Басы » Информатика » Paint графикалық редакторының командалары

Paint графикалық редакторының командалары

Аимбетова Гүлжамал   Тұрлыбекқызы
ОҚО, Созақ ауданы, Шаға елді мекені
С. Бақбергенов атындағы жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Тақырыбы:  Paint  графикалық редакторының командалары
Мақсаты:
1) Болдырмау командасы. Суретті сақтау және суретке мәтін енгізуге үйрету.
2) Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық- абстракциясын дамыту.
3) Оқушыларды тәрбиелікке, ұқыптылыққа, мейірімділікке  үйрету.

Жұмыс түрі

Уақыт шеңбері

Мұғалімнің іс- әрекеті

Оқушының іс- әрекеті

Бағалау

Ресурстар

  1. Ұйымдастыру

А) Амандасу

Ә) «Шаттық шеңберін» құру.

3 минут

Оқушылардың бар назарын сабаққа бағыттау.

«Сиқырлы қобдишадан»  екі түсті шариктерді ұсыну.

Қызыл түс- Мәтін, көк түс- Сурет тобы деп екіге бөлу.

Барлығына шеңбер құрдырып, тіліктер айттыру.

Сабаққа дайындалып бар зейіндерін сабаққа аудару.

Ортаға шығып  өздеріне ұнаған  шариктерін таңдайды.

Қызыл түс, көк түс болып екіге топталады.

Бір- біріне жүрек жарды сөздерін арнайды

Психологиялық дайындық

Қобдиша,

шариктер.

  1. Үй тапсырмасын сұрау.

                   1.«Семантикалық

                       карта»

2.«Мағынаны таны»- техникалық диктант.

10 минут.

Жұмыс дәптерлерін тексеру.

«Семантикалық картаны» таратып беру.

Техникалық диктантты оқу, таратып беру.

Әр оқушы жеке- жеке жұмыс дәптерлерін тексерту.

Семантикалық карта  арқылы үй тапсырмасын сұрау.

Көп нүктенің орнына сөздер қойып диктантты жазу.

Тазалығына

Дұрыстығына

Теориялық, грамматикалық қателерді ескеремін

Семантикалық карта

Техникалық диктант

  1. Жаңа сабақты түсіндіру.

  1. «Миға тоқу».

15 минут.

Жаңа тақырыпты ашу үшін  слайд  ашады.

  1. Болдырмау командасы—егер бір жұмыс ойдағыдай болмаса орындамауға болады. Ол үшін орындатпау командасын басамыз: Правка      Отменить (Болдырмау).

  2. Суретті сақтау- дискіге, файлға.

Paint программасының құжатын бірінші рет сақтап қою үшін Файл        Сохранить как…. командасын орындаймыз.  Сонда экранда Сохранить как…. диалогтік терезесі пайда болады. Имя файла өрісінде файлға ат беріп, Сохранить батырмасын шертеміз.

  1. Суретке мәтін енгізу- өзің салған суретке жазу қосу.  Ол үшін:

  1. Жазу (Надпись) құралын таңдаймыз.

  2. Тышқанмен мәтін жазылатын төртбұрышты жақтау салыңдар. Жақтаудың ішінде кірістіру меңзері пайда болады.

  3. Пернетақтадан  «Көктем келді!» мәтінін енгізіңдер.

  4. Егер сендер қаріптің өлшемін  өзгерткілерің келсе, немесе қаріптерді пішімдегілерің келсе,  онда Қаріп (Шрифты) құрал- саймандар тақтасы қажет болады.

  5. Мәтін енгізгеннен кейін кез келген жерге тышқанды бір шертіңдер.

Дәптермен, кітаппен  жұмыс жасайды. Мұқият тыңдап, ережелерді дәптерге жазып алады.

Есте сақтарлықтай етіп жаттап алады.

Салыстыра отырып бағалау

Оқулық, дәптер, дидактикалық материалдар

  1. «Ой жүгірту»

Жаңа сабақ бойынша шағын тест тарату .

5- сұрақтан құралған тестке жылдам жауап беру, ауызша.

«Ой жүгірту»- шағын тест.

  1. Сергіту сәті.

1 минут

Жаттығу жасау үшін компьютерден көрсету.

Компьютерден көрсетілген жаттығуды орындау.

  1. Сабақты бекіту.

10 минут

Оқушыларды қауіпсіздік ережесімен таныстыру.

Оқушыларды жекелеп тапсырма бере отырып, компьтерге отырғызу.

Ережені өздері айтып шығады.

Тапсырманы орындау.

Компьютер

  1. Бағалау

2

Біткен оқушының жұмысын стикерлермен бағалап кету.

Жинақтай отырып бағалау.

  1. Үй тапсырмасы

1

24 тақырып. 133 бет.  Өзің орында! 137 бет.

Күнделікке жазып алады.

  1. Кері байланыс

2 минут

Кері байланыс парағын таратып береді.

Сұрақтарға жауап жазады.

Стикерлер. Маркерлер .

 

  1. Семантикалық карта:

  1. «Мағынаны таны» — техникалық  диктант:

Paint  ………. редактор. Суретті ……….. саламыз.

Paint   редакторында     ..    құралды пайдалануға болады.

Терезенің төменгі жағында  ……   ………   бар.

  1. «Ой жүгірту» — шағын тест.

  1. Paint   редакторында     суретті қалай сақтаймыз?

А) Файл        Сохранить как…           Имя файла            Сохранить.

Ә) Файл            Открыть.

Б) Файл            Сохранить.

2. Суретке мәтін енгізу үшін қандай құралды пайдаланамыз?

А) Бүріккіш

Ә) Надпись

Б) Қарандаш.

3. Команданы орындатпау қалай жүзеге асады?

А) Правка             Повторить

Ә) Правка             Отменить

Б) Правка             Открыть

4. Құю (заливка ) ұүралының қызметі?

А) Тұйық контурды бояу.

Ә) Бүрку эффектісін жасау.

Б) Қажетті аймақты белгілеу.

5. Paint  қандай редактор?

А) графикалық

Ә) мәтіндік

Б) кестелік.

4. «Кері байланыс » парағы.


[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *