Майра Науқанқызы Камайлянова
Баланы ойлауға үйрету
Баланың ақыл –ойының дамуы тек белгілі бір бөлім көлемін ғана емес, танымдық іс — әрекет амалдары мен тәсілдерін игеруімен бірге есте сақтау, ойлау, елестету, танымдық, шығармашылық қабілеттерінің дамуын тұтас қамтиды. Баланың дамуы үшін есте сақтау мен ойлау қабілетінің мәні өте зор. Бұлардың бәрі қоршаған орта және өзі туралы білімді меңгеруі, мінез – құлық нормаларын игеруі, білім, білік, дағдысының қалыптасуы, есте сақтау және ойлау қабілеттерімен тығыз байланысты.
Сөз бен сөйлеу әрекеті ойлау құралы болып табылады. Өйткені солардың негізінде логикалық ойлау, ұғым қалыптасады.
Баланың логикалық, шығармашылық, сын тұрғыда ойлауына мен «Алты ойшыл қалпақ» технологиясын қолдана бастадым. Бұл технологиянын мақсаты: өз ойын нәтижелі басқаруға үйрену, ретсіз, ұйымдастырылмаған ойлауды жеңіп шығуға үйрену, қажетті жағдайда қисынды сезімнен, пейілді ақиқаттан, қиялды деректен ажыратуды үйрету.
«Алты қалпақ» концепциясы – жақсы ойшыл болуға мүмкіндік береді. Бұл қарапайым, бірақ нәтижелі әдіс.
Қалпақты кию – ойлауды түрлі жинақтайды, қалпақты ауыстыру ойдың бағытын өзгертеді.
Осы технологияның әдіс – тәсілдерін меңгеру барысында балалар өз ойын тиімді басқаруға үйренеді, қажетті жағдайда логиканы эмоциядан ажырата біледі. Балалар өз көзқарасын пайымдап дәлелдеп, басқаның көзқарасын қабылдай білуге үйренеді.
[bws_related_posts]