Абилова Лаура Беделхановна
Тақырыбы: Білім жолы — сара жол, ізденіңдер, талмаңдар!
Мақсаты: Оқушылардың төртжылдық білімін көрсету, олардың туған мектебіне деген сүйіспеншілігін паш ету, оқушылардың сөздік қорын, есте сақтауын, сахналық қабілетін дамыту.
Барысы: Көрініс: Білімбек пен Жалқаубек
Мұғалім сөзі: — Құрметті ұстаздар, ата – аналар!
Бүгін міне, осыдан 4 – жыл бұрын кішкентай болып мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндеріміз, 4 – жылдық білімді игеріп, бастауыш сыныппен қоштасқалы отыр. Осы 4 жылдың ішінде мына алдарыңызға шығатын әрбір бала мектеп қағидаларын үйреніп білді, олардың бойында жүрегіне жылылық қалыптасқан, еркін ойын айта алатын, өз бетімен үйренуді мақсат еткен, білімге деген қажеттілікті ұғынған, танымдық күші қалыптасқан деп айта аламын.
Жүздерің жылы, құшағың кең,
Сенен түлеп ұшамын мен.
Өзің берген біліміңмен,
Биіктерге шығамын мен – деп тұрған шәкірттерім бар. Мен үшін әр баланың орны бөлек. Қимай тұрған академик шәкірттерімді жеке – жеке ықыласпен ортаға шақырсам.
- Сабырлы әрі салмақты,
Шалқар біздің ардақты.
Қияға қиялменен қарыштайды,
Өнерін ата – анасына бағыштайды.
- Қуантады білімімен Айназ қыз,
Қол соғып қарсы аламыз.
Білімің серік болсын талабыңа,
Бүгінгі тілегіміз қабыл болып.
3. Бәріміз жақсы көретін,
Әкесін әркез сүйетін.
Келесі біздің Жанар қыз,
Шырқап ән салып беретін.
4. Құлпырған дала гүліндей,
Жүресің әркез күлімдей.
Аман болсын ата – апаң,
Аида қыз, арманыңа жет сүрінбей.
- 4 жыл бірге оқыған,
Ойға білім тоқыған.
Анасының еркесі,
Айдана ғой келесі.
- Нұрай біздің салмақты,
Анасымен ардақты.
Орындалсын арманың,
Қадамыңа гүл бітсін.
- Шығады мың бұралып Аружан биші,
Өнерді Аружан сүйген , бәрің сүйші.
«Анаға қарап – қыз өсер» — деген сөзді,
Ойыңа әрқашанда түйіп жүрші.
- Қыздардың бәрі сұлу, салсаң назар,
Бәрі де арманына қолын созар.
Жүрегіңнен анаңа арнап ән шығарсаң,
Ұлжан қыз, анашың өнеріңе риза болар.
- Қазақтың қызы ғой ол елін сүйген,
Бойына әдептілік нәрін түйген.
Анасын әрқашанда сыйлап өтер,
Ақнұр қыз, орындалсын басты арманың.
- Жаның бай, өзің сұлу ертегісің,
Мінекей ұшып барады ерке құсым.
Жақсы істі жүрегімен ұйымдастырар,
Дана – сен еліміздің ертеңісің.
Ән: «Бала тілегі» орындайтын Жанар Серікбекқызы
- Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар,
Білім іздеп, инемен құдық қазғандар.
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,
Би билеп, ән де бүгін айтылар.
- Қадірменді қонақтар!
- Қымбатты ұстаздар!
- Аяулы ата – аналар!
Біз бүгін ең алғаш қалам ұстатып, әліппемізді ұсынған сүйікті ұстазымызға рахмет айту салтанатына жиналып отырмыз.Жанымызға білімнің жарық сәулесін сыйлаған, мектеп – анаға алғысымызды айтамыз.
- Сонымен, бастауыш сыныппен қоштасу кешін бастауға рұқсат етіңіздер.
- Ақыл – ойын жаңғыртып,
Бастауышпен қоштасқан.
Өңкей білгіш балдырған,
Өсті бойың, ойларың,
Құтты болсын тойларың.
Бәрі: Мектеп – кеме, білім- теңіз,
Барар жерге тез жетеміз.
Адаспаймыз ұлы жолда,
Ұстаз берген білім қолда.
- Есімде алғаш ұстаздың қарсы алғаны,
Айқара есік ашып тасталғаны.
Бір мереке думан боп осы маңда,
Жетелеп бір сыныпқа ап барғаны.
- Енді міне, сағымдай боп өте шықты,
4 жыл уақыт аз ба екен, кім біліпті.
Ұстаз – ана жасады мына бізден,
Ел таңғалар азамат бір – бір мықты.
- Өмірге жол бір өзіңнен бастадым,
Алфавитті алғаш сенде жаттадым.
Ұстаз – ана естен кетпес мәңгілік,
Мейіріммен арқамыздан қаққаны.
- Байсалды мінезіңнен бір қалыпты,
Менің де көкейімде із қалыпты.
Ұстатың қағаз, қалам қолыма өзің,
Ерінбей үйреттің де әр әріпті.
- Қоссаңдар бірді екіге үш болады –
Деуші едің – біліммен күш толады
Алғыр бол, әдепті бол, сабырлы бол,
Ақылмен іс істесең іс болады.
Беруші ең бізге айтып өлең, тақпақ,
Таласып алушы едік біздер жаттап.
Өзіңіз баға қойған күнделікті,
Жоғалтпай өмір бойы жүрем сақтап.
- Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға – деп Абай атамыз айтқандай, ұстазымыз жыл бойы білім нәрімен сусындатып, хат танытты, еңбек ете білуге үйретті, білімге жетеледі, әдептілікке үйретті. Сондықтан да алғашқы ұстазымызға мың алғыс айтып басымызды иеміз. ( бас ию)
Ән: «Ұстазым» орындайтыТоқтауова Айназ
- Осы уақыт ішінде бізді білім нәрімен сусындатып, біз үшін тер төгіп, аянбай еңбек сіңірген пән мұғалімдеріне, орыс тілі, шет тілі, музыка, дене шынықтыру, өзін — өзі тану, еңбек пәні оқытушыларына мың да бір алғысымызды білдіреміз.
- Ән айтқызып бізді әрлеген,
Домбырасын ұстап терлеген.
Ерзат аға байсалды,
Рахмет, алғыс біздерден.
- Денемізді шынықтырған,
Ойындармен қызықтырған.
Еңбегімен есейдірген,
Дәулет аға, Рахмет бізден.
- Құрметпен алғыс айтамыз,
Жайдары Самал апай ұстазымыз.
Орыс тілде сөйлеп тәрбиелеген,
Келеді сізге де бір ұқсағымыз.
- Ағылшынша сөйлескен,
Шет тілін түсінуді үйреткен.
Мерей аға байсалды,
Рақмет сізге, шын жүректен.
- Кемшілікті кезінде,
Кесіп айтар өзіңе.
Өнеге көп сөзінде,
Көңілімнің хошын – ай.
Көп шәкірттің досындай,
Ақ ниетті кең пейіл.
Біздің Бақытгүл апай осындай,
Алғыс айтамыз сізге де
- Біздермен ойнап күледі,
Сырымызды біледі.
Қасымызда қашанда,
Қамқор болып жүреді.
Мұхит Серікбекұлына,
Алғыс айтады түлегі.
Ән: «Ұстазым» орындайтын Серікбекова Жанар
- Достарым, біз осы бастауышпен қоштасып жатырмыз. Ең алдымен мына сұраққа жауап берейікші. Осы біздер қандаймыз?
Талабы биік таудаймыз
Мың бұралған бишіміз
Күмбірлеген күйшіміз
Біз, қызықпыз, қызықпыз
Сәл еркелеу бұзықпыз
Біз шеберміз
Ақылдымыз
Парасаттымыз
Көңілдіміз
Ізгі нұрмыз
Үлкенге ізеттіміз
Кішіге қамқоршымыз
Жақсылықты ұнатамыз
Жамандықтан тез қашамыз
Көп оқимыз, терең оқимыз
Жанып тұрған шырақпыз
Толқынды су бұлақпыз
Елімізді өркендететін
Қазақ тілін көркемдететін
Бәрі: Біз қазақ елінің болашағымыз.
Шалқар:Айназ, біз орта буынға барғанда қандай сынып жетекші алады екен?
Сен соны білесің бе?
Айназ: — Жоқ білмеймін Шалқар, бүгін бізде бастауыш буынды аяқтап орта буынға қадам басқалы отырмыз. Енді осы белестерден тайсалмай өтейік достар. Бізге жанашыр болатын қасымыздан табылатын сынып жетекшімізді ортаға шақырайық.
Шалқар: ———- екен ғой. Олай болса құттықтау сөз кезегі өзіңізде.
ІІ бөлім: мерекелік концертке кезек берсек
1.Ән: «Әкешім, анашым» шалқар менҰлжанның орындауында қабыл алыңыздар!
2. Қыздардың орындауында «Өзбек биі»
3. Айназдың орындауында «Асыл ана» әні
4. Әзіл әлемі
5. Жентілмен биі
6. Жанардың орындауында «Әкешім» әні
7. Қазақ биі
8.
9. Испан биі
10. Айназдың орындауында «Балдаурен» әні
11. Көрініс: КВНнан бес жаңалық
12. Шығыс биі
13. Дананың орындауында «Ахау – айым»
Оқушыларға қоштасу лентасын табыс ету.
14. «Бастауыш вальсі» Жанар мен Айназдың орындауында
Құттықтау сөз: Мектеп диреторы мен ата – аналарға беріледі.
Ата — аналарға алғыс хат беру.
Мұғалім: Ал енді менің аяулы шәкірттерім. Сендер орта буында да үлгілі тәртіптеріңмен, жақсы білімдеріңмен көріне беріңдер. Қадамдарыңа сәт сапар тілеймін.
Қанаттарың қатайды,
Биікке енді самғаңдар.
Білім жолы — сара жол,
Ізденіңдер, талмаңдар !
рахмет, өте жақсы екен.