Айгуль Туребекова
«Математика –физика еліне саяхат» атты кеш
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың математикаға, физикаға деген қызығушылығын арттыру, ой-өрісін дамыту, өз беттерімен жұмыс істеуге тәрбиелеу, оқытудағы бағыттардың бірі. Осы мақсатта лицейімізде өткізілетін математика-физикка кешінің
Жоспары
1. Таныстыру
2. «Қалуың білсін» (векториналық сұрақтар)
3. «Қателеспе» (формулаларды табу)
4. «Қапы қалма» (с(ұрақтадың жауабын үш тілде жазу)
5. «Ойымды жалғастыр» (мақал-мәтелдің жалғасын табу)
6. «Тоқтама» (капитандар сайысы)
Сабақтың түрі: ойын –жарыс.
Сабақтың типі: топтық сайыс.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта.
Ақыл ойды тәртіпке келтіретін математика.
(К.Гаусс)
1-жүргізуші
Қош келіпсіздер, мынау ойынға барша қауым.
Аңсайсыздарма, жаздың жемісін, қарбыз қайынның
Ол күнге жету, сірә жолдастар ерте емеспе?
Ойын- жарыстың өткізейік бір қыстың аязын!
2-жүргізуші
Уа, жараңдар, жараңдар!
Бәрің бері қараңдар,
Бәріңе жар салайық,
Бүгінгі кеш төрінде
Математика –физика еліне
Математика –физика тілінде
Есеп шешіп жарысып
Асып әсте саспайық,
Батыл қадам жасайық
Кеш қызығын, ей достар
Осылайша шабытпен
Қане енді бастайық
1-жүргізуші
Шақырамыз келіңдер жарысуға,
Күш, өнер, біліммен алысуға
Бар өнерді салайық ортамызға
Қанекей, кім шығады сайысуға.
2-жүргізуші
Табиғат сырын аштырған
Токпен қазан астырған
Миллион гектар астықты
Комбайынмен бастырған
Физика демей немене?
1-жүргізуші
Білмегенді білдірген
Өлшеп киім кигізген
Барлық ісіті атқарып
Пайдасын елге тигізген
Математика демей немене?
2-жүргізуші
Жиналған ылғи дарындар,
Жүректе от көздерінде жалын бар
«Тапқырлар» тобын халайық
Қол соғып қарсы алайық
1-жүргізуші
Үлгілі тәртіп, жақсы оқу
Алға қойған мақсатты
Әрқашан да лицейде,
Шығып жүрген жақсы аты-деп ортаға
«Алғырлар» тобын қарсы алайық.
2-жүргізуші
Шын жүйрік шабысынантанылады
Нақты білім, терең ой сыналады
Баға берер әділқазы ортамызға
Сіздерге құрметпен қол соғылады- дей отырып әділқазы алқаларымен таныс болайық.
1-жүргізуші
Ал, қанекей сайысты бастайық
Өзімізді таныстырып тастайық
Деп сөз кезегін әр топқа береміз
Таныстыру
Алғырлар тобы
Асып әсте саспайық
Батыл қадам бастайық
Куә болсын көрермін
Сіздерге де мың сәлем
Жарысамыз сіздермен
Қиындықты басып өтіп
Табысамыз сіздермен
Осылайша шабытпен
Сөз кезегін келесі
Топтарға біз берейік
Ал, тілейік біз сіздерге
Сәттілік пен табысты
Ал өзге емес өзімізге
Тілейміз біз жеңісті.
Тапқырлар тобы.
Математикпіз, физикпіз
Шетінен біз жүйрікпіз
Жеңіс үшін алға
Қарсыластан қалма!
Қарсыластар қараңыздар тобымызға
«Тапқырлар» жеңеді осы ойында
Қарсыласқа тілейміз сәттілікті
Өзімізге тілейміз жеңіс мұнда
Математика апталығы басталды деп
Айтамыз біз қуанышты халық үшін
Құттықтаймыз шын жүрекпен баршаңызды
Таныстырып кетеік өзімізді
«Тапқырлар» тобымызды
Біз әрқашан жарысқа қатысамыз
Апталықтан ешқашан қалыспаспыз
2-жүргізуші
Мәңгі бақй есте қалар,
Қызықты бір жиын болсын
Білімдірек шәкірт озар,
Сұрақтары қиын болсын – дей отырып
«Қалауың білсін» (векториналық сұрақтар)
Тақтада 1-9 ға дейнгі цифрлар жазылған
Тік төртбұрыш бекітіледі. Әрбір оқушы қалайы бойынша тақтадағы цифрды таңдайды.
Сол цифрға сәйкес сұрақтар қойылады.
1 7 4
6 2 8
5 9 3
Сұрақтар:
I. Сынапты барометрді ойлап тапқан кім?
(Галилейдің шәкірті Торричелли)
II. Рычаг заңын тағайындаған кім?
(Грек ғалымы физик, математик Архимед)
III. «Функция» терминін кім енгізген?
(Рене Декарт және Лейбниц)
IV. Ежелгі грек ғалымы П-дің шамасын анықтаған ғалым?
(Архимед)
V. Евклидтің геометриялық аксиомаларын жаңа замандағы шығарушысы?
(неміс математигі Д.Гильберт)
VI. Математика –ғалымдар патшасы, ал арифметика математикасының патшасын деген нақыл сөз кімдікі?
(Карл Фриди Гаусс)
VII. Майкл Фарадей
(Ұлы ағылшын ғалымы, электромагниттік құбылыстардың бәрін бір ортақ тұрғыдан қарастырып электр және магнит өрісі жөнінде түсінік енгізді)
VIII. Менделеев кім?
(Газдартеориясы, газдар мен сұйвықтардың бір біріне айналуы бойынша маңызды жұмыстар жасады. Химия өндірістерін дамытуда көп еңбек сңірді
IX. Ампер Андре Мари кім?
(Франсуз физигі, магниттік, электр құбылыстар арасындағы байланыс туралы тұңғыш теория жасады. Магнитизм жөніндегі гипотезаны үсынған, электр тогы үғымын енгізген)
1-жүргізуші
Бұл жерге келмейді ешкім ермек үшін
Есеп-қисап, сан цифр термек үшін
Көрсетіп септеудің жолын қалай
Келдім оларды айтып бермек үшін
Деп «Қателеспе» сайысында оқушылар формулаларын қателеспей табу керек.
1) Ньютонның екінші заңы F=ma
2) Үйкеліс күші Fүйк=ΜΝ
3) Джоуль-Ленц заңы Q=J2Rt
4) Сызықты функция y=ax+b
5) Синус х туындысы неге тең cosx
6) Үшбұрыш ауданы
7) Қысқаша көбейту формуласы (a+b)2=a2+2ab+b2
2-жүргізуші
Біреуінің жүрегінде түгі бар
Біреуінің арқалап жүрген қоғамдық жүгі бар
Біреуінің күмбірлеген күйі бар
Енді біреуінің қатты істейтін миы бар-
Дей отырып келеі сайыс «Қапы қалма»
Бұл сайыста, орысша, ағылшынша жазу керек.
Сұрақтар
1) Қозғалыс жылдамдығын өлшейтін шама?
(күш, сила,force
2) Жолдың жылдамдыққа қатынасы?
(уақыт, время, time
3) Жұмыстың уақытқа қатынасы?
(қуат, мощность,power
4) Суық ауа мен жылы ауаның араласуы?
(жел, ветер,wind
5) Геометриялық негізгі ұғым?
(нүкте, точка,point
6) Бір нүсәуле, лучктемен шектелген түзудің бөлігі?
(сәуле,луч, beam ray)
7) Тік бұрыштан кіші бұрыш?
(сүйір, острый,sharp)
1-жүргізуші
Білмеймін деп қысылма,
Талабың болса бойыңда
Өнерлінің ырысы,
Жарқырап жатыр жолында.
Білікті бірді жығар,
Білімді мыңды жығар-
Дей келе келесі кезекте «Ойымды жалғастыр» сайысы.
Мақал мәтелдер
1.Жеті жұрттың тілін біл,
Жеті түрлі білім іл
2. Екі жақсы қас болмас
Екі жаман дос болмас
3. Бір елі ауызға
Екі елі қақпақ
4.Досыңды үш күн сынама
Үш жыл сына
5.Отыз тізтен шыққан сөз,
Отыз елге тарайды
6.Білгенің бір тоғыз
Білмегенің тоқсан тоғыз
7.Бір кісі қазған құдықтан,
Мың кісі су ішеді
2-жүргізуші
Мықты болсаң алдағыны басып оөз
Мықты болсаң арттағыны жеткізбе!
Мықты болсаң тайғанама көк мұзда!
Мықты болсаң бөгеттерді бұзып өт деп келесі сайсымыз «Тоқтама!». Бұл сайыста кідірмей, тоқтамай жауап беру керек.
Сұрақтар.
1) 6*1023 моль-1 (Авогадро тұрақтысы)
2) Газ температурасы тұрақты болса, көлем мен қысым көбейтіндісі де тұрақты. (Бойль-Мариот заңы)
3) Оң зарядтты бөлшек. (протон)
4) Саны көп майда кристалдардан тұратын қатты дене. (поликристал)
5) 8,85*10-12 КлНм (Электр тұрақтысы)
6) Пішінінде, көлемінде сақтамайды. (ГАЗ)
7) Вольметр тізбекте қалай жалғанады? (парралель)
8) Газ көлемі өзгермесе, қысымның температураға қатынасы да тұрақты. (Шал заңы)
9) 1 мольдік мөлшерде алынған заттың массасы (мольдік масса)
10) Қай сан барлық санға қалдықсыз бөлінеді.(0)
11) Бұрыш өлшейтін құрал (транспортир)
12) 1 м-де неше см бар? (100)
13) Ең кіші жай сан(2)
14) Миллионда неше ноль бар (6)
15) Теріс зарядтты бөлшек (электрон)
Сұрақтар
1) Сұйықта, газда алықтаған бөлшектердің жылулық қозғалысы (Броундық қозғалыс)
2) Молекулалары арасындағы өзара әсер елеусіз аз болатын газ( идеал газ)
3) Теріс зарядты бөлшек (Электрон)
4) Ең кіші натурал сан (1)
5) Шеңбер сызатын құрал (циркуль)
6) Дененің жүйесінің жылулық тепе теңдік күйін сипаттайтын шама (температура)
7) 1-38*1023 Дж/К (Больцман тұрақтысы)
8) Амперметр тізбекке қалай жалғанады? (тізбектей)
9) Керену бірлігі (волть)
10) Жазыңқы бұрыштың шамасы (180)
11) Косинус 0 градуста нешеге тең (1)
12) у=х2 функциясының графигі (парбола)
13) тік бұрыш нешеге тең? (90)
14) 8,31 Дж/моль К (универсал газ тұрақтысы)
15) Жекелеген кристалдардан тұратын дене (монокристалдар)
1 жүргізуші
Кешіміздің соңғы сәті таяп қалды
Ал, қазір әділ қазылар сөз алады
Кешіміздің жеңімпаздарын анықтап
Мақтау қағаз, сыйлықтарын тапсырады.