Сәтбаев қаласы
С.Сейфуллин атындағы гимназияның
жоғары санатты қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Бұқар Амангелді Оразұлы,
Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері
БЛУМ таксономиясына негізделген қысқа мерзімді жоспар |
||||
Сыныбы: 8 Пәні: қазақ әдебиеті Күні: 23.10.2014 жыл | ||||
Тақырыбы: Сайф Сарайидің «Түрікше Гүлстан» еңбегі | ||||
Мақсаты: автор жайлы мол мағлұмат алуына, мәтінді талдау арқылы тағылымын терең меңгеруіне жағдай жасалады; | ||||
елжандылық дәріптеледі, пәнге қызығушылығы артады. | ||||
Әдіс-тәсілдер: топтастыру әдісі, пікір-болжам, бағалау, сұрақ-жауап, СТО. | ||||
Ресурстар: постерлер, маркерлер, стикерлер, сызба-кесте, логикалық сұрақ-тапсырмалар. | ||||
Ұйымдастыру кезеңі | ||||
Шаттық шеңбері (әр топ орындарынан тұрып, өз тобына және өзге топтарға сәттілік тілейді) | ||||
Үй тапсырмасына шолу | ||||
Рабғузи хиссаларына жалпы шолу (тағылымдық мәні, зерттелуі, Лұқпан хакім әңгімелерінің тәрбиелік мәні) | ||||
Білімді жан-жақты тексеру | ||||
Қазақ әдебиеті өз бастауын ежелгі дәуір әдебиеті мұраларынан алатыны сөз болады. Н.Келімбетов жайлы бірер сөз. | ||||
Оқушыларды білімді саналы меңгеруге дайындау Сергіту сәті. Жаңа сабаққа қатысты болжам. (ойтүрткі) | ||||
«…Ертеде Түркістанды Тұран дескен…» Тұранның танымал тұлғалары турасында тобықтай түйін | ||||
Дініңді сатпа, Салтыңды сақта… Слайд «Сайф Сарайидің өмірі мен шығармашылығы» , Сағди мен Абай үндестігі | ||||
№ |
меңгерту межелері |
мұғалімнің іс-әрекеті |
қ а л ы п т а с т ы р у ш ы б а ғ а л а у |
оқушы іс-әрекеті |
1. білу |
Оқу материалын есте сақтау мен қайталау. Әр түрлі мазмұндағы ақпаратты (нақты фактілерден бүтін теорияларға дейін), яғни қажетті мәліметтерді есте сақтау. | Жұптық – топтық жұмыс: мәтінді оқып, талдау. Сарайидің өмірі, Алтын орда әдебиетінің ірі өкілі, ақындығы; «Түрікше Гүлстанды» Сағдиден аудару себебі; Абайдың шығыс ақындарынан медет тілеуі;
Нәзира дәстүрі; С.Сарайидің нақылдары, «Суһайл мен Гүлдерсін» шығармасы жайлы. (оқушылар топта бір-бірімен білгендерін бөліседі) |
нақты фактілерді келтіреді; әдістер мен жұмыстың орындалу ретін қайталайды; негізгі ұғымдарды есте сақтайды және қайталайды; ережелер мен қағидаларды жатқа келтіреді. |
|
2. түсіну |
Трансляция – яғни оқу материалын бір «тілден» екінші «тілге» ауыстыру (сөзбен келтірілген мәліметті кесте, схемамен көрсету не керісінше);
Интерпретация – оқу материалын “өз сөзімен” түсіндіру, қысқаша баяндау; Жорамалдау — оқу материалы бойынша әңгіменің әрі қарай не туралы болатындығын, оның салдары мен нәтижелерін болжау. |
Сайф Сарайдің өмірі, «Түрікше Гүлстан» еңбегі жөнінен оқығандары бойынша постер толтырады:
— І топ. Сайф Сарайи (өмірдерек) — ІІ топ. «Түрікше Гүлстан» еңбегіндегі 1-3 әңгімесі. — ІІІ топ. «Түрікше Гүлстан» еңбегіндегі 4-6 әңгімесі. — ІV топ. «Түрікше Гүлстан» еңбегіндегі 7-9 әңгімесі.
Ескерту. Әңгімелердің көлемі шағын болғандықтан, мазмұндап, түйінін айтуға болады. |
фактілерді, ережелерді, қағидаларды салыстырады, айырмашылығын көрсетеді; мысалдар келтіреді; сөзбен келтірілген материалды түрлендіреді, өзгертеді; берілген ақпарат бойынша болашақта туындауы ықтимал салдарын сипаттайды, болжайды. |
|
3. қолдану
|
Оқу материалын нақты жағдайда және мүлдем жаңа ситуацияда қолдануды меңзейді. Мұнда ережелерді, әдістерді, ұғымдарды, заңдарды, қағидаларды, теорияларды практикалық тұрғыдан қолдану кіреді. | Берілген тапсырма бойынша әр топ өз тақырыбын қорғайды. (өзге топтар тыңдап, соңынан сұрақ қояды)
«Түрікше Гүлстан» еңбегіндегі әңгімелерді бөлімдер бойынша мазмұндайды.
Қорғап болған соң, постерлерін тақтаға іледі, өзге топтар жұмысты стикерлер арқылы бағалайды. |
ұғымдар мен қағидаларды жаңа жағдайларда қолданады; заңдар мен теорияларды практикалық тұрғыдан нақты ситуацияларда қолданады; әдіс немесе жұмыс ретін дұрыс қолданатындығын көрсетеді. |
|
4. талдау |
Оқу материалының құрылымы анық көрінуі үшін оны құрамдас бөліктерге бөлу: бүтіннің бөліктерін ажырату; бүтіннің бөліктерінің арасындағы өзара байланыстарды анықтау; бүтіннің қалайша ұйымдастырылғандығын сезіну. | Әр топқа логикалық тапсырмалары бар парақ таратылып беріледі.
«Ғалымның өтініші» мәтінін оқып шық! Ойлан! Жауап бер! Дәлелде!
Сегіз әңгімені тақырыбына сай тиісінше сәйкестендір. |
жасырын (көзге көрінбейтін) жайттарды ашады; фактілер мен олардың салдарының арасын ажыратады; ұсынылған фактілердің маңыздылығын айқындайды. |
|
5. синтез |
Оқу материалының элементтерінен жаңашыл сипаттағы бүтінді (нәтижені) құрастыру. Жаңа нәтиже ретінде оқу материалдарын мүлдем өзгеше реттейтін хабарлама, жұмыс жоспары, схемаларды атауға болады. | Әр топ тапсырма бойынша берген өз жауаптарын дұрыс жауаппен салыстырады.
Шығармашылық жұмыс Дәптерге топ мүшелері өздеріне берілген әңгіме түйінін толықтырып, тарқатып жазады. (эссе)
|
шығармашылық тұрғыдан шығарма (эссе) жазады; қандай да болмасын проблеманы шешу үшін өз білімдерін шығармашылықпен қолданады. |
|
6.бағалау бағалау |
Оқу материалының маңызын анықтау, ол туралы өзіндік пікір келтіру,
ойын білдіру,таңдау жасап, шешім қабылдау. Мұнда шәкірттің пайымдаулары нақты дәлелдерге негізделуі керек: — ішкі – құрылымдық, логикалық тұрғыдан; — сыртқы – алдына қойылған мақсаттарға сәйкестігі тұрғысынан.
|
оқу материалы құрылымының логикасын жазбаша түрде бағалайды; маңыздылығын айқындайды; шешім, қорытындылардың берілген фактілерге сәйкестігін анықтайды. |
||
Бұл тақырыптан не түйдім? Мен үшін тағылымы неде? (ойтүйін) | ||||
Үй тапсырмасы: С.Сарайи нақылдары, «Суһайл мен Гүлдерсін» еңбегі; сұрақтар мен тапсырмалар (83-бет) | ||||
КЕРІ БАЙЛАНЫС: Көрсетілген үш түрлі смайликке сәйкес оқушылар сабақтан алған әсерін білдіреді. | ||||
Сын-ескертпе, мадақтау. Топтар өзара бір-бірін, яғни І топ ІІ топты, ІІ топ ІІІ топты, ІІІ топ І топты бағалайды. |
Сабақтың тапсырмалары
Ғалымның өтініші
Сайф шығармасының алғашқы беттерінің бірінде Сағдидің «Гүлстанын» түрік тіліне тәржіма жасауға себепші болған жайттарға қысқаша тоқталып өтеді: «Бір жолы мен роза гүлдері жайқалған бақ ішінде ойға жүйрік ғұлама ғалымдармен әңгімелесіп отыр едім. Біз сөз саптау, сөйлем құру мәселесін талқылап жатыр едік. Мен таңғажайып бәйіттер мен тамаша өлеңдер оқыдым. Сол сәтте әлгі ғалымдардың ішіндегі ақсақалы аруз өлшемімен жазылған бір қиын бәйіттің құрылысы туралы маған сауал қойды. Мен дереу жауап бердім. Сонда әлгі ғұлама:
— О, жат жұрттық қаламгер, мен саған бір жақсы кеңес бермекпін, егер сол кеңесімді қабыл алсаң жақсы болар еді,- деді.
— Айтыңыз,-дедім мен.
— Егер шейх Сағдидің «Гүлстанын» түркі тіліне аударып, оны бір бақытты жанға арнасаң, жақсы болар еді,-деді ғалым. Мен сол құрметті адамның бата іспеттес лебізін қабыл алып, оған былай дедім:
— Құдыреттім, құдай қаласа, айтқаныңыз орындалар, бірақ бойымнан күш-қуат қашқан шақта оның терең мән-мағынасын игеруге дәрменім жетер ме екен?
— О, жат жұрттық қаламгер, сені құдайдың өзі қолдайды.
Мен де жаратқанға жалбарынып белді бекем будым да, іске қызу кірісіп кеттім…».
Ойлан! Жауап бер! Дәлелде!
— С.Сарайидің Мысырға қоныс аударуына не себеп болды және қоныс аудармаса «Гүлстанды» жазар ма еді, жазбас па еді?
— Ғұлама ғалым не себепті С.Сарайиге ұсынды деп ойлайсыз?
— Сағдидің «Гүлстан» кітабын неше жасында аударған және аударудағы С.Сарайидің мақсаты не?
— «Гүлстанды» зерттеушілер жайлы білесің бе?
— С.Сарайи еңбекті қалай аударды?
— Назира үлгісі дегенді қалай түсінесің?
— «Түркіше Гүлстаннан» сен не ғибрат алдың? Сен үшін бұл ғибраттардың өмірде қаншалықты мәні бар?
«Гүлстанның» сегіз тарауын тиісінше сәйкестендір:
БІРІНШІ | КӘРІЛІКТІҢ АДАМДЫ КӘРІП ЕТІП ҚОЯТЫНЫ |
ЕКІНШІ | ТІЛГЕ САҚ БОЛУДЫҢ ПАЙДАСЫ |
ҮШІНШІ | ТӘЛІМ-ТӘРБИЕНІҢ ӘСЕРІ ЖАЙЫНДА |
ТӨРТІНШІ | ЕЛ БИЛЕУШІЛЕР ТУРАЛЫ |
БЕСІНШІ | ЖІГІТТІКТІҢ КӨРІНІСТЕРІ ХАҚЫНДА |
АЛТЫНШЫ | ӘҢГІМЕЛЕСУДЕГІ ӘДЕПТІЛІК ЖАЙЫНДА |
ЖЕТІНШІ | БҰҚАРА ХАЛЫҚ ЖАЙЫНДА |
СЕГІЗІНШІ | ҚАНАҒАТ-ЫНСАПТЫҢ ПАЙДАСЫ |
- Хижра бойынша 793 жылдың тамыз (шаввал) айында аударма жасап бітірген. Бұл жаңаша жыл санау бойынша, 1391 жылдың тамыз айы.