай  өтеміз ?
Егер өтетін  жерде  бағдаршам  болмаса  көшеден  өте бере  әуелі  сол жаққа қараймыз. Көшенің орта  тұсына жеткенде , оң жағымызға көз  саламыз. Егер ол  жақтан  машина  келе  жатса , өтіп  кеткенше , сол орында күте  тұрамыз.
Белгілер сөйлейді. 
Сақтандыру , ескерту белгісі  :
Қып – қызыл  үшбұрыш,
Қауіптен сақ бол деп сәт – сапар  жолдаған.
Аман – сау жүреді  жаяу да , көлік те ,
Мен берген белгіні  сақтаған , қолдаған.
Тыйым салу  белгісі :
Қызылмен боялған , шеңбермін аумақты,
Тыйымшыл белгімін , қаталмын  салмақты .
Мен тұрған жерлерде  хақың жоқ жүруге,
Қауіп  бар , бағдарла  көз салып  жан – жақты.
Міндеттеу белгісі  :
Белгімін  көрсетер  жылдамдық бағытты,
Міндетті  бұрылыс , әйтпесе  қауіпті.
Барлығын анықтап тұрамын жолыңда,
Абай бол , шартыңды міндетті  орында !
Ңұсқау белгісі :
Баратын жеріңнің бағытын , тұрағын,
Үн – түнсіз жол  сілтеп , жол  нұсқап  тұрамын.
Күндіз де  , түнде  де от болып жанады,
Көк  түске боялған төрт бұрыш шырағым.

Жүргізуші:Балалар, біз әр белгінің не мақсатта қолданылатынын білдік.
Жүргізуші: : Балалар, бүгінгі ертеңгілігімізді  қорыта келе , Деніміз сау, еліміз тыныш, жол тәртібін сақтап, аман – есен жүрелік.
Ирек – ирек көшелер,
Көше деген мың ирек.
Қиындыққа әйтсе де,
Үйренесің біртіндеп.
Барар жерге асықпа,
Бәйге алмайсың бұрын кеп.

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *