Басы » Баяндамалар » Информатика сабағында «Сын тұрғысынан ойлау » технологиясы арқылы оқушыларға жаңа білім беру

Информатика сабағында «Сын тұрғысынан ойлау » технологиясы арқылы оқушыларға жаңа білім беру

Аимбетова Гүлжамал   Тұрлыбекқызы
ОҚО, Созақ ауданы, Шаға елді мекені
С. Бақбергенов атындағы жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 Информатика сабағында  «Сын тұрғысынан ойлау » технологиясы арқылы  оқушыларға жаңа  білім беру.

«Бала бойында ұлы мүмкіндіктердің бәрі бар»

Т. Фуллер.

 Иә, бала бойында туылған кезде қалыптасатын  дарындылық, ғылымилық, жан- жақтылық қабілетін ашу, танымдық қасиеттерін зерттеу- бүгінгі заманның  нықтап қойған талабы.  Себебі, ертеңгі еліміздің болашағының  жай отындай жарқын болуы бүгінгі бала- ертеңгі ел тізгінін ұстайтын үлкен азамат, сенің қолыңда емес пе?   Елбасымыз     Н. Назарбаев өзінің бір  сөзінде   «Бүгінгі күн – талантты, жігерлі, өзіне сенетін адамдардың, арманға бай және оны жүзеге асыруға ерік- жігері бар адамдардың  уақыты», — деген.Ал ондай тұлға  болып қалыптасу үшін  сауатты ұстаз, саналы шәкірт болуы керек. Осы жолда талмай еңбек етіп, шығармашыл белсенділігін арттырып жүрген  ұлағатты ұстаздарымыз да жетерлік.

ХХІ ғасыр- жаһандану ғасыры. Ол өзімен бірге  қаншама жаңа технологияларды, әдіс- тәсілдерді ала келді.  Соның ішінде кең тарағаны – RWST бағдарламасы. Ағылшын тілінен аударғанда  «Сын тұрғысынан ойлау үшін оқу мен жазу» дегенді білдіреді.  Бұл бағдарлама 60 түрлі стратегилардан: әдістерден тұрады. Мақсаты- шығармашылық ойлауды, сын тұрғысынан ойлауды дамыту. Мұғалімнің міндеті- баланың   шығармашылық қабілетін дамыту, өзін тұлға ретінде сезінетіндей мүмкіндік ашу. Сонымен қатар, сын тұрғысынан ойлау әдісі мұғалім қызметінде ұйымдастыра отырып,  оқушылардың жеке, топпен,  жұмыс жасау негізінде білім алуымен ұштасады. Бұл стратегия оқушының жекелеген мүмкіндіктерін ашуға бағытталған.  Бұл әдістің ерекшелігі оқу әдісінде қолданылады. Оқушылардың ауызша, жазбаша тілін, ойлау, есте сақтау қабілеттерін  дамытады.

Сыни тұрғысынан ойлауды дамыту арқылы:

-әр оқушы сабаққа толық қатыстырылып, деңгейін анықтай алады;

-жеке тұлғаның танымдық  белсенділігін арттырады;

— қызығушылығын оятады;

-сұрақ қойып, өз ойын еркін айтады;

— мазмұнын толық түсінуге жағдай туғызады.

Халық даналығындағы мына бір ұлағатты сөзді әрбір ұстаз  өмірлік ұраны етіп қалыптастырар болса, біздің елде сауатсыз шәкірт болмайды «Бір жылдығын ойлаған егін егеді, он жылдығын ойлаған ағаш егеді, ал жүз жылдығын ойлаған ұрпағын тәрбиелейді».

Осы сөзді ұран ете отырып, мен өз сабақтарымда жаңа әдіс- тәсілдерді, соның ішінде  Сын тұрғысынан ойлау технологиясын  жиі қолданамын. Бүгінгі баяндамама арқау етіп алған сабағым — 7 сыныптағы  «Paint  графикалық редакторының командалары».

 

  [bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *