И.Тайманов атындағы №27 орта мектеп
қазақ тілі әдебиеті пәнінің мұғалімі
Латипова Г.М.
Сабақтың тақырыбы: Айтыс – өнер қазынасы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Айтыс өнерін терең танытып, жаңа ақпарат бере отырып, өмірмен
байланысын, эстеткалық, рухани байлығын дамыту.
Дамытушылық: Оқушылардың дарындылықтарын анықтау, шығармашылық
қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Тілді құрметтеп, Отансүйгіштікке тәрбиелеу, шешендік өнерге баулу.
Сабақтың түрі: Практикум элементтері бар көрнекілікті жұмыс.
Көрнекілігі: Жұмыс дәптері, оқулық, интерактивті тақта, моноблок.
Сабақтың әдісі: Баяндау, сұрақ-жауап, пікіралмасу, ой бөлісу.
Сабақтың жүру барысы
І. Ұйымдастыру
ІІ. Жаңа сабақ
№ 1 тапсырма.
Айтыстың түрлерін тауып жазып мағынасын ашу.
№ 2 тапсырма.
СБР-дан тапсырма №2
Жауабы: Қыз бен жігіт айтысы. Екі жастың бір- біріне деген махаббаты, сүйіспеншілігі.
№3 тапсырма.
Айтыскер ақынға тән қасиеттер (Интерактивті тақтадан орындау)
№ 4 тапсырма
Интерактивті тақтадан орындау
№ 5 тапсырма
Айтыс өнеріне қойылатын интерактивті тақтадан орындайды.
№ 6 тапсырма
Айтыскер ақындарды білеміз бе? Айтыскер ақындардың жұбын табу.
СБР- дан № 5 тапсырма
1.Тәуелсіз Қазақстан, жолың болсын,
Ғаламда өзіне сай орын болсын.
Сары алтын, қара мыс пен болат, темір,
Ұрпағыңа жететін қорың боолсын.
Ұлбике, Саралардың ізі екенсің
Қисайғанды жырменен түзетерсің.
Ұлардай ұядағы өлеңіңді,
Ұлытау етегінде түлетерсің.
2.Ойымда інім болып қалшы бүгін
Көңілге тамып кетсін тамшы жырың
Байқаймын,мың құбылтып мақамыңды
Ақындықтан басымдау ма әншілігің.
3.Дейсің ғой, қайдан шыққан кереметсің
Сөзіңді деп тұрғам жоқ елемеспін.
Қолға алып домбыраны шыққанымда
Әр сөздің т үбін тауып шегелеппін,
Кешегі Сүйінбай мен Құлмамбеттің
Артын қалған шіркін, көбелекпін.
4.Осы елдің, секілденіп бек түлегі,
Сөйлесем елжірейді ет жүрегі.
Сарыарқаның мәңгілік мекен еткен,
Тыңдасын асыл сүйек, тектілері.
Алаша хан, Жошы хан белгісі бар,
Күмәннің ашылсын тек көп түнегі…
Жауабы:
Серік Құсанов
Ақмарал Леубаева
Аманжол Алтаев
Оразалы Досбосынов
№7тапсырма
Мақал – мәтелдердің сыңарын сәйкестендіру. СБР-дан № 4 тапсырма
Тоқсан ауыз сөздің
Сөйлей білмес жамандар
Тау мен тасты сөз бұзар
Шешен сөз бастар
Жүйелі сөз
Құр судан май шықпайды
Құрастырып айтса құлдыкі жөн
Түгел сөздің түбі бір
Өтірік сөз
Сөздің көркі мақал
Құрғақ сөз бас ауыртар
Сөзің тәтті болсын
Түп атасы Майқы би
Жүйесін табар
Құр сөзден мән шықпайды
Батыр қол бастар
Адамзатты сөз бұзар
Құр сөзден мән шықпайды.
Ашуың қатты болсын
Сөзді өзіне келтіріе
Тобықтай түйіні бар
Өрге баспас
Жігіт көркі сақал
Біріктіріп айтса бидікі жөн
№ 8 тапсырма
Айтыскер ақынды жұптарымен ата. СБР-дан № 5 тапсырма
Табия
Әсет
Ақбала
Жамбыл
Құлыншақ
Нұрлыбек
Қалихан
Сара
Сарбас
Күнбала
Құлмамбет
Иса
Сағынғали
Ырысжан
Омарқұл
Біржан
Жамбыл
Майлықожа
«Сенің ойыңша?..» бөлімі
Сұрақтарға жауап беру
Айтыстың болашағы қандай?
Спортшыларды дайындаған секілді ақындарды да дайындау керек пе?
«Кіл жүйрікте кім жүйрік» атты айтыстың жеңімпаздары әділ бағаларын алды ма?
Сергіту сәті
ІІ топтың айтыскеркерлерін ортаға шақырамыз.
«Мен – саған, сен – маған» бөлімі
ІІ топ бір- біріне сұрақ қояды.
№ 9 тапсырма.
Семантикалық картаны толтыру, талдау, жинақтау.
«Егер мен айтыскер ақын болсам?..» бөлімі
1.Егер айтыскер ақын болсаң айтыстың қай түрін дамытар едің?
2. Егер айтыскер ақын болсаң қандай тақырыпты қозғар едің?
Үйге тапсырма:
«Айтыскер қыздардың әсемдік әлемі» ой толғау жазу.
Бағалау.
Сабақтың презентациясын жүктеңіз