Басы » Cыныптан тыс » Таныстыру

Таныстыру

Жақсы сөз жайдарлы ойға сән қалаған,
Келінбіз өнегені арқалаған.
Бас иіп баршаңызға сәлем берем,
Армысың ардақты елім, алқалаған!

Көңілдің көрікке енсе қалыпты ізі,
Жақсының жадырайды анық жүзі.
Дәл сондай жан шауағын бойға жиған,
Мен – Тоқын Тастаева Бақытқызы.

Жүректің жалын шашса көрігі мың,
Шекпейді шалқар шақтың көңілі мұң.
Адайдың асқақтаған аруымын,
Қоңыраттың қырғызалы келінімін.

Жарасқан бар бойыма жетік үлгім,
Үйреткен өркендеуін жетілудің.
Ардақты анасымын отбасында,
Қайсар мен Қайнар атты екі ұлымның.

Тоқтатар тағылымның бұлағын кім,
Жаққан соң ізгіліктің шырағын күн.
Қалада журналисттік саладамын,
Мектепте шәкірттерге мұғаліммін.

Жарымын өмірдегі сенімді ердің,
Жасымнан орнықты іске көңіл бөлдім.
Абырой, алғыс алсам арманым сол,
Бүгінгі сайысында келіндердің.

Әсерлі шақтың артық әрпі маған,
Жырымды еліме арнап сан құрағам.
Жүрекке жиған ұлы ұлағатым,
Әрқашан болсын деймін халқым аман.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *