Басы » Cыныптан тыс » Кел, балалар, оқылық!

Кел, балалар, оқылық!

Қарағанды облысы,
Жезқазған қаласы,
«Қ.И.Сәтбаев атындағы  №7 мектеп- лицейі» КММ
Жоғарғы деңгейдегі бірінші санатты бастауыш сынып мұғалімі

Козыбаева Гульнур Жумабековна

«Кел, балалар, оқылық!» 3- сыныптар арасында өткен интеллектуалдық сайыс

 

Тақырыбы:  Кел, балалар, оқылық!

Мақсаты:  оқушылардың жан-жақты ізденісін,  белсенділіктерін

ұйымдастырып, олардың санасына, білім мен оқуды игерулеріне, ой- өрістерін,

тілдік қорларын, есте сақтау  қабілеттерін дамытуға, туған жерге деген

сүйіспеншілігін арттыра отырып, патриоттық   сезімге  тәрбиелеу;

Қажетті  құрал-жабдықтар: тірек-сызбалар, сұрақтар жинағы, сигналдық

белгілер, сағат, бейне дерек, сюжетті суреттер.

Ұйымдастыру: Құрметті  ұстаздар, оқушылар сіздер бүгінгі  3 сыныптар

арасында өткелі  отырған « Кел,балалар,оқылық » атты зияткерлік

ойынымызға қош келдіңіздер.

Ендеше, ойынымызды  бастауға рұқсат  етіңіздер.Ойынды бастамас бұрын

ойынды  бағалайтын. Әділқазылар алқасын таныстырып  өтейік. Олай

болса ортаға ойыншыларды шақырайық.

 

1-ойыншымыз: Егізек Мақсат Мүсілімұлы: Мақсат бос уақытында

кітапханаға   барып, әдеби  кітап  оқығанды  және  тәтті тағамдарды

сүйеді. Басты  мақсаты  оқу  озаты  болу. .(ЗГ)

 

2-ойыншымыз:  Тұрсынбай Фархат Аянұлы:  Фархат  бос уақытында

анасына қамқор болуды  қалайды, басты мақсаты  оқу, сүйіп ішетін

тағамы  анасының дәмді  тағамдары. .(ЗГ)

 

3-ойыншымыз:Әбдірахман Малика:  Малика  жақсы  оқып, үлкен саналы ару

болуды арман етеді. Сүйіп ішетін тағамы, тұшпара,  қарапайым  тәтті

тағамдары. .(ЗҒ)

 

4-ойыншымыз: Умиргалиева Сабина . Сабина бос уақытында серуендегенді,

музыка тындағанды ұнатады, анасына еркелеу оның басты сүйетін ісі.(ЗҒ)

 

5-ойыншымыз: Серғазин Еділ: Еділ бос уақытында кітапханаға  барып,  әдеби

кітап  оқығанды  ұнатады. Басты  мақсаты  оқу.(ЗӘ)

 

6-ойыншымыз: Жағыпбек Алуа: Алуа бос уақытында  кітап  оқығанды  және

тәтті тағамдарды сүйеді. Басты  мақсаты  оқу  озаты  болу. (ЗӘ)

 

7-ойыншымыз: Тельман Гульназ: Гульназ бос уақытында

анасына көмектескенди ұнатады (ЗВ)

 

8-ойыншымыз:  Алімқұлова Дана:  Дана бос уақытында

анасына қамқор болуды  қалайды, басты мақсаты  оқу, сүйіп ішетін

тағамы  анасының дәмді  тағамдары.(ЗВ)

 

9-ойыншымыз: Аскар Дамира  бос уақытында серуендегенді, би билеп,

музыка тындағанды ұнатады, анасына еркелеу оның басты сүйетін ісі.(ЗД)

10-ойыншымыз: Батырбек Қанат: Алуа бос уақытында  кітап  оқығанды  және

тәтті тағамдарды сүйеді. Басты  мақсаты  оқу  озаты  болу. (ЗД)

 

11-ойыншымыз:  Ахмет Нұрай   жақсы  оқып, үлкен саналы ару

болуды арман етеді. Сүйіп ішетін тағамы палау, анасының қарапайым  тәтті

тағамдары. .(ЗА)

 

12-ойыншымыз:     Әмірбек Жанерке    жақсы  оқып, үлкен саналы ару

болуды арман етеді. Сүйіп ішетіні анасының қарапайым  дәмді тағамдары.(ЗБ)

 

Міне ойыншылармен таныстық, ойынымызды  бастайық.

 

І –кезең «Бәйге»

-Бұл кезеңде сіздер берілген бірінші жауап беруге тырысыңыздар. Жауабыңыз

дұрыс болмаса, келесі бала жауап береді. Әр дұрыс жауап үшін 10 балл алуға

болады.

Сонымен бәріңізге табыс тілейміз!

 

1- сұрақ : Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі қашан жарияланды?

Жауап: 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының мемлекеттік

Тәуелсіздігі жарияланды.

 

2- сұрақ:Қазақ тарихында тұңғыш рет ғарышқа кім және қашан ұшты?

Жауап: 1991 жылы 2 қазанда қазақ халқының перзенті Тоқтар Әубәкіров

тұңғыш рет ғарышқа ұшты.

 

3-сұрақ: Желтоқсан жұлдыздарын ата.

Жауап:Қайрат, Сәбира, Ләззәт, Ербол.

 

4-сұрақ: Қазақстан рәміздерін ата.

Жауап: Елтаңба, ту, әнұран.

 

5-сұрақ: Білім көзі- «Әліппені» жазған кім?

Жауап: Ахмет Байтұрсынұлы (1873-1938)

 

6-сұрақ: Қазақстан халқы өзінің тұңғыш рет президенті қашан сайлады? Ол

кім?

Жауап: 1991 жылы 1 желтоқсанда, Н.Ә.Назарбаев

 

7-сұрақ: Мәтіннің неше түрі бар, атап бер?

Жауап: 3 түрі бар: әңгімелеу, сипаттау, пайымдау

 

8-сұрақ:Кадет корпусына келіп, қырдан келген жас қазақ атанған кімді?

Жауап:  Шоқан уәлиханов (1835-1865)

 

9-сұрақ: Ахмет Байтұрсынұлына арналған мұражай қай қалада  ?

Жауап:  Алматы қаласында.

 

10-сұрақ: Үш бақытым өлеңінін авторы?

Жауап:   Мұқағали Мақатаев (1931-1976)

 

11-сұрақ: Зат есім дегеніміз не?

Жауап:  заттың атын білдіретін сөз табын зат есім дейміз. Кім? Не? Кімдер?

Нелер? Сұрағына жауап береді.

 

12-сұрақ:   «Кел, балалар, оқылық!» өлеңінін авторы ?

Жауап:  Жазушы, ақын, ағартушы ұстаз Ыбырай Алтынсарин (1841-1889)

 

-Әділқазылар ұпайларын есептеп отырыңыздар.

 

ІІ-кезең «Жеті жұрттың тілін біл»

Кезеңіміздің атауын «Жеті жұрттың тілін біл» деп атадық. Мұнда сіздер

қазақша, орысша тілді дұрыс сөйлеумен қатар, қатесіз жазуларыңыз

тексеріледі. Жазуларыңызды тексеретін арнайы маман бар. Барлығыңызға

табыс тілейміз!

 

1. Күн мен түн теңелетін жыл мезгілі.(көктем- весна)

2. Жолбарысқа ұқсайды,

   Тышқанды ғана ұстайды.(мысық-кот)

3. Жүз теңгең болғанша

   Жүз…… болсын.(дос- друг)

4. Футболшының алаңдағы ойын заты(доп-мяч)

5. Қабат- қабат қаптама

   Ақылың болса аттама.(кітап- книга)

6. Жеті қазынаның бірі,

   Адамды қорып жүретін досы (ит- собака)

7. Ұшқан….. , жүгірген аң,

   Бәрі тамақ.  (құс- птица)

8. Әр адамның шағын отаны. (отбасы-семья)

9. Тұмсығымен қозғалар,

   Соңында аппақ із қалар. (бор-мель)

10.Қыста бар да, жазда жоқ. (қар-снег)

11.Қаласаң жазады, қаламасан тұрады (қалам-ручка)

12.Қардың түсі (ақ-белый)

                      Әділқазылар ұпайларын есептеп отырыңыздар.

 

ІІІ-кезең «Қызықты жетілік». Бұл кезеңде сіздер өздеріңіз таңдап алған сұраққа жауап

                                                                      бересіздер.Мына сызбаға назар аударыңыздар.  

                                                                      Жеңіл сұрақ алғыңыз келсе, 20 балдық сұраққа

                                                                     жауап беру арқылы аласыз.Мұндағы ең күрделі

                                                                     сұраққа жауап беру арқылы 40 балл жинауға

                                                                     болады. Әрине дұрыс жауап берсеңіз!

