Тәрбиеші: Майра Науқанқызы Камайлянова
Тобы: ересек «Б» тобы
Тақырыбы: «Әріптер әлемі»
Мақсаты: балалардың дыбыс, буын, сөз туралы түсініктерін қалыптастыру.
Міндеттері: балалардың дыбыс пен әріптің ажыратуын анықтау, дыбыстар туралы білімдерін бекіту, буыннан сөз құрауын жаттықтыру, сөз туралы білімдерін жетілдіру, сауат ашуда сөздік қорын байыту, ойындар арқылы балалардың байланыстырып сөйлеу қабілетін арттыру, ситуациялық жағдайлар арқылы балалардың ой — өрісін, қиялын, шығармашылығын дамыту, танып – білуге деген қызығушылықтарын арттыру.
Көрнекі – құралдар: «Алты ойшыл қалпақ технологиясы бойынша ақ, қызыл, жасыл қалпақтар, мақал – мәтел, текшелер, үлестірмелі суреттер: ара, тон, лақ, сандық, «Сөзді нүктеден бастап сілтеме жолымен оқы» атты карточкалар, буындар, әріптер, қаламдар, ақ қағаз, «Сандар арқылы сөзді тап» ойын құралдары, интербелсенді тақта.
Ұйымдастыру формасы: жеке дара, топпен, үш шағын топпен.
Іс — әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің іс — әрекеті | Балалардың әрекеті |
Мотивациялық – қозғаушылық
Ұйымдастыру- іздестіру
Рефлексивті — түзетушілік |
Арайлап таң атты!
Алтын сәуле таратты Жарқырайды қаламыз Жайнай түсті даламыз Қайырлы таң, балалар! Балалар , біз бүгін әріптер әлеміне саяхатқа шығамыз. Сендер әріптер әлемін қалай елестетесіңдер? «Алты ойшыл қалпақ» технологиясы бойынша жасыл қалпақпен жұмыс. Жарайсыңдар, балалар.Әріптер әлемін өте қызықты елестеттіңдер. Ендеше саяхатқа аттанайық. Жолда бізге үш аялдама кездеседі. Бірінші аялдама: «Күн аялдамасы», екінші «Көбелек аялдамасы», үшінші «Ұлттық өнер аялдамасы». Ендеше мына сиқырлы дөңгелектер арқылы үш топқа бөлінейік. (балалар бір текшеден алады, ондағы сөздерді оқып, «А» дыбысынан басталатын сөздің иесі күн аялдамасына, Ө дыбысынан басталатын сөздің иесі ұлттық өнер аялдамасына, ал Қ дыбысынан басталатын сөздің иесі көбелек аялдамасына барады. Тапсырмалар: 1 аялдама Дыбысқа байланысты, 2 аялдама Буынға байланысты, 3 аялдама Сөзге байланысты. Қай топтың балалары заматта тапсырманы орындайды, мына белгімен өздерінің дайын екенін білдіруге болады( сигнал көрсету). Өз жауаптарымызды ақ қалпақ арқылы айтып береміз. 1.Дыбыс. Дыбыс пен әріптің айырмашылығы неде? Дыбыстар нешеге бөлінеді? Ара деген сөзге дыбыстық талдау жасау. Бір бала тақтаға шығады, қалған балалар жеке – дара жұмыс істейді. А, Л, Н дыбыстарына жаңылтпаштар айту. «Алты ойшыл қалпақ» технологиясы бойынша ақ қалпақ арқылы жауаптарын тыңдау. 2. Буын. Буын неден тұрады? Буынға буын қосып, сөздерді оқы: А -НА; А-ТА; А-РА; А-ЛА; Буындық талдау жаса. (ақ қалпақ арқылы жауаптарын тыңдау). 3. Сөз. Сөз неден тұрады?Сөзді нүктеден бастап сілтеме жолымен оқу. Сана, сула, ала, тау, тақ, тал, ору, қара,тон,нар,қала,сан. Бір бала интербелсенді тақтада орындайды, қалған балалар карточкамен орындарында жұмыс істейді. Ойын: «Сандар арқылы сөзді тап. Шешуін жаз». тақтамен жұмыс. Балаладың жауабы ақ қалпақ арқылы тыңдалады. Музыка әуенімен балалар сергіту жасайды. Балалар орындарымен ауысады, 1 топтың балалары 2 топқа барып тапсырманы орындайды, 2 топтың балалары 3 топқа барады, тапсырманы орындайды, 3 топтың балалары 1 топқа барады, тапсырманы орындайды. Ситуациялық жағдай: «Егер әріптер болмаса, не болар еді?» «Алты ойшыл қалпақ» технологиясы бойынша жасыл қалпақпен жұмыс. Балалар қол ұстасып, әрі қарай саяхатқа аттанады. Жолда оларға сандық кез болады. Оның ішінде карточкалар. Балалар бір – бір карточкадан алады. Онда жазылған сандар бар. Ретімен тұрып, керісінші жағында не бар екенің тәрбиешінің көмегімен оқиды.Мақал – мәтел: «Күш – білімде». Балалар, бұл мақал – мәтелдің мағынасын қалай түсінесіңдер? «Алты ойшыл қалпақ» технологиясы бойынша ақ қалпақпен жауаптар тыңдау. Дұрыс, балалар, күш білімде дегеніміз, білімді адам сауатты, тәрбиелі, ақылды, парасатты, байсалды, ұстамды, іскер, адал болып саналады. Сондай адам болғыларың келеме? Әрине, біз бәріміз ақылды, білімді болып өсеміз. Қорытынды: Бүгінгі саяхатымыз ұнады ма? Балалардың жауаптары қызыл қалпақпен тыңдалады. Қандай аялдамалар кездесті? (ақ қалпақпен жауап береді). Сендерге не қиың, не оңай болды? Бағалау. Балалар, сендер бүгін белсенділік таныттыңдар, өз білімдеріңді көрсеттіңдер. Енді осы әріптер әлеміндегі ойыншықтардың біреуін алып, ойнауларыңа болады.
|
Әріптер әлемінде қызыл және көк үйлер бар. Үлкен әріптер бір – біріне қонаққа барады. Кішкентай әріптер бір – бірімен тату ойнайды. Көк үйлер қызыл үйлерден көбірек. Көк үйлердің қасында көк түсті көліктер тұр, қызыл үйлердің қасында қызыл автокөліктер бар. Айыру белгісімен жінішкелік белгісі ағалы – інілі. Олардың үйлерінің түсі қара. Барлық әріптер тату – тәтті өмір сүреді.
Ара деген сөзде үш дыбыс бар. Бірінші дыбыс А – жуан дауысты дыбыс. Екінші дыбыс Р – дауыссыз дыбыс. Үшінші дыбыс А – жуан дауысты дыбыс. Барлығы үш дыбыс бар. Бір дауыссыз, екі дауысты дыбыс. (тақтадағы бала қызыл, көк текшемен дыбыстық талдау жасайды), басқа балалар орындарындағы карточкамен жұмыс істейді. Дыбысты біз естимыз, әріпті жазамыз, көреміз, оқимыз. Дыбыстар екіге бөлінеді: дауысты және дауыссыз. Дауысты дыбыстар жуан , жіңішке болады. Дауыссыз дыбыстар қатаң, ұян, үнді болады.Жаңылтпаштар айтады: Атам бақ аралады, ағам тал аралады. Апам көл жағалады, Асыл ат тағалады.Ләйлек лайға құлап лайланды, лайланған ләйлек лайда отырып жайланды. Наубайшы Науан нан пісірген. Нан пісірген наубайшы Науан нанға нәр берген. 2 топтың балаларының жауаптары: Буын дыбыстан тұрады. Тақтаға шығып буынға буын қосып, сөздерді оқиды: Апа , аға, ару,ауа. Сөз буыннан тұрады.
Егерде әріптер болмаса, біз өз атымызды жаза алмаушы едік. Егерде әріптер болмаса, дүкендердің, мектептердің, дәріхананың, театрлардың атауларын білмеуші едік. Егерде әріптер болмаса, қаламдар керек болмас еді. Егерде әріптер болмаса, қалалардың атауларын білмеуші едік. Білімді адам – ақылды адам. Білімді адам – тәрбиелі. Ондай адамдар кішіпейілді, сыпайы болады.
|
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек: дыбыс пен әріптің айырмашылығын, буынға буын қосқанда сөз шығатынын, сөз буыннан тұратынын;
Нені игереді:әріптер әлемі туралы түсінікті; интербелсенді тақтамен қолдануды.
Нені біледі: жаңылтпаш айтуды, сандар арқылы сөз табуды, буынға буын қосып сөз оқуды, қалпақтарды дұрыс қолдануды, өз ойларымен бөлісіп айтуды.