Басы » Информатика » МS Word редакторында мәтіндік құжат құру, мәтінді пішімдеу

МS Word редакторында мәтіндік құжат құру, мәтінді пішімдеу

wordАтырау қаласы

И.Тайманов атындағы №27 орта мектебінің

инофрматика пәнінің мұғалімі

Дюсупова Асель Сагинтаевна

Сабақтың тақырыбы: МS Word редакторында мәтіндік құжат құру, мәтінді пішімдеу.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі:  МS Word редакторында мәтін жазу ережелерін, мәтін бөліктерін    ерекшелеу әдістерін, қаріптер көмегімен мәтінді пішімдеу  тәсілдерін үйрету.

Дамытушылығы: Мәтіндік процессорды жүктеуді, редакторда жұмыс істеуге дағдыландыру.

Тәрбиелігі:        Ұқыптылыққа, жинақылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, дәптер, дербес компьютер, слайдтар, интерактивті   тақта.

Сабақтың жүрісі:

І. Ұйымдастыру.

-студенттерді түгендеу

     -кабинет  тазалығына көңіл бөлу

-студенттердің  назарын сабаққа бөлу

 

ІІ. Үй тапсырмасы.

  1. Мәтіндік процессор дегеніміз не?

  2. МS Word редакторын қалай іске қосамыз?

  3. Мәтінді пішімдеу дегеніміз не?

  4. Редакциялау дегеніміз не?

 

                                  Теориялық шағын тест

 

ІІІ. Негізгі бөлім.

  1. Практикалық жұмыс  Деңгейлік тапсырмалар.

(Әр студентке  кеспе қағаз арқылы тапсырмалар орындалады)

Карточка № 1

Del. Backsrase пернелерін қолданып төмендегі мәтіндердің қателерін түзетіңіз.

Ақ нөсермен жуынған

Күн нұрына шомылған

     Көзді тартқан қырымнан

     Қалың орман солымда

 

Карточка № 2

Өлшемі 10 стилі курсив, ортасы бойынша туралау, қарпі Times New Roman.

 

Мәңгі бақи есте қалар

Ғажайып бір сайыс болсын

Білімдірек шәкірт озар,

Қиынырақ сұрақ болсын.

Карточка № 3

Өлшемі 11, стилі жартылай қарайтылған, қарпі Times New Roman, оң жақ шеті   бойынша туралау.

Желсіз түнде жарық ай,

Сәулесі суда дірілдеп

Ауылдың жаны терең сай,

Тасыған өлең гүрілдеп.

Карточка № 4

Өлшемі 16, стилі асты сызылған,қарпі Times New Roman, сол жақ шетке туралау.Пернетақтаны бірнеше тілмен жұмыс істейтін күйге келтіруге болады.Пернелер бірнеше блокқа бөлінеді.

Арманым  мен жырым қос ағын

Ақ құстар жолын тосамын

Сағыныш сазын жұбатқан

Қайдасын менің достарым

Карточка № 5

Мәтіндегі сөздерді қаріп түсі көк, фон түсі сарымен өзгертіңіз.

Білімнің ұшқырлығын танып сен,

Асып, тасып асықпа, қалыспа сен.

Уақыт деген зымырап зулап жатыр,

Шапшаңдылық бұл сайыста керек екен.

 

Карточка № 6

Өлшемі 11, стилі жартылай қарайтылған орта бойынша туралау.Қарпі  Arial Black

 

Бұл күнде жүрміз жырақта

Тап болып, талай сынаққа

Құстар боп қайтып оралмас

Жалынды жастық бірақта

Ү. Ой – қозғау. (үш оқушыға беріледі. Жұмбақты шешіп, жауабын кестеге айту керек)

Жұмбақтар

Тетігін бассаң алаңсыз,

Жазады қағаз – қаламсыз

 

Батырмасын басасың

Қажетті файлды ашасың

 

Тапсырыс бер, ас әзір,

Алдыңызда тұр . . .

 

ҮІ. Информатикалық диктант.

ҮІІ. Үйге тапсырма

Word  бағдарламасында өмірбаян жазып келу.

ҮІІІ. Оқушыларды бағалау.

 

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *