Алматы қаласы  Жетісу ауданы

№57 жалпы білім беретін мектебі

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

МЫРЗАҒАЛИ  АЙНҰР  ҚАЙЫРБЕКҚЫЗЫ 

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: қазақ тіліндегі  сөйлем мүшелерінің  түрлерін ажырата білуге үйрету, логикалық ойлау қабілетін, сөйлеу мәдениетін дамыту, тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, сауатты жазуға төселдіру.

Дамытушылығы: оқушылардың  ойлау қабілетін дамыту арқылы  өздігінен ізденуге, сөйлем мүшелерінің   ерекшеліктерін анықтап, еркін талдау жасай білуге дағдыландыру, топтық тапсырмалармен  жұмыс істеуге машықтандыру, оқушылардың сөздік қорларын молайтып, сөйлеу қабілеттерін арттыру, шығармашылық ізденіске баулу, танымдық ой-өрісін дамыту.

Тәрбиелігі: оқушылардың  жалпы тұлғалық,  әдеби-мәдени  деңгейін көтеру, қазақ елінің тарихы мен мәдениетін мен ұлттық ерекшелігін  құрметтеуге тәрбиелеу, оқушылардың патриотық сезімі мен  туған жерге деген сүйіспеншіліктерін  арттыру, эстетикалық  дүниетанымын  қалыптастыру.

Сабақтың түрі:  аралас сабақ

Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру, іздендіру, талдау, топтық жұмыс  т.б.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, презентациялық слайдтар, үлестірмелі парақшалар, кестелер, мультимедиялық презентация, DVD диск;

Пәнаралық  байланысы: әдебиет, тарих, орыс тілі, ағылшын тілі, өзін-өзі тану.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі:

— сәлемдесу;

— Қазақстан  Республикасының  Мемлекеттік   Гимнін  орындау;

— оқушылардың  назарын сабаққа  аудару.

І .   Ұйымдастыру кезеңі.

-Оқушылармен сәлемдесу.

Оқушылардың  өзіндік көзқарасы мен сенімділігін қалыптастыруда, өзін-өзі танып білуде  «Шаттық шеңберін»  жасау.

-Қайырлы күн, балалар!

«Жақсы қыз – жағадағы құндыз, жақсы ұл- аспандағы жұлдыз»,- деп бекер айтылмаған. Олай болса,қанеки, бәріміз шаттық шеңберіне жиналып, бүгінгі сабақта бір-бірімізге  жүрегімізден шыққан жақсы лебіздерді айтып, қуаныш сыйлап көрейікші! Ол үшін бір-бірлеріңіздің қолдарыңыздан ұстап, алақан арқылы жылылықты  сезе отырып, жылы лебіздер білдірейік.

-Ал, балалар, бүгінгі сабағымыз қызықты өтсін.

(оқушылар  жүректен шыққан  өз лебіздері мен ізгі ниеттерін білдіреді.

Сабақты толық жүктеңіз

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *