Қарағанды облысы,
Жезқазған қаласы,
«Қ.И.Сәтбаев атындағы №7 мектеп- лицейі» КММ
Жоғарғы деңгейдегі бірінші санатты бастауыш сынып мұғалімі
Козыбаева Гульнур Жумабековна
Тосын сабақ математика пәнінен «Нүкте.Сәуле. Кесінді.»
Математика пәнінен
«Үздік тосын сабақ»
Сабақтың тақырыбы : Сызықтар. Нүкте. Сәуле
Сабақтың мақсаты :
а ) Сызықтар. Нүкте. Сәуле табуға арналған тапсырмаларды орындау жағдайымен таныстыру;
ә) Оқушылардың шығармашылықпен өздігінен жұмыс істей білу шеберлігін ұштау, ойлау есте сақтау, өз бетінше шешім қабылдап, қорытынды шығару, ой-пікірін білдіруін дамыту.өзіне сеніммен қарай білуге үйрету;
б) Оқушыларды ұжымға тәрбиелеу
Сабақтың формасы : саяхат сабақ
Сабақтың әдіс- тәсілдері : талдау, жинақтау, салыстыру, түсіндіру, құрастыру, түрлендіру, өзін тексеру, бағалау
Сабақтың көрнекілігі: сюжетті суреттер, санамақтар, геометриялық фигуралар, экран, проектор
1 |
Ұйымдастыру кезең |
Сыныпты белсендіру үшін сөз көшбасшыға беріледі. Даярлықтарын. — Балалар сіздерге бүгін математика сабағына ертегілер елінен хат келіпті.Ол хатты сендерге аю, жолбарыс жолдапты. Хатта былай делінген алыс тоғай ішінде керемет ғажайып тілек ағашы бар екен. Ол тілектерді сәбилердің ата-аналары жазған деседі.Сонда барып тілек ағашындағы тілектерді оқып көрсек дейді, мүмкін бізгеде жазған болар. Бірақ ол сыйқырлы тілек ағашына жету үшін бірнеше кедергілерден өту керек.Сол кедергілерден өту үшін ( көмек керек болып тұрғаны( слайд-1) дейді. — Көмектесеміз бе? -Рахмет оқушылар! (слайд-2) |
2 |
Жетекші білімдері мен іс-әрекет тәсілдерін өзектілендіру |
Сыныптағы оқушылар тарапынан тексерілетін, олардың сөйлеуіне қойылатын талаптарды білуі тиіс. Жолымыздың бастамасы мына нүктеден басталмақшы. №І кедергі бақаның мекенінде, яғни судан өту керекпіз. Ол үшін бақаның тапсырмасын орындауымыз керек екен. (№І тапсырма. Екі суретті салыстырып айырмашылығын табыңдар (слайд-3) |
3 |
Стандартты және өзгермелі жағдаятта білімді қолдану үлгісін құрау |
№ІІ кедергі тасбақаның мекенінде, яғни құрлықтан өту керекпіз. Ол үшін тасбақаның тапсырмасын орындауымыз керек екен. (№ІІ тапсырма. Топтарға бөл) (слайд-4) (сауле) |
4 |
Білімді өз бетінше қолдану |
Сынып оқушылары сурет бойынша жұмыс істейді. №ІІІ кедергі тоғайдағы аюдың тапсырмасы екен. (№ІІІ тапсырма. Суретке қарап әңгіме құрастыр) (слайд-5) (қисық сызық) |
5 |
Сергіту сәті |
Экраннан қимыл-қозғалысқа арналған жаттығулар |
6 |
Бақылау және өздік бақылау |
№IV бекетте балалар жүр. Оларда қиналған секілді, ия?! Оларға кім тапсырма берген? Ергежейлінің тапсырмасы « Әр түрлі тәсілмен қалай орналастыруға болады? (слайд-6) (түзу сызық) |
7 |
Түзету |
Тілек ағашына жеттік пе? Бірақ тілектерді алу үшін тиынның тапсырмасын орындау керек екенбіз. №V бекетте фигураларды ата және топтарға бөл. (слайд-7) |
8 |
Түйсіну |
Сынып көшбасшысы оқушыларды белсендіріп, әрбір оқушының басқалардан басымдылығы мен кемшіліктерін ескертіп, атап көрсетеді. |
9 |
Түсінік беру |
Бекеттердегі жолдар неге ұқсайды? Нүкте. Түзу сызық. Қисық сызық. Сәуле. Бұларды біз бір бірінен ажырата аламыз ба? |
10 |
Қорытындылау |
Ойын арқылы « Ойнайық та, ойлайық!» |
11 |
Бағалау |
Мұғалім сыныптық-команда мен көшбасшының тырысып күш салуы жұмысының сапасын ескереді. |
Балалар сіздерге бүгін математика сабағына ертегілер елінен хат келіпті.Ол хатты сендерге аю, жолбарыс жолдапты. Хатта былай делінген алыс тоғай ішінде керемет ғажайып тілек ағашы бар екен. Ол тілектерді сәбилердің ата-аналары жазған деседі.Сонда барып тілек ағашындағы тілектерді оқып көрсек дейді, мүмкін бізгеде жазған болар. Бірақ ол сыйқырлы тілек ағашына жету үшін бірнеше кедергілерден өту керек.Сол кедергілерден өту үшін
( көмек керек болып тұрғаны( слайд-1) дейді.
[bws_related_posts]