Басы » Физика » Физикалық шамалардың өлшем бірліктері тақырыбына эксперименттік есептер шығару

Физикалық шамалардың өлшем бірліктері тақырыбына эксперименттік есептер шығару

Атырау қаласы.И.Тайманов атындағы
№27 орта мектептің физика пәнінін мұғалімі

Жаниева Саулеш Багитовна
Сабақ тақырыбы: Физикалық шамалардың өлшем  бірліктері тақырыбына эксперименттік есептер шығару
Сабақ мақсаты:
Білімділік: Физикалық шамалардың  өлшем бірліктері  туралы түсінікті толықтыру
Дамытушылығы: физикалық шамалардың өлшем бірліктері туралы ұғымды дамыту
Тәрбиелігі: .оқушыларды еңбек сүйгіштікке баулу
Сабақ көрнекілігі:  экспериментке керекті құрал жабдықтар
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру.
ІІ. Өткенді қайталау.
ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Мектептен үйге дейінгі қашықтықты есептеу
ІҮ. Эксперименттік есептер
№14 есеп  (Р.Башарұлы. Ж.Бақынов)
Торкөз сызығы бар қағазға радиусы 4см шеңбер сызыңдар:

 

Алынған дөңгелектің ауданан шаршыларды санау тәсілімен есептеп шығарыңдар;
Дөңгелектің ауданын формула бойынша есептеп шығару;
Дөңгелектің ауданын формула бойынша алынған мәнді дәл мән деп, шаршыларды санау тәсілімен алынған нәтиженің абсолют қателігін тап
Шығарылуы:
Бүтін торкөздердің саны -174; ал жарты торкөздердің саны –(42:2)=21
Әр торкөздің ауданы S1 =0,5см∙ 0,5см=0,25см2
S= (174+21)∙0,25см2=48,75 см2
Дөңгелектің ауданы S=πR2=3,14∙4∙4см2=50,24 см2
Абсолюттік қателік ∆S=50,24 см2- 48,75 см2=1,49 см2=1,5 см2

№23(В.И. Лукашик есептер жинағы)
Бір тиындықтың бірнешеуін алып, оларды бір біріне қосып және миллиметрлік сызғышпен шыққан жиынтықтың қалыңдығын өлшеңдер. Бір тиындықтың қалыңдығын анықтаңдар. Қандай жағдайда бір тиындықтың қалыңдығы өте сапалы өлшенетін болады: аз санмен бе, әлде көп санмен бе?

Жауабы:Тиындардың санын п деп алайық.Егер өлшеуге алынған тиын саны 100 болса,өлшеу қателігі 1мм болады. Сонда өлшеу қателігі 1мм/п. Тиындықтың саны неғұрлым көп болса соғұрлым өлшеу дәл болады.

№34 (В.И. Лукашик есептер жинағы)
Мензурка, бытыра, су берілген жағдайда бір бытыраның көлемін қалай анықтауға болады?
Жауабы: Мензуркаға су құйып, оған 20 бтыра саламыз. Көрсетулердің айырмасы арқылы көлем табамыз да, 20-ға бөлеміз.
Ү. Үйге тапсырма беру.
Тік бұрышты параллелипипед пішінді сабынның көлемін анықтау.
ҮІ.Қорытындылау
[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *