Миргуль Сактанбаева
Сабақтың тақырыбы: АХМЕТ ЖҰБАНОВ
Сабақтың мақсаты:Тақырыпты ашу. Оқушылардың қызығушылығын арттыру.
Сабақтың міндеті:
А) Білімділік:Қазақ музыкасының ең биік тұлғасы – Ахмет Қуанұлы Жұбановтың өмірі мен шығармашылығы туралы қысқаша мәлімет беру. “Ақ көгершін” әні.
Ә) Дамытушылық:Оқушылардың танымдық іс-әрекетін дамыту, ән иірімдерін дұрыс ести білу, мелодиялық ерекшеліктерін сезіну қабілеттерін дамыту, әнді дұрыс орындауға машықтандыру.
Б) Тәрбиелілік:Әнді тыңдату, айту арқылы рухани адамгершілікке, өз ісіне сенімі мол, еңбекқор, мейрімді, өнерлі, заманына сай тұлғаны тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Ашық сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: әңгімелесу, кубизм әдісі
сұрақ-жауап
Сабақтың пәнаралық байланысы: Тарих, өнер,бейнелеу.
Сабақтың көрнекі-құралдары:интерактивті тақта, саз аспатары
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен сәлемдесіп, сыныпты түгелдеу.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Оқушылардың назарын сабаққа аударып, сабақтың ерекшелігі мен мақсатын таныстыру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
IV. Жаңа тақырыпты меңгерту.
Ахмет Жұбанов (1906-1968) — композитор, дирижер, музыкатанушы, этнограф, ҚазССР-нің халық артисі, өнертану ғылымының докторы, ҚазССР ҒА-ның академигі, ҚазССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.1932 ж. Ленинград консерваториясының тарихи теориялық факультетін бітірген. 1932-1933 жж..- өнертану Академиясының аспиранты. 1934 ж. қазақтың халық аспаптары оркестрін ұйымдастырды (қазіргі Құрманғазы атындағы қазақтың мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрі). Жұбанов Алматы мемлекеттік консерваториясын басқарды, оған Жамбыл атындағы қазақтың мемлекеттік филармониясын ашу миссиясы жүктелді. Ол республикалық Ғылым Академиясының негізін салушылардың бірі, кейін М.О.Әуезов атындағы өнер мен әдебиет институтыныҢ құрамына енген өнертану секторын ұйымдастырды.
круто