 

1.20- Периметрді қалай табамыз? (барлық қабырғаларын қосу арқылы)

2.20- Сөз таптары нешеге бөлінеді? (9)

3.20- Қазақтың ұлттық аспабында ойналатын әуен? (күй)

4.20- БиС технологиясы бойынша сыныпты ұйымдастыратын кім? (көшбасшы)

 

1.30- Жел бағытын анықтайтын арнаулы құралды қалай атайды? (желбағар)

2.30- Елтаңбаның авторлары кім? (Шота Уәлиханов және Жандарбек Мәлібеков)

3.30-Көкжиектің негізгі неше тұсы бар?(оңтүстік, солтүстік, шығыс, батыс)

4.30- Әнұранның авторлары кім? (сөзі: Жүмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан назарбаев, әні: Шәмші Қалдаяқов)

 

1.40- Ы.Алтынсарин қандай әдіс пайдаланды, нәтижесі қандай?(ұйымдастыру, оқыту әдісін пайдаланды, нәтижесінде мектеп салып балаларды оқытып, кітаптар жазды)

2.40- Дүние жүзіне саяхат жасап ел тарихын зерттеген зерттеуші, саяхатшы кім?(Шоқан Уәлиханов)

3.40- Математикадағы қосудың заңдылықтарын атап көрсет( 3 заңы бар, ауыстырымдылық, терімділік, үлестірімділік)

4.40- Бейне дерек назар аударыңыздар.Осы бейне деректе не туралы айтылған және еліміздің қандай батырларын таныдыңдар?

 

IV-кезең «Жорға»

Сіздер бұл кезеңде дайындалған 20 сұрақтың қаншасына жауап берулеріңізге қарай ұпай жинауға болады. 1 жауапқа 1 балл болып есептеледі.

 

Әуелі 2 нұсқаның бірін таңдау керек. А.Б. таңдаңыз, ұпайы жоғары бала таңдайды.

1-балаға сұрақ.

1. Сиырдың пірі(зеңгі баба)

2. Жылдан құр қалған жануар( түйе)

3. Бір заттың көлемін кішірейткенін көрсететін сан (масштап)

4. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі(қазақ тілі)

5. Басты байлық( денсаулық)

6. Ел басқару саласындағы ең жоғарғы лауазымды тұлға (президент)

7.Қара алтын (мұнай)

8. Ұя салмайтын құс (көкек)

9.  12 ай( жыл)

10. «Кел, балалар оқылық»өлеңінің авторы (Ы. Алтынсарин)

11. Абай әжесі (Зере)

12. Көру мүшесі (көз)

13. 9*9 (81)

14. Алматыдағы мұз айдыны( Медеу)

15. Жер бетінің қағазға кішірейтіліп салынған бейнесі (карта)

16. Заттың санын білдіретін сөз табы (сан есім)

17. 9- мамыр қандай күн (Жеңіс күні)

18. Жаңа туған балаға ат қойып, оны бесікке бөлеу жорасы.(бесік тойы)

19. Күйді орындаушы адам (күйші)

20. Сен ұйықтап жатқанда әңгімесінің авторы  (Бердібек Соқпақбаев)

 

2-балаға сұрақ.

1. Түйенің пірі (ойсылқара)

2. Жыл басы не? (тышқан)

3. Жердің бетіндегі өсімдік өсетін борпылдақ жұмсақ қабат ( топырақ)

4. ҚР ұлтаралық тілі (орыс тілі)

5. Адам денесінің тірегі (қаңқа)

6. Үкіметті кім басқарады (пример министр)

7. Ақ алтын (мақта)

8. Орман дәргері (тоқылдақ)

9. 7 күн (апта)

10. «Менің атым Қожа» повесінің авторы (Б. Соқпақпаев)

11. Абай жолы романының авторы (М. Әуезов)

12. Есту мүшесі (құлақ)

13. 7*7 (49)

14. Қазақстан астанасы (Астана)

15. Географиялық  картада көк түспен не бейнеленеді (өзен, көл,теңіз,мұхит)

16. Заттың қимылын білдіретін сөз табы (етістік)

17. 25 қазан қандай күн (Республика күні)

18. Баланы тәй-тәй  бастырып, күрмеу жібін шешетін кезең (тұсау кесер)

19. «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінін авторы кім? (Абай)

20. Кез келген санды О-ге көбейткенде мәні неге тең? (О-ге)

 

Жеңімпазды анықтау әділқазыларға жүктеледі. Әділқазылар өз шешімідерін  қорытындылағанша ортаға әнші қыздарымызды  шақырамыз.

    Құлақтан кіріп бойды алар

   Жақсы әнмен, тәтті күй

   Көңілге түрлі ой салар

   Әнді сүйсең менше сүй,- деп Абай ата жырлағандай Ділназдың орындауында; «Әке» әнін қабыл алыңыздар.

  [bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